Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20379 материал табылды

Қазақстан • 21 Ақпан, 2020

Елордада Nur Оtan партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді

2020 жылғы 5 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Nur Оtan партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді. Бұл туралы Тұңғыш Президент-Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.

Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Нұр-Сұлтанда қар тазалау тәулік бойы жүргізілуде

Ақпанның 20-нан 21-не қараған түні қар тазалау жұмыстарына  1202 техника бірлігі мен 123 жол жұмысшылары жұмылдырылып, 36885 текше  метр қар шығарылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 21 Ақпан, 2020

«Біз біргеміз» челлендж-акциясы 50 мыңға жуық елордалықты біріктірді

Елорда жастары, белсенділері, студенттері, жұмыскерлері бірнеше күн бойы қолға күрек алып, қаланы қар мен мұздан тазартуға ат салысуда. #Бізбіргеміз хештэгі арқылы қала жастары әлеуметтік желілерге фото, видео жүктеп, қала тұрғындарын белсенді болуға шақырды. Осы уақыт аралығында белсенді жастардың күшімен, қала іргесінде тұратын 100-ден астам отбасына көмек көрсетілді.

Спорт • 21 Ақпан, 2020

Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік үштігіне кірді

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір сатыға жоғарылады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Спорт • 21 Ақпан, 2020

Dusseldorf Grand Slam 2020: Дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Бүгін дзюдодан Дюссельдорфта (Германия) ерлер мен әйелдер арасында әлемдік Grand Slam  жарысы басталады. Olympic.kz жарыстың бірінші күнінде татамиге шығатын қазақстандық дзюдошылар тізімін жариялады.

Парламент • 21 Ақпан, 2020

Туризм – табыс көзі

Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалы­ғымен туризмге қатысты заң жобасы талқыланды. Палата Спикерінің пікірінше туризм елдің экономикалық өсуінің жаңа драйверіне айналуы керек, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Руханият • 21 Ақпан, 2020

Күніне бір жақсылық жаса!

Волонтер жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен айдарланған жылдың несібесі де, жаңалығы да мол болатын сыңайлы. Волонтерлердің «Біргеміз!» республикалық фронт-кеңсесін ашқан Мемлекет басшысы: «Отанды сүю дегеніміз айғайшыл ұрандар мен құрғақ сөздер емес, бұл күн­делікті еңбек ету, соның ішінде жан қалауы бойынша қайырымды іс­термен халықтың игілігіне еңбек ету» деп анық айтты.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2020

Шәкірттері бірінші орынды берген емес

Түркістан облысының Созақ ауданындағы «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясы информатика пәнінің мұғалімі Роман Қадырқұлов бір кездері «Құдай қаласа, зейнеткерлікке шыққанша, қырық жыл бойы сабақ бере жүріп, жылына осы саланы терең меңгерген бір шәкірт тәрбиелеп, қырық жылда 40 шәкірт тәрбиелеп шығамын» деген мақсат қойған екен.

Руханият • 21 Ақпан, 2020

Алматы, 1921 жыл, 8 маусым

Алматыдағы ең жайлы уақыт мамыр-маусым айлары. Күн аса ыси қоймайды, таудағы қар да тақыр-таза еріп кетпейді. Қазір жауған жаңбырдың суы жерге қазір сіңіп кетіп жатады. Күннің қызуымен таудың салқын лебі араласып, барша табиғат хош иісті қоңыржай ауаға молынан кенеледі.

Таным • 21 Ақпан, 2020

Әлихан Бөкейхан: Санкт-Петербург және Самара іздері

«Ұлытау-2019» халықаралық туризм форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан есімін халық жадында қалдыру мәселесіне ерекше тоқтала келіп: «Біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Бұл жұмыстар Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы керек» деп атап өтті. Сол тарихи тұлғаның тікелей ұрпағы Әлихан Бөкейханов туралы кейінгі жылдары аз жазылған жоқ. Десек те, ол кісінің Санкт-Петербургте оқу кезеңі, Самарадағы өмір жолы әдебиеттерде мол қамтылмай, мұрағат құжаттарының жеткіліксіздігі әлихантануда сұрақтар туғызып отырғаны да ақиқат. Осы ақтаңдақты жою мақсатында біз аталған қалаларда болып, біраз тың деректерді тапқан едік. Оларды осы тақырыпты зерделеп жүрген ғалымдарға, жас ізденушілерге ұсынған болатынмын. Бүгін оны барша оқырмандарға ұсынуды жөн көріп отырмын.