
Қазақстан • 24 Ақпан, 2020
Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Саясат • 24 Ақпан, 2020
Қазіргі таңда қоғамда «Қазақстан Республикасындағы бейбіт кездесулерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының тұжырымдамасы қызу талқыланып жатыр. Бұған біз де белсенді араласып, сарапшылардың арнайы басын қосып, жаңадан қабылданатын заңға қатысты пікір-ұсыныстарымызды білдірдік. Өз ойымызды ғана ортаға салып қоймай, көпшіліктің үніне де назар аударып, сұрақтарына жауап бердік. Бұл үшін біздің жиын әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Оны 3 мыңнан аса адам тамашалап, 200-ден аса азамат пікірлерін жазып, сауалдарын жолдады.
Саясат • 24 Ақпан, 2020
Митинг туралы жаңа заң жобасында бірқатар маңызды мәселелер қарастырылған. Ол бейбіт жиналыс, митинг, пикет, жиналыс, демонстрация, шеру секілді ұғымдардың мәнін нақтылап, олардың айырмашылықтарын көрсетіп бермек.
Таным • 24 Ақпан, 2020
Ұлттық музейде «Суретшілер мен Целиноград. Тіршілік пен қала» атты көрме ашылды. Іс-шара қаланың айрықша мәдени естелік орны һәм тың өлкесіндегі кәсіби өнерге үлес қосқан тұлғаларға құрмет ретінде Целиноград қаласы Суретшілер одағы мүшелерінің (1961-1997 жж.) шығармашылығына арналған.
Таным • 24 Ақпан, 2020
Әлихан Бөкейхан: Санкт-Петербург және Самара іздері
(Соңы. Басы 36-нөмірде) Әлихан және татар элитасы Сөз басында Әлекеңнің аз уақыттың ішінде Самарадағы беделді тұлғалардың біріне айналғанын айтып өттік қой. Бұл тұста қалада татар ұлтының өкілдері көп еді. Мәселен, 1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының нәтижесінде Самарада 2803 татар өмір сүретіні анықталған. Бұл қала халқының 3,2%-ы. Әйтсе де бұл нақты көрсеткіш емес. Өйткені санақ барысында нан базарындағы маусымдық жұмыскерлер, шаруалар, жәрмеңке саудагерлері мен уақытша тіркеудегілер есепке алынбаған. Сол кездегі Самара қаласының билігі болса татарлардың саны 3 000 адам деген ұстанымда болған. Ал басқа деректерде ХХ ғасырдың бас кезінде қаладағы татар қауымының жалпы саны 6000 адам болғаны айтылады.
Руханият • 24 Ақпан, 2020
Қазіргі жаһандану мен ақпараттандыру заманында адамдар арасындағы қарым-қатынас сиреді, тіптен алшақтап барады. Жедел дамып кеткен әлеуметтік желілер тасқынында адамдар сөздің мәнісі мен мазмұнына көңіл аударудан қалды.
Қоғам • 24 Ақпан, 2020
Телеарна жұмысының есебі тыңдалды
«Qazsport» телеарнасының өткен жылғы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Л.Танысбай, «Qazsport» телеарнасының директоры П.Цыбулин, Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы С.Мұсайбеков, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Б.Тілеухан және өзге де спорттық федерациялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Парламент • 24 Ақпан, 2020
Қызылорда облысының жетістіктері таныстырылды
Сенатта Аймақтар күндері аясында Қызылорда облысы таныстырылды, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктері көрсетілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Таным • 24 Ақпан, 2020
Бүкіл саналы ғұмырын Сыр елінің өсіп, өркен жаюына бағыштаған қарымды қаламгер, қаламы семсер серке болған журналист Өтеген Жаппарханов ағаның өмірден өткеніне 40 күн де өте шығыпты-ау.
Руханият • 24 Ақпан, 2020
Өнер айдынында сәулеленген жұмақ өлке
Қазақ қадым заманнан жаз – жайлау, қыс – қыстау, көктем – көктеу, күз – күзеу көшпелі тұрмысты кәсіп еткен. Көшіп-қону барысында бір жердің шөбі, суы, құнары, тыныс алатын ауасымен жаңа қоныс-тұрақтың шөбі, суы, құнары, ауа райын салыстырып, тәжірибе жүзінде тиісті түрлі тұжырымдар мен болжамдар жасаған тумысынан ғалымдыққа біртабан бейім, көреген халық.