
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
«Өскемен – Алматы» бағыты бойынша қатынайтын №351 жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді. Виктория Марочкина бойы 46 см, ал салмағы 2,7 кило ұл баланы жарық дүниеге әкелді.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
Қылмыстық іс жүргізуді жетілдіру жолдары
Қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-процестік құқықтың, сонымен қатар мемлекеттің құқықтық саясаттың маңызды саласы – қылмыстық саясат. Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін, бұған дейін қолданылып келген 1959 жылғы Қылмыстық кодекс егеменді еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістерімен үйлеспейтіні, тиімді жұмыс жүргізуге мүмкіндік бермейтіні айқын болды.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
Шардараның төл перзентіне айналған азамат
Халық аманатына адалдық танытып, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан азаматтың бірі – Құдайберген Төлепұлы Ержан асқаралы 60 жасқа толды. Нағыз кемел шағына келген Құдайберген Төлепұлының барлық өмірі, еңбек жолындағы жетістіктері елдің көз алдында өтіп жатыр. Қазақта «50 – ердің жасы, 60 – ағалық жас» дейді. Ағалық жасқа өзінің абыройымен жетіп отырған мерейтой иесінің өткеніне бір сәт көз жүгіртіп, халыққа жасаған қызметі жайлы сыр шертсек деп едік.
Экономика • 26 Желтоқсан, 2019
Мойнақ ГЭС-і еліміздің оңтүстігіне қажет электр энергиясын өндіреді
Желтоқсанның ортасына қарай Мойнақ ГЭС-і электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындап шықты. 19 желтоқсандағы жағдай бойынша МГЭС-тің электр энергиясын өндіруі жылдық жоспардағы 906 млн кВт сағаттың орнына 924,2 млн кВт сағатты құрады.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Жұмысы жүйелі Қордай ауданы немесе өңірде атқарылған жұмыстар жайында
Қордай ауданы тұрғындардың саны мен жерінің аумағы жағынан облыс аудандары арасында көш бастап тұрғандықтан бұл жерге деген көзқарас ерекше. Бір жағы қырғыз елімен, бір жағы Алматы облысымен шектесіп жатқан ауданның стратегиялық маңызы да жоғары. Сондықтан экономикалық мүмкіндігі мол, тоғыз жолдың торабында жатқан ауданнан күтер үміт те көп.
Саясат • 26 Желтоқсан, 2019
Маңызды міндетке – жауапты көзқарас
Тұрақтылық – билік пен бұқара арасындағы сенімнен құралады. Ұлт жоспары әділеттілікке бағытталған кірпіштен қаланатын болса, онда ол елдің егемендігі мәңгі, тәуелсіздігі тұғырлы деген сөз. Міне, соған сай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі – жемқорлық көріністерінің алдын алу және оны болдырмау, сондай-ақ азаматтардың бойына адалдықты, әділеттілікті, парасаттылықты сіңіру.
Парламент • 26 Желтоқсан, 2019
Көне дәуірдегі қытай ойшылы Лао-цзы біздің дәуірімізден бұрынғы V ғасырда «мыңжылдық жол бірінші қадамнан басталады» деген екен. Елбасы Н.Назарбаев Мәңгілік қазақ елінің болашақ дамуының бірінші қадамынан бастап, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, экономиканы қалыптастыру, өндірісті дамытуды қолға алды.
Саясат • 26 Желтоқсан, 2019
«Ақ жол» партиясы Президент Қ.Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында берген тапсырмаларын қолдайды.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
Ұлттық кеңес мүшелері не дейді?
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында айтылған ойлар, ұсыныс-пікірлер халық арасында көптеп қолдау тауып жатыр. Қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен белсенділер ел саясатындағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатып, мемлекет дамуының басым бағдарын айқындайтын шешімдерді құп көретінін жеткізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен құрылған Кеңестің мемлекеттік органдармен бірлесіп атқарған жұмыстарына халықтың берер бағасы жоғары. Осы орайда бүгін біз Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында қозғалған мәселелер жөнінде бірқатар азаматтың ой-пікірлерін ұсынып отырмыз.
Президент • 26 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.