
Абай • 05 Наурыз, 2020
Абай шығармаларындағы тәрбие сипаты
Тәрбие берудің ең көрнекті құралының бірі, амал-тәсілі әдебиет үлгілері, көркем шығармалар болған. Онда көрініс табатын авторлық суреттемелер, жасалған образдар оқырманды ойға жетелейді, түрлі әсерге бөлейді. Тағылымдық, танымдық қасиеттер бой көрсетеді. Бұл орайда өзінің ағартушылық мақсатына сәйкес әдеби шығармаға тәрбие құралы ретінде қалам тартқан Абай өнегесі орасан зор. Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады, саналылыққа тәрбиелейді. Бұл құндылықтар дарынды ақынның сөз шеберлігі, даналық ойлары, парасаттылығы арқылы ерекше сұлуланып, өзгеше биікке көтерілген. Өр ұғым, өр қағида бүкіл адамзаттың жүрегіне жол тауып, есінде мәңгі сақталатындай қалыпқа келген.
Әлем • 04 Наурыз, 2020
Оңтүстік Корея: Зауыттағы жарылыстан 56 адам жарақаттанды
Сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның Сеосан қаласындағы Lotte Chemical Corp зауытында болған жарылыс салдарынан 56 адам жарақат алды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2020
Қазақ тіліне дубляждалған «Алға» фильмі көрерменге жол тартты
Елордада ана тілімізге дубляждалған «Алға» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Disney/Pixar студиясының мультипликациялық фильмі, осымен «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждаған 34-ші туынды болып отыр.
Әлем • 04 Наурыз, 2020
Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтан коронавирус табылған жоқ
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2020
Медициналық маскалардың қалдығы 1 миллионға жуық бірлікті құрайды
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанда медициналық маскаларды өндіру мен пайдалануға арналған баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2020
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қызметі талқыланды
Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және спорт вице-министрі, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» директорлар кеңесінің төрағасы Нұрқиса Дәуешевтің, Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітованың және «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрайымы Гүлнар Сәрсенованың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қызметі және міндеттері туралы айтылды.
Тағайындау • 04 Наурыз, 2020
Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып Мәлгаждар Тәткеев тағайындалды
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың 2020 жылғы 2 наурыздағы өкіміммен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша Мәлгаждар Саттарұлы Тәткеев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2020
Биыл аса зиянды организмдер 3,7 млн га алқапқа таралуы мүмкін
2020 жылы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ деректері бойынша Қазақстанда аса қауіпті зиянды организмдердің 3,7 млн гектар алқапта таралуы мүмкін. Оның ішінде астық дақылдарының аурулары 1,4 мың гектарда, үйірлі шегіртке зиянкестері 553 мың га, астықтың сұр көбелегі 652 мың га, гессен шыбыны, зиянды бақашық, астық қоңызы, мақта көбелегі, өрмекші кене, колорадо қоңызы және тышқан тәріздес кеміргіштер 142,4 мың га жерді зақымдауы мүмкін. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 04 Наурыз, 2020
Шайбалы хоккейден Швейцариядағы әлем чемпионаты өтпеуі мүмкін
Мамыр айында Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында өтуі тиіс шайбалы хоккейден ерлер арасындағы әлем чемпионаты коронавирус қаупіне байланысты өтпей қалуы мүмкін. Бұл туралы IIHF вице-президенті Калерво Куммола мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Сенаторлар медициналық қызметтердің бағасын белгілеу мәселесін көтерді
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен кездесті. Жүздесуде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерге баға белгілеу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.