
Елбасы • 13 Наурыз, 2020
Пәкістан Ислам Республикасының астанасы Исламабад қаласында өткен Конфессияаралық диалог және ұлттық бірлік жөніндегі халықаралық конференцияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мемлекетке және қоғамға сіңірген қызметтері үшін» беделді Халықаралық марапаты берілді.
Қазақстан • 13 Наурыз, 2020
«Келешегі жоқ ауыл» болмауы керек
Мен мансап иесі болған емеспін, еңбек көрігінде шыңдалған адаммын. Екі қоғамда да ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қостым.
Абай • 13 Наурыз, 2020
Ақиқатқа сараң қоғамда ағынан ақтарыла айтқың-ақ келеді. Айтасың да?! Кім-кімге қақпақ болғандай... Үстел үстінде үзеңгі бауың үзілердей шірене гөй-гөйлейсің?! Сыртыңды сынайсың, ішіңді мінейсің. Сөйтесің де айналаңа аңтарыла қарайсың. Тілің – тәуір, тірлігің – кәуір. Осы қазақтың сөзуарлығына дауа бар ма? Көргеніне емес, естігеніне иланатын елдің әдетіне жорисың-ау онысын тағы! Жазалайын десең, жалғызың. Опа бермес істің илеуіне түсіп, қарекет етерде қара басып қалатыны несі, бізді? Сондай да «қара шалдың қабағына бір қарасашы» деп нұқып жібергің-ақ келеді?!
Абай • 13 Наурыз, 2020
Асылында, Абайды тану: «Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы-соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!», – деген төрт жол өлеңнің мән-мағынасын танып-түсінуден басталатын сияқты.
Қоғам • 13 Наурыз, 2020
«Болон» болашағымызға балта шауып жатқан жоқ па?
Елінің ертеңін ойлаған ел алдымен болашағына қызмет етеді. Кезінде ұлт көсемі А.Байтұрсынұлының «Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін» деуінде үлкен ой жатыр. Тәуелсіздік алғанға дейін бізде ұлттық білім, ұлттық тәрбие беру жүйесі орыстық сипатта қалыптасты деуге болады.
Үкімет • 12 Наурыз, 2020
Шұғыл әрекет ету штабы өңірлердің әкімдерін тыңдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған республикалық Шұғыл әрекет ету штабының екінші отырысы селекторлық режимде өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 12 Наурыз, 2020
Димаштың Киевтегі концерті қалай өтті?
Жарқын жүздер, көпшілік хор, сүйікті әншілерімен қосыла ән шырқау, ұрандар жазылған плакаттар мен түрлі елдердің жалаулары, тіпті біреулері қуаныштан көз жасына ерік берген. Украинаның астанасы Киев қаласындағы «Arnau Tour»-дың кезекті концертінде осындай көрініс. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.
Қоғам • 12 Наурыз, 2020
Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу нәтижелері талқыланды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Бұқановамен кездесті. Жиын барысында бағдарламаның іске асырылу нәтижелері мен алдағы жұмыстың басым бағыттары қаралды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 12 Наурыз, 2020
Электрондық еңбек биржасында 5 мыңнан астам бос жұмыс орны бар
Елорданың жұмыспен қамту орталығы «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталы арқылы бос жұмыс орындарын толықтыру, ізденушілерге жұмыс орнын қарастыру бойынша жұмыс берушілермен бірлесе қызмет етеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 12 Наурыз, 2020
Елордалық балаларға арналған тегін жолақы жайында нені білген жөн?
28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында тұратын және оқитын 7-18 жас аралығындағы балалар көлік картасы арқылы қалалық, экспресс және қала маңындағы бағдарларда тегін жүре алады. Енгізілген жеңілдікті пайдалану шарттарын CTS баспасөз қызметі түсіндірді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.