
Медицина • 04 Ақпан, 2020
Уханьнан келген студенттердің жағдайы туралы айтты
Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов Уханьнан жеткізілгеннен кейін карантинге жатқызылған студенттердің жағдайын айтып берді.
Руханият • 04 Ақпан, 2020
Туған жер тарихында белгісіз қалып, туған аудан түгілі, барша қазақ еліне еленбей қалып отырған ардақ тұтар арысымыз бар. Ол – Дінмұхаммед Сұлтанғазин. Анықтала қоймаған және екіұшты дерек бойынша, Ресейде Санкт-Петербург университетін бітірген, алғашқы ұлт баспасөзінің бірі «Дала уалаяты» газетінің редакторы болған Дінмұхаммед Сұлтанғазин Ұлт азаттық көтеріліс кезінде Кенесары ханның сенімді серігі болған Құдайменде сұлтанның баласы, яғни Сұлтанғазы сұлтан ұрпақтарының бірі болса керек.
Тарих • 04 Ақпан, 2020
Аймақтар • 03 Ақпан, 2020
Түркістан: Сайрам ауданының əкімі азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады
Бүгін Сайрам ауданының əкімі Ұласбек Сәдібеков азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.
Қоғам • 03 Ақпан, 2020
Қар тазалау жұмыстарын дұрыс атқармаған мердігерлермен келісімшарт бұзылды
Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы күнделікті негізде қала аумағын қар мен мұздан тазарту жұмыстарын бақылап отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлады.
Үкімет • 03 Ақпан, 2020
Асқар Мамин импорт алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ВАК отырысын өткізді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 03 Ақпан, 2020
Елордада зиялы қауым өкілдері «Біз біргеміз» акциясын қолдады
Елордада зиялы қауым өкілдері «Біз біргеміз» акциясын қолдады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлады.
Қазақстан • 03 Ақпан, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастардың қазіргі ахуалын және оны одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 03 Ақпан, 2020
Қазақстанда микро және шағын бизнесті 3 жылға салықтан босату күшіне енді
2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес, микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату және тексеру жүргізуді тоқтату бойынша тапсырма берілді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Жәнібек Нұржанов осы тапсырмаға қатысты мәлімдеме жасады.
Парламент • 03 Ақпан, 2020
Мәжілісте Экологиялық кодекс жобасы таныстырылды
Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.