Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20312 материал табылды

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Бірқатар кәсіпорындар кедергісіз жүріп-тұру үшін жалған анықтамалар жасаған

Елордада бірқатар кәсіпорындар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша кедергісіз жүріп-тұру үшін жалған анықтамалар жасаған. Кәсіпорын басшылары оларда жұмыс істемейтін азаматтарға анықтама берген. Тәртіпбұзушылық фактілерін полиция қызметкерлері планшеттегі электронды база арқылы тексеру кезінде анықтады. Барлық патрульдық қызметтер планшеттермен қамтылған. Тәртіпбұзушылар  жауапкершілікке, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Президент • 14 Сәуір, 2020

Президент Төтенше жағдайды ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасында Төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 14 Сәуір, 2020

Димаш Құдайбергеннің Жапониядағы концерті өтпейтін болды

Димаш Құдайберген Жапонияда мамыр айына жоспарланған концерті өтпейтін болды.

Қазақстан • 14 Сәуір, 2020

Мемлекет басшысы Бекет Махмұтовтың отбасына және туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі спорт қайраткері, даңқты бапкер Бекет Махмұтовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына және жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.  

Қазақстан • 14 Сәуір, 2020

Қазақстандықтарды Пасха мен Ораза кезінде карантиндік шараларды сақтауға шақырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Қазақстандағы Орыс Православ Шіркеуінің Митрополиттік Округтың Басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте барлық діндар азаматтарды төтенше жағдай шарттарына түсіністікпен қарауға және діни мерекелерді тойлау кезінде барлық карантиндік шараларды сақтауға шақырды. 

Президент • 14 Сәуір, 2020

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатыр. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарлады. 

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Атырау: Шекарадағы ауданға 20 тонна көкөніс жеткізілді

Махамбет ауданындағы «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының жетекшісі Владимир Розметов Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданына  20 тонна  көкөніс жіберді. Оның 15 тоннасы картоп, ал, 5 тоннасын пияз құрайды. Бұл өнімдер 19 ауылдық округтегі 49 елді-мекен тұрғындарына тегін беріледі.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 142-ге жетті

Нұр-Сұлтанда – 1, Ақтөбе облысында – 1, Қызылорда облысында – 1, Алматы облысында – 1 адам. Бұл туралы coronavirus2020.kz

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік көмекті 170 мыңға жуық адам алды

Елордада 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті 170 мыңға жуықтадам алды. 353 мың өтінім түсті. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина атап өткендей өтінімдердің арасында бір адамнан бірнеше рет келген, жиі қайталанатындары да бар.

Қазақстан • 14 Сәуір, 2020

Қазақ спортына өлшеусіз үлес қосқан Бекет Махмұтов өмірден өтті

Бүгін 81 жасында Қазақстан дзюдосына үлкен еңбегі сіңген майталман Бекет Сапабекұлы Махмұтов дүниеден өтті.