
Спорт • 25 Шілде, 2019
Таеквондошылар Азия чемпионатынан жеті медаль жеңіп алды
Иорданияның Амман қаласында таеквондодан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Екінші жарыс күнінде кадеттер жеті медаль жеңіп алды деп жазады Olympic.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2019
Арыс қаласында 2179 үй қалпына келтірілді
Арыста 2179 үйдің құрылыс жұмысы аяқталды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 25 Шілде, 2019
Қорықшы-инспектор Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорықшы-инспектор Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетілетінін twitter-дегі парақшасында жазды.
Технология • 25 Шілде, 2019
Facebook АҚШ-қа $5 млрд айыппұл төлейді
Facebook қолданушылардың жеке мәліметтерін таратқаны үшін 5 млрд АҚШ доллар көлемінде айыппұл төлемек. Бұл туралы АҚШ Федералдық сауда комиссиясы (FTC) мәлімдеді.
Спорт • 25 Шілде, 2019
Грек-рим күресінен Минскідегі халықаралық турнирге кімдер қатысады?
25-29 шілде аралығында Беларусьтің Минск қаласында грек-рим күресінен рейтингілік турнир өтеді. Халықаралық сынға Қазақстан құрамасы да қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.
Руханият • 25 Шілде, 2019
Біреулерге күлкі, бәз біреулерге түрпі болып тиген Еркін Нұразханның шарж бен карикатура суреттерін салуда автордың азаматтық ұстанымы соны серпін сыйлады. Сұңғыла суреткер бедерлеген қатар жүрген құрдастары мен замандастарының юморлық бейнесі еріксіз езу тартқызса, қоғамның көлеңкелі жақтарын әжуа еткен графикалық суреттері өткен-кеткенді қозғайды.
Аймақтар • 25 Шілде, 2019
Алматыда «Кедергісіз келешек» жобалар шеңберінде жәрмеңкелер ұйымдастырылды
«Nur Otan» партиясының Алматы қаласындағы Түрксіб аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобалар шеңберіндегі жәрмеңкелер ұйымдастырды.
Қазақстан • 25 Шілде, 2019
Биылғы алғашқы жартыжылдықта жалпы сомасы 58,5 млрд теңгеге алынған тегін дәрі-дәрмек еліміздің медициналық ұйымдарына жөнелтілді. Бұл жалпы жылдық өтінімнің 65%-ын құрайды. Оның ішінде, Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінің деректері бойынша, 41 млрд теңгеден астам сомаға алынған препараттар пациенттерге берілді.
Руханият • 25 Шілде, 2019
Тарихпен тілдескен, уақытпен үндескен
Тіреусіз Аспан жасап, оған Ай мен Күн орнатқан, оны алтын шеге самсаған сансыз жұлдыздармен бекіткен, қасиетті қара жерді жасаған құдіреті күшті, мейір, шапағаты мол Алла тағаланың ерекше мейірі түскен жалы биік, жайсаң жандар бар бұл өмірде. Олар кісілік пен кішіліктің үздік үлгісі! Олар аспандағы Ай мен Күндей айналасына үнсіз сәуле шашып тұрады. Көзге түсуді қаламаса да ондай асылды халық көш жерден танып, құрметтейді. Сонадайдан көзге шалынар, жаныңа жақын жайсаңдардың бірі әрі бірегейі Бижамал Рамазанова. Ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Өз бақытын еңбек пен қабілеттен, адамгершілік, адалдық атты асыл таланттан тапқан болмысы бөлек бекзат тұлға.
Қазақстан • 25 Шілде, 2019
Қызығы да сол, биылғы қырық күн шілде де өзіндік ерекшеліктерімен өтіп барады. Ертемен таң ата жұмысқа ентелей асығып бара жатамыз. Күн жарықтық қалай көтеріледі, шақшиып ысып ала жөнеледі. Ми қайнатар ыстықта Алматы ауа райының күнделікті керімсал ала келгеніне таңырқай қарайсыз.