
Қазақстан • 03 Сәуір, 2020
COVID-19 пандемиясына байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдай күрделенген кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық пен кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қолдау мақсатында жасаған мәлімдемесінің маңызы өте зор.
Қоғам • 03 Сәуір, 2020
Бүгінгідей қысылтаяң тұста ел ішінде індет етек алып кетпеу үшін мемлекет қыруар күш жұмсап, көптеген шара қабылдап жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осыған қатысты мәлімдемесі мені де бейжай қалдырған жоқ.
Парламент • 03 Сәуір, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы тікелей эфирде жасаған мәлімдемесінен еліміздегі төтенше жағдай және экономикалық-әлеуметтік саладағы дағдарыс қарсаңында қабылданған іс-шаралар жоспарына қанықтық.
Қоғам • 03 Сәуір, 2020
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Президентінің мәлімдемесін іске асыру жөніндегі үндеуі
Құрметті халайық! 31 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына азаматтарды және бизнесті қолдау жөніндегі одан арғы қадамдар туралы мәлімдеме жасады. Бұл Үндеу мұнай бағасы мен коронавирус пандемиясы әсерінен туындаған әлемдік экономикалық турбуленттіліктің бұрын-соңды болмаған күрделі жағдайында айтылды.
Қоғам • 03 Сәуір, 2020
5 миллион маска тегін жеткізіледі
Президент жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысы негізінде, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры, қазақстандық «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен 5 миллион маска алуға келісім жасады.
Үкімет • 03 Сәуір, 2020
Тығырықтан шығаратын тың шешімдер
Бүкіл әлемді дүрбелеңге салған пандемияның денсаулыққа, адам өміріне төндіретін қауіпінен бөлек тұрмыс-тіршілікке, экономикаға соққысы оңай болмай жатыр. Тығырықтан шығатын жолды ертерек қарастырған ел ғана дағдарысты жағдайдан аман шығуы мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мәлімдемесінің өзегі де осы.
Парламент • 03 Сәуір, 2020
Шынын айту керек, коронавирус салған лаң елдің сенімін әрі-сәрі еткені белгілі. Жұрт басының амандығымен әуре болып, енді әлеуметтік көмектер азайып, жеңілдіктер болмайды деп ойлап қалғаны да рас.
Абай • 03 Сәуір, 2020
Хакім Абай індетпен қалай күресті?
– Бұ қалаға жаман науқас кепті. – Құдай ұрған іш ауруы. – Ар жақ-бер жақтан күнде әлденеше адам өліп жатыр. – Мәлік келгендей. Шыбындай қырылып жатыр. – Аты не дейді? Адам естімеген қу науқас бір. Жұрт қашып жатыр қаладан... Бұл – М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді. Дәлірегі, романның «Түн-түнекте» тарауында Абай заманында тараған індет жайлы айтылады.
Экономика • 03 Сәуір, 2020
120 млн тонна көмір өндіру жоспарланды
Еліміздің көмір өндіруші компаниялары ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 18,3 млн тонна көмір өндірді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 10,4 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 936,8 мың тонна көмір жеткізілді. Ал коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 1,4 млн тонна көмір жөнелтілді. Сонымен қатар экспортқа 4,6 млн тонна көмір жіберілді.
Қоғам • 02 Сәуір, 2020
Айдос Сарым мен Ерлан Саиров «Birgemiz» қоры қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді
Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавирусқа қарсы күрес жағдайында мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.