Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20379 материал табылды

Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Сенат депутаттары Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын талқылады

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері еліміздің Жоғарғы Сотында болып, сот жүйесінің жұмысымен танысты. Сенат депутаттары Жоғарғы Соттағы судьялар алқасының мүшелері және Әділет министрлігінің өкілдерімен бірге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің және оған ілеспе заң жобасын талқылауға қатысты.

Қазақстан • 21 Ақпан, 2020

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Үндістанда халықаралық сыйлыққа ие болды

Нойда қаласындағы Амити университетінде «Өзгеріске шақыру: технологиялық қоғамдардағы бизнесті басқару стратегиясы» INBUSH ERA-2020 Бүкіләлемдік саммиті өтті. Онда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов халықаралық сыйлыққа ие болды. Бұл туралы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 21 Ақпан, 2020

Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды (видео)

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Қазақстан Президенті бас мүфтиді жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Елордада кімдерге тіс протезі бойынша тегін қызмет көрсетіледі?

Қалалық мәслихатының шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек шеңберінде бағалы металдардан жасалған протездерден басқа тіс протездеу түрлері бойынша тегін қызмет көрсетіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2020

Жәдігер болып қалмау үшін «Жәдігер» орталығын құрды

Ресейдің Қостанаймен іргелес Челябі облысындағы Злотоуст қаласында «Жәдігер» қазақ ұлттық-мәдени орталығы құрылып, оған арнайы бөлінген кабинет жасақталды. Осы қаладағы қазақ диаспорасының белсендісі Әлия Нұғманованың айтуына қарағанда, орталықтың осыған дейін аты бар да, заты жоқ болатын.  Енді оған кабинет бөлініп, орталық жұмысына жан кіргендей болды. Кабинетте жергілікті қазақ диаспорасы өкілдерінен жиналған көненің көзіндей тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер үлгілері қойылды.

Қазақстан • 21 Ақпан, 2020

FlyArystan: Петропавлдан Алматыға әуе рейсі ашылды

FlyArystan Петропавлдан Алматыға әуе рейсін ашты. Екі қала арасындағы біржақты байланыс құны 10 мың теңгеден басталады.

Қазақстан • 21 Ақпан, 2020

Республикалық тас жолдардың 17 учаскесінде жол қозғалысы шектелді

Қазақстанның алты облысындағы республикалық тас жолдардың 17 учаскесінде жол қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

100 • 21 Ақпан, 2020

«Социалистік Қазақстан» газеті: «Қыз Жібек» бізде қонақта

«Қазақфильм» киностудиясының «Қыз Жібек» фильмін түсіріп жатқанда, бір топ өнер иелері «Социалистік Қа­зақстан» газетінің редакциясында болып, журналистермен кездескендегі шыққан мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.

Спорт • 21 Ақпан, 2020

Каратэшілер кезекті премьер-лига додасына дайындалуда

Каратэден Қазақстан құрамасы кезекті премьер-лига алдындағы оқу-жаттығу жиындарына қатысуда. Бұл туралы  Olympic.kz хабарлады.

Тағайындау • 21 Ақпан, 2020

Қайрат Рахымов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Үкіметтің 2020 жылғы 21 ақпандағы Қаулысымен Қайрат Болатұлы Рахымов Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.