
Таным • 14 Сәуір, 2020
Бірде күздей шуақты, бірде қыстай қатты, бірде көктемдей құлпырған, бірде жаздай жайнаған өмірде қазақтың талай жақсы-жайсаңдарының көзін көріп, олармен ағалы-інілі сыйласып, жақын ғұмыр кештім. Сондай ерен азаматтардың бірегейі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үлкен ақын Кәкімбек Салықов. Көзі тірісінде талай биікті бағындырған тұғырлы тұлғаның елге жасаған қызметі, тіршілікте қалдырған ізі айқын. Ақынның «Бір ауыз сөз» атты өлеңі, оған жазылған тамаша әуезді әні есіме түсіп, абзал ағамыз туралы бір ауыз сөз айтуды жөн санадым.
Коронавирус • 13 Сәуір, 2020
Қазақстанда 112 адамнан коронавирус анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі 23:40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша елде 100-ден астам адамның вирус жұқтырғанын мәлімдеді.
Әлем • 13 Сәуір, 2020
Пластикті бірнеше сағатта өңдеп шығарады
The Gardian басылымының жазуынша, ғалымдар пластик көтелкелерді бірнеше ағаттың ішінде қайта пайдалануға болатындай етіп өңдеп шығаратын бактериалды фермент жасап шығарды.
Коронавирус • 13 Сәуір, 2020
COVID-19: Елімізде вирус жұқтырғандар саны 979-ға жетті
Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 979 адамға көбейді. Бүгін кешкі 22.00-дегі мәліметтер бойынша Нұр-Сұлтан қаласы – 257, Алматы қаласы – 172, Шымкент қаласы – 38, Ақмола облысы – 71, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 21, Атырау облысы – 59, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Жамбыл облысы – 46, Батыс Қазақстан облысы – 9, Қарағанды облысы – 76, Қостанай облысы – 3, Қызылорда облысы – 119, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 10, Солтүстік Қазақстан облысы – 26 және Түркістан облысында 43 адам індет жұқтырды.
Руханият • 13 Сәуір, 2020
«Карантиндегі жұлдыздар»: Нұрлан Абдуллин онлайн концерт беріп жатыр
«Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Нұрлан Абдуллин онлайн концерт беріп жатыр.
Елорда • 13 Сәуір, 2020
Елорда тұрғындары коронавирусқа жедел-тесттен тегін өте алады
Қазіргідей төтенше жағдай кезеңінде еліміз ерекше жұмыс режиміне көшті. Коронавирус инфекциясымен күресу үшін қаржылық қолдауды қажет ететін кешенді шаралар енгізіліп жатыр. Өздеріңізге белгілі, қаржыландыру Үкімет резервінен жүргізілуде.
Қоғам • 13 Сәуір, 2020
Атырау: Интернат балаларын ұрып-соққан тәрбиешілерге қатысты тергеу аяқталды
7 сәуірде Атырау қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы мүгедек балаларды ұрып-соққан тәрбиешілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті. Сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысқаннан кейін ол құжаттар сотқа жіберілетін болады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2020
Атырау: 50 065 адамға 42 500 теңгенің әлеуметтік төлемі тағайындалды
Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметттік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлфия Төлеғариеваның мәлім етуінше, 50 065 адамға 42 500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік төлем тағайындалған.
Қоғам • 13 Сәуір, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорларды іздестірудің тиімділігін арттырды
Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген азаматтарды іздеу – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының маңызды бағыты. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары фигуранттарының басым бөлігі ұры, қарақшы және т.б. секілді қылмыскерлер тобырынан сапалық жағынан ерекшеленеді. Ауқымды іскерлік байланыстар мен қомақты қаржылық мүмкіндіктер оларға «қашу жоспарын» бүге-шігесіне дейін ойластырып, кейін оны іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 13 Сәуір, 2020
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады
14 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында.