
Аймақтар • 08 Сәуір, 2020
Атырау: «Теңіз» кенішінде жұмысшы коронавирус жұқтырды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты мердігер мекеменің бірінде жұмыс істейтін 50 жастағы әйелден жұқпалы індет белгісі табылды. Ол осындағы «Ватернас» вахталық қалашығында тұрады екен.
Тағайындау • 08 Сәуір, 2020
Серік Сүлейменов Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 08 Сәуір, 2020
Мемлекет басшысы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Президенті АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл турлы Ақорда хабарлады.
Қоғам • 08 Сәуір, 2020
Бауыржан Байбек Елбасы бастамасына қолдау білдірген меценаттарға алғыс айтты
Елбасының тапсырмасы бойынша, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» акциясы аясында Nur Otan партиясы мен Тұңғыш Президент қоры коронавируспен күрес жағдайында тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға қаржы бөлген еді. Меценаттар, кәсіпкерлер мен белсенді азаматтардың қолдауының арқасында еліміздің барлық аймақтарында бүгінге дейін 30 мың отбасыға, оның ішінде жалғызбасты қарттарға, ерекше қажеттілігі бар және т.б. азаматтарға көмек көрсетілді. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек facebook-парақшасында жазды.
Парламент • 08 Сәуір, 2020
Мәжіліс сайлау және саяси партияларға қатысты заң жобаларын талқылауды бастады
«Парламент Мәжілісіне Конституциялық заң жобасы келіп түсті. Бұл заң жобасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді» деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров палатаның жалпы отырысында.
Парламент • 08 Сәуір, 2020
Нұрлан Нығматулин Елбасы мақаласына қатысты пікір білдірді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялаған мақаласына қатысты пікір білдірді.
Әлем • 08 Сәуір, 2020
Қытай: Уханьда карантин аяқталды
Уханьда көліктер ақылы автомобиль магистральдары арқылы шығу бекеттерінде кезек орнатып, жолаушылар пойызға отырып, қаладан кетуге асығып жатыр. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Бокс • 08 Сәуір, 2020
Бүгін Геннадий Головкиннің туған күні
Бүгін танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің туған күні, 38 жасқа толды.
Елбасы • 08 Сәуір, 2020
Елбасы халықты арзан әңгімелерге еруден сақ болуға шақырды
Еліміздің тұңғыш Президенті «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі нөмірінде жарияланған мақаласында дүниежүзіне ауыртпашылық түсірген індетті халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында жеңіп шығатынымызды айтты.
Елбасы • 08 Сәуір, 2020
Ұлттық қор мен алтын-валюта қорында $90 млрд-тан астам қаражат бар
Елбасы «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған мақаласында Үкімет пен жергілікті атқару органдарына уақытша қиындықтан шығуға барлық күш-қуатты жұмылдыру қажет екенін баса айтты.