
Коронавирус • 17 Наурыз, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13-ке жетті
Алматы қаласы бойынша тағы үш науқас тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 17 Наурыз, 2020
Ұлттық Академиялық кітапхана «Айттым сәлем, Қаламқас» атты хакім Абайдың әндерінен жаңа акция ұйымдастырды. Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері елордадағы «Шапағат» коммуналдық базарына арнайы барып, ақынның елге әйгілі әндерін орындады.
Тарих • 17 Наурыз, 2020
Қамзиннің «Алтын Жұлдызы» Қазақстанға қашан қайтарылады?
Соңғы жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты тың деректер мен құжаттар бұрынғы кеңестік елдердегі архивтерден табылып, толықтырылуда. Алайда, біз батырларымыздың мұрасын толық түгендеп болғанымыз жоқ. Осы орайда сөз қозғағанда Кеңес Одағының Батыры, небәрі 24 жасында майданда мерт болған Қанаш Қамзинге тиесілі мұраның Мәскеуде жатқаны қынжылтпай қоймайды.
Руханият • 17 Наурыз, 2020
Қара жердің бояуы қалпына келгенде қыс бойы жиған асығын далаға ала шығатын ауыл қара домалақтарының құлағы өте сақ келеді. Алыстан құстың сайрағаны жетсе асығын тастай сала алқына шабатын әдеті. Қалтасына бір уыс бидай толтырып алған олардың сарыла күткені – сарыбауыр наурызек. «Балам, жылқышы құсты көрген адамның жолы болады. Оны алғаш көргенде жем шаш», деп үйден шығарда айтқан ана сөзі ойға салмақ, көңілге демеу. Үлкендер бақыт құсына балайтын сол бір тіршілік иесін көруге құштар бала біткеннің бар арманы бүгінгі ойындағы ұтысы-тұғын. Оның ішінде біз де бармыз.
Тарих • 17 Наурыз, 2020
...Биыл Шыңғыс ханның Отырарды шапқанына, әлемдік тарихқа «Отырар ойраны» деген атпен енген ұлы шайқасқа – 800 жыл. Шыңғыс хан әскері Отырар қаласын 1219 жылдың қыркүйегінде қоршауға алып, 1220 жылдың ақпан айының соңында жермен-жексен еткен дейді аппақ сақалы кіндігіне түскен қария-тарих.
Тарих • 17 Наурыз, 2020
Сарайшықтың 1741 жылғы жоспары табылды
Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының «Архив-2025» жобасы аясында 2019 жылы Мәскеу қаласына жасаған археографиялық іссапары барысында Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінен Сарайшық қалашығының түпнұсқалық топографиялық жоспары табылды. Бұрын-соңды жарық көрмеген және зерттеушілер назарынан тыс қалған құжат «План городу Сарайчик в Яика Гурьев городка в верх по реке Яик верстах в 60 снят прошлого 741 году» деп аталады.
Өнер • 17 Наурыз, 2020
Сахнаны дүбірлеткен саунд-драма
Қазақ әдебиетіндегі, оның ішіндегі батырлар жырларындағы, эпостық дастандар мен поэмалардағы басты кейіпкерлердің һәм батырлардың, сол сияқты тарихи тұлғалардың қасында өмірлік серігіне айналған тұлпарларының болғандығы белгілі. Бұған Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Қамбардың Қарақасқасы, Абылай ханның аңыз болған Көкбалағы, Кенесарының Ақтаңгері тәрізді т.б. иесін жауға тастамаған қасиетті сәйгүліктер дәлел бола алады.
Саясат • 17 Наурыз, 2020
Коронавирус қауіпсіздікті нығайтуды талап етеді
Коронавирус инфекциясының жер жүзіне өте жылдам қарқынмен таралуы әлем жұртшылығын қатты алаңдатып отыр. Оның үстіне аурудың асқынуынан қайтыс болғандардың саны өсе түскені де ешкімді бей жай қалдырмайды. Бұл жаһандық дертке айналып тұр. Ендігі жерде алаңсыз, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтамай болмайтынын ұғындырып отыр.
Таным • 17 Наурыз, 2020
Жеңістің 75 жылдығы жақындаған сайын соғыста шейіт болған, болмаса аман-есен келіп қоғамның адал енбеккері болған адамдары туралы естеліктер жиі айтыла бастады. Бұл тәрбиелік мәні бар жақсы нышан деп білемін. Жақында ағайынымның үйінде болғанымда, жақсы бір үрдістің үстінен түстім.
Коронавирус • 16 Наурыз, 2020
Halyk Bank бүгінгі күні қатерлі індетпен тікелей күресіп жатқан отандық медициналық қызметкерлерді қаржылай қолдау үшін 100 миллион теңге көлемінде қаражат бөлетіні жайлы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.