Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20379 материал табылды

Қазақстан • 03 Наурыз, 2020

«Тәтті бизнестің» табысын қалай арттыруға болады?

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, биология ғылымының докторы Әділхан Мәуи елімізде қант қызылшасы егістігін ұлғайтып, өнімнің түсімін арттырудың тың жолдарын ұсынды.

Әлем • 03 Наурыз, 2020

Индонезияда екі адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

Индонезия президенті Джоко Видодо дүйсенбі күні елде екі адамнан коронавирус табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.

Қазақстан • 03 Наурыз, 2020

Су тасқынына дайындық: Автожолдардың 400-ге жуық қауіпті учаскесі бақылауға алынды

Су басу қаупін уақытылы алдын алу және жою мақсатында Қазақстан Республикасының ИИДМ автомобиль жолдарын көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау шараларын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда Автомобиль жолдары комитетінің бақылауына су басу қаупі төніп тұрған 464 жол учаскесі, 66 көпір мен 852 су өткізгіш құбыр алынған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 03 Наурыз, 2020

Елімізде азық-түлік тауарларының бағасы 8,6% өсті

Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 8,6% өсті. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

Әлем • 03 Наурыз, 2020

Бразилияда кеме апатынан 18 адам қаза тапты

Бразилияның солтүстігіндегі Амапа штатында жолаушылар тасымалдайтын «Анна-Каролина III» кемесі аударылып,18 адам қаза болды. Бұл туралы globo.com хабарлады.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Елорда әкімі Алтай Көлгінов балалар үйінің түлектерімен кездесті

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрғын үй кезегінде тұрған балалар үйінің түлектерімен кездесті. Әкімнің жеке қабылдауында әр адам өзін толғандырған мәселесін айтты. Тұрғын үй мәселелерін, қосымша білім мен медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу, біліктілікті арттыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 03 Наурыз, 2020

2020 жылғы қаңтар-ақпанда елімізде инфляция 1,3% құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда (2020 жылғы ақпан 2019 жылғы желтоқсанға) – 1,9%, азық-түлік емес тауарларына – 1%, ақылы қызметтерге 0,9% жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кино • 03 Наурыз, 2020

Болат байкенің «Ақ кемесі»

Болат байкенің әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» атты повесінің негізінде түсірген осы аттас фильмінің соңғы сахнасын қайталап көруге жүрегім дауаламайтын еді. Үлкендердің лас әрекеттері мен қатыгездігінен шошынып қашқан жеті жасар құйттай баланың аппақ жанымен тек ақ кеме ғана үндесе алар еді. Өзі өмір сүріп отырған орта – кішкене ғана қорықшылар үйі, айнала әсем табиғат оны қаншалықты еліктіріп сүйіндіргенімен, сол жерді мекендеген әр пенденің бақастығы, пендешілігі күштінің әлсізді жаншып, жасытқысы келіп тұратын әрекеттері – ол ортаны да лайлап жібергендей көретін. Содан жабыққан сәтте іргедегі көл үстінен өзінің ақ кемесін іздейтін. Ол ақ кемеде өзі жақсы көретін тамаша жан, ағеділ жан – әкесі матрос болып қызмет ететініне құдайдай сенетін... Ақ кеме іргеге тұмсық тіреп тоқтаған күні ақ көкесімен табысып, мына әбігер дүниені гүл жайнатуға асық-тын. Тіпті, қатты сағынғанда өзі-ақ балыққа айналып, демде жетіп барсам деп ойлайтын еді...

Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Бабалар мұрасы – бағалы сыйлық

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласында тарихи мұраларымызды кеңі­нен насихаттау мәселесіне ерекше мән бергені белгілі.

Абай • 03 Наурыз, 2020

«Артық ғылым кітапта...»

Ұлы Абайдың өмірі мен асыл мұра­сын насихаттау Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына орай өткен жылы жаңаша сипат алды. Мемлекет бас­шысының тікелей өзі қатысып, елі­мізде ғана емес, шетелде де қолдау тап­қан ақын өлеңдерін оқу акциясына алғаш­қы күннен бастап Ұлттық кітап­хана да белсене атсалысып келеді. Әсі­ресе біздің ұжымның өткен жылдың тамыз айында Афинада өткен Дүниежүзілік кітапханалық және ақпарат­тық конгресс аясында «Абай – Ұлы даланың ақыны» атты әдеби кеш ұйымдас­тырғанын атап айтар едім. Салтанатты шара еліміздің Грекиядағы елшісі А.Ю.Волковтың құттықтау сөзімен ашылды. Жиналғандар ұлы ақынның өмір жолы және асыл мұрасымен таныстырылып, экран арқылы арнайы көрсетілім (слайд-шоу) ұсынылды. Абай Құнанбайұлының әлем тілдеріндегі өлеңдері оқылып, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндері шырқалды. Грек елінің Ұлттық кітапханасының алтын қорына және қазақстандық елшілікке Абайдың 1909 жылғы тұңғыш жинағының көшірмелері мен ақын шығармашылығы жайындағы кітаптар сыйға тартылды.