Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20312 материал табылды

Медицина • 12 Сәуір, 2020

Кей өңірде карантиндік нысандарда жүрген медқызметкерлердің жұмыстан кейін демалуына жағдай жасалмаған

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Коронавирус • 12 Сәуір, 2020

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 жағдай тіркелді

12 сәуір күнгі сағат 9:30-дағы індеттің таралу жағдайы белгілі болды. Бұл туралы сoronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Руханият • 11 Сәуір, 2020

«Карантиндегі жұлдыздар»: Бүгін Ерлан Рысқали мен Ақерке Тәжібаева онлайн концерт береді

«Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында бүгін Ерлан Рысқали мен Ақерке Тәжібаева онлайн концерт береді. Күнде кешкі уақытта сіздер талантты әншілерімізді тыңдап, керемет инструменталдық орындаушылық өнерін тамашалай аласыздар. Концерт онлайн режиміде өтеді. Әрбір қазақстандық сүйікті жұлдыздарын тыңдап, көріп қана қоймай, олармен тікелей эфирде тілдесе де алады.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Атырау: Бұзақы жігіт 20 күнге қамауға алынды

Әлеуметтік желіде тараған ер адамның супермаркетте бұзақылық жасағаны туралы видео тарады. Мас жігіт касса жанында ілулі тұрған  витринаға шығып алған. Бұзақы онымен қоймай, витринаны әрлі-берлі қозғап, тіпті «милиция» шақыруды талап еткен.

Білім • 11 Сәуір, 2020

Атырау: Үш оқушы Назарбаев университетінің грантына ие болды

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары  Дулат Уәлиев, Айнұр Хамитова және Дамир Тәжиев Назарбаев  университетінің оқу грантын иеленді. Олар аталған оқу орнының  инженерия және цифрлық ғылымдар факультетін таңдапты.  Дарынды оқушылар бұл мүмкіндікке халықаралық академиялық бағалау емтиханының (SAT) қорытындысымен ие болған.  

Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Алматы облысындағы блокпосттар жұмысын күшейтілген режимде жалғастыра береді

Елдегі төтенше жағдайдың сәуірдің аяғына дейін созылуына орай Алматы облысындағы блокпосттар күшейтілген режимде жұмыс істеуін жалғастырады.

Коронавирус • 11 Сәуір, 2020

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 79-ға жетті

Соңғы дерек бойынша тағы 11 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.

Президент • 11 Сәуір, 2020

Мемлекет басшысы Джек Маға гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдірді

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Атырау: Жанбайдың 4 тұрғыны 3 тәулікке қамалды

Жанбай – Исатай ауданындағы ірі елді мекен. Төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан, осы ауылдың 4 тұрғыны түнгі мезгілде аудан орталығына барған.  Бұл олардың 3 тәулікке қамалып қалуына басты себеп болып отыр.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Атырау: Мас әйел 371 мың теңге айыппұл арқалады

- Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Әкімшілік құқықбұзушылық туарлы Кодекстің 608-бабының 8-бөлігі және 476-бабының 6-тармағымен азаматша А.Ж.-ға қатысты әкімшілік істер қаралды. Сотта анықталғандай, оның көлік құралын басқару құқығы болмаған. Алайда, 2020 жылдың сәуір айында түнгі уақытта алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарған. Құқық қорғаушылармен оның әрекеті көлік құралын масаң күйде басқару және төтенше жағдай режимін бұзу деп дәрежеленген, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.