
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Елорда әуежайында күшті желге байланысты 5 рейс тоқтатылды
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 6 рейс кешіктіріліп, 5 рейс тоқтатылды.
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Ерекше күтімдегі балаларды емханаға онлайн тіркеуге болады
Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары онлайн түрде ПМПК емханасына тіркеле алады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram каналында мәлімдеді.
Саясат • 27 Ақпан, 2020
Зейнетақы жинақтары 97 миллиард теңгеге көбейді
2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша барлық негізгі көрсеткіштер былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң сипатқа ие. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,9 триллион теңгені құрап, бір жыл ішінде 16 пайызға өсті. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Мүмкіндігі шектеулі жандар назардан тыс қалмайды
Бөрлі ауданында ерекше қажеттіліктері бар 1300-ден астам адам өмір сүреді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов Facebook парақшасында жазды.
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Елордалық Достық үйінде Алғыс күніне орай мерекелік шара өтеді
28 ақпан Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады .
Әлем • 27 Ақпан, 2020
Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 334 адам коронавирус жұқтырған
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 1595-ке жетті. Бір тәулікте елде 334 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Індеттен 12 адам қайтыс болған, 24-і емделген.
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Нұр-Сұлтан: Қар тазарту жұмыстарына 1605 жұмысшы тартылды
Ақпанның 26-нан 27-не қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1344 техника бірлігі мен 1000 жұмысшы жұмылдырылып, 24094 текше метр қар шығарылды (2008 рейс). Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Жауын-шашын мөлшерінің көп болуына байланысты қалада көктайғақ байқалады. Дабылды ескерту жарияланды. Коммуналдық қызметтер қарды тазалау жұмыстарын жалғастырып, көктайғақты болдырмау үшін тайғаққа қарсы қоспаны себу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 200 ассенизаторлық машина су жинауға шықты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2020
«Bek Air» компаниясының тексеру қорытындысы жарияланды
«Bek Air» компаниясына жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысы жарияланды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, компанияда әуе сапарын және ұшуға жарамдылықты ұйымдастыру, мұздауға қарсы өңдеу процедуралары, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің стандарттарына сәйкестігі, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік нормаларын сақтау тәртібі тексерілген.
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Еліміздің жеті облысында жол учаскесі жабылды
Елімізде жеті облыстағы 25 жол учаскесі жабылды. Атап айтқанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының барлық жолдары жол жабық. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.