Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20379 материал табылды

Қазақстан • 21 Ақпан, 2020

Елжан Біртанов Қытай елшісімен кездесті

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Руханият • 21 Ақпан, 2020

Ұлттық музейде «Жұлдызды гид» жобасы ұйымдастырылды

Бүгін Ұлттық музейде Әлемдік экскурсия жүргізушілер күніне арналған  «Жұлдызды гид» жобасы ұйымдастырылды.

Экономика • 21 Ақпан, 2020

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Бангкокта таныстырылды

Бүгін Қазақстан Елшісі Раушан Есбулатова Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы сусындардың ірі өндірушісі мен жеткізушісі болып табылатын «Boon Rawd Brewery Co. Ltd» таиландтық компаниясының басшылығымен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 21 Ақпан, 2020

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

22-23 ақпан күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар, тұман, көктайғақ және екпінді жел тұрады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 21 Ақпан, 2020

Қазақстан-Өзбекстан үкіметтік делегацияларының отырысы өтті

2020 жылғы 17-21 ақпан аралығында Алматы Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының отырысы өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 21 Ақпан, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Қоғам қайраткері, «BTS Digital» білім беру жобасының жетекшісі Саясат Нұрбекпен кездесу барысында кәсіптік-техникалық білім беру ісін және еңбек нарығын дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Алматыда мүгедектігі бар балаларды оңалту мәселелері талқыланды

Алматыда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің, сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарынан келген жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау және білім басқармалары басшылары орынбасарларының қатысуымен «Оңалту процестерінің ұйымдастырушылық және технологиялық негіздері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Елордада «Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасы таныстырылды

Қазақтың ұмыт қалған ұлттық тағамдарын қайтадан жаңғырту мақсатында Достық үйінде «Рухани жаңғыру - ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен бірегейлікті сақтаудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2020

Семейде студенттер жатақханасы өртенді

Семей қаласындағы жоғары оқу орны жатақханаларының бірінде өрт шықты. Бұл туралы Семей қаласының ТЖБ баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2020

«Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы: Қостанайда үшінші томның тұсаукесері өтті

Тарихи-танымдық маңызға ие құнды еңбекке Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл облыстарының киелі жерлері, тарихи оқиғалар өткен қасиетті орындар, табиғи ландшафттың ерекше ескерткіштері мен ұлттық кұнды мәдени мұралар енген.