
Абай • 31 Қаңтар, 2020
Мемлекет басшысының ұлтымыздың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлы туралы еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласында хакімнің мерейтойын жоғары деңгейде атап өтудің бағыттары мен тетіктері айқын көрсетілген.
Абай • 31 Қаңтар, 2020
Хакім мұрасына заманауи көзқарас
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы күллі адамзаттық ауқымда ойлау биігіне көтерілген дана Абай ілімін бүгінгі Қазақстан халқына жаңа ұстаныммен, қазіргі замана талабына барынша бейімдеп жеткізген.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2020
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Өзіндік қауіпсіздік департаментіне (ӨҚБ) ішкі істер органдары қатарында тәртіп пен заңдылықты арттыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды, деп хабарлады ІІМ-нің баспасөз қызметі.
Қаржы • 31 Қаңтар, 2020
Қазақстанда Freedom 24 бірінші құнды қағаздар интернет-дүкені ашылды. Жобаның мақсаты – елдегі қор нарығының жұмысын өзгерту.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2020
Қазақстандық бітімгерлер Үндістанда
Үндістан елінің өкілдерімен бірлескен «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» бітімгершілік миссиясын орындау бойынша әскери қызметшілерді даярлау басталды.
Сұхбат • 31 Қаңтар, 2020
Абай жаққан бір сәуле сөнбеуі үшін
Диалектикалық логика саласында қазақ ғылымының қазығын қаққан, Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин ой-таным, дүниеауи толғамдар мен ақыл-пайымдар әлеміндегі ірі тұлға. Ол Абайды танудың ұлтымыз үшін маңызды екенін ерте түсініп, осы салада да талмай тер төгіп келеді.
Президент • 31 Қаңтар, 2020
«Қазатомөнеркәсіп» басшысын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Руханият • 31 Қаңтар, 2020
Көрнекті жазушы М.Мағауиннің тәуелсіздік жылдарында жазған жаңа тұрпаттағы шығармалары көркемдік әлемді игерудің тың арнасын қалыптастырып, ұлттық рухты сілкіндіретін өзгеше дүбірлі құбылысқа айналып отыр. Әлемдік әдебиетке түрік рухының тыныс-демін әкелген классик жазушының әсіресе соңғы кезде жазған кез келген шығармасы формалық тұрғыдан мүлде күрделі, әдіс-тәсілі тосын. Әйткенмен бұл туындылардың арғы қатпарында, терең діңінде халық мұрасының құнарлы да айшықты белгілері мол болғандықтан, оқырманды тылсым табиғатымен қызықтырып баурап алады. Біз «Қыпшақ аруы», «Кесік бас – тірі тұлұп», «Жармақ» романдарындағы көне мен жаңаның сабақтастығын, бір сөзбен айтқанда постмодернистік лепте жазылған осы шығармалардың өзегінде өріліп жатқан фольклорлық қолданыстар мен дәстүрлі танымның қызметін ашып көрсетпекпіз.
Саясат • 30 Қаңтар, 2020
Асқар Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесті
Премьер-Министр Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына және «Digital Almaty» форумына қатысу үшін Алматы қаласына келген Беларусь Премьер-Министрі Сергей Румаспен және Молдова Премьер-Министрі Ион Кикумен екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 30 Қаңтар, 2020
Мәжіліс депутаттары сайлаушылардың өтініш-тілектерін Үкімет мүшелеріне жеткізді
Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен депутаттардың қаңтардағы өңірлерде кездесу барысында сайлаушылардың көтерген мәселелері бойынша Үкімет мүшелерімен кездесуі өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.