Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20312 материал табылды

Қазақстан • 10 Наурыз, 2020

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ірі сауда орталығы салынады

Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының құрылысы басталады. Бұл жайында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында жазды.

Елбасы • 10 Наурыз, 2020

Елбасы Мәскеудегі «Н.Назарбаев - еуразиялық интеграцияның сәулетшісі» көрмесіне қатысады

Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей астанасына келді.

Үкімет • 10 Наурыз, 2020

Республикалық жедел әрекет ету штабының алғашқы отырысы өтті

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған республикалық Жедел әрекет ету штабының алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 10 Наурыз, 2020

Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» клубы сапындағы алғашқы голын соқты (видео)

Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» клубының сапында алғашқы гол салды.

Президент • 10 Наурыз, 2020

Президент әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын көтеруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы • 10 Наурыз, 2020

Елбасы іс-сапармен Ресейге барды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сапармен Ресей Федерациясына барды.

Парламент • 10 Наурыз, 2020

Д.Назарбаева: Басты міндет - халықты толғандыратын мәселелерді шешу

Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Бюро отырысы болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Наурыз, 2020

Қазақстан Германия, Испания және Франциядан келушілерге кіруге тыйым салады

Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин коронавирус індеті кең таралған ел азаматтарына Қазақстанға кіруге мүлдем тыйым салынғанын айтты.

Спорт • 10 Наурыз, 2020

Коронавирус: УЕФА еурокубок ойындарын тоқтатуы мүмкін

Еуропа футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) басшылығы коронавирусқа байланысты Чемпиондар лигасының және Еуропа лигасының матчтарын өткізуді тоқтату нұсқасын қарастыруда. Бұл туралы ағылшынның The Sun басылымы Catalunya Radioға сілтеме жасап хабарлады.

Қоғам • 10 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтанда қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиі талқыланды

Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ғылыми-практикалық орталығында Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орындары ғалымдары және кәсіптік-техникалық ұйымдары оқытушыларының қатысуымен қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру мәселесі талқыланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.