
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Бауыржан Байбек Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті
«Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Арыс қаласына барды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
Қазақстан • 05 Шілде, 2019
Ержан Бабақұмаров қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 05 Шілде, 2019
Мәдениет және спорт министрі Бекзат Саттархановтың ата-анасымен кездесті
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бокстан Сиднейде өткен олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханұлымен, анасы Сырлыкүл Саттархановамен, Бекзаттың рөлін сомдаған «Astana Musical» мемлекеттік театрының актері Самат Әзімқұловпен кездесті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Балдырғандар бас қаланы аралады
Ақмола облысы Ақмол ауданы Қажымұқан ауылындағы негізгі мектеп жанынан құрылған оқушылардың жазғы лагері оқу жылы аяқталғаннан бастап жемісті жұмыс істеді.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Ақмола облысының Бурабай ауданындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Шығармашылық мүмкіндіктер әлемі» атты республикалық фестиваль өтті.
Әлем • 05 Шілде, 2019
Тұтастықтың, татулықтың туын тік ұстайық
Қазақстан – құшағы ыстық, алақаны аялы, мейірімі төгілген біздің Отанымыз. Осы жерде өсіп-өнген, өрбіген қаншама этнос ауызбіршілігінің арқасында осынау алып шаңырағымызды шаттыққа бөлеп отыр. Бірлік пен татулық салтанат құрған мемлекетімізде ел ішін жарастырған келісімнің ұйытқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Бурабай ауданында шаруа қожалықтары көбейіп келеді
Жуырда Бурабай ауданының бірнеше ауылын аралаудың сәті түскен еді. Арнайы баспасөз турының аясындағы сапарымызда жергілікті азаматтардың мал шаруашылығын өркендетіп жатқанына куә болдық.
Қазақстан • 05 Шілде, 2019
Темір жол билетін алыпсатарларға тосқауыл қойылды
2019 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ электронды жол құжатын сату жүйесін жетілдірді. Билеттерді сатудың автоматты жүйесі адам факторын азайту мақсатында айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Қоғам • 05 Шілде, 2019
Қара металлургия саласының қара нары
Теміртау индустриялық металлургияның орталығы ғана емес, еліміздің Тұңғыш Президенті еңбек еткен, Қазақстанның алғашқы ғарышкері шыққан жұлдызды қала болып есептеледі. Ерен жүйріктер қатарына Қазақстанның түсті металлургиясы дамуының қайнар көзінде тұрған алғашқы ізашарлардың бірі, ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нариман Қуанышқалиұлы Ішмұхамедовті жатқызуға болады. Нариман Ішмұхамедов – бұрынғы ЖТОО зауыт, қазіргі ҚарМИУ-дің болат өндірісі, ғылым мен педагогикалық қызметіне, оның қалыптасуы мен қарқынды дамуына көпжылғы еңбегін арнаған азамат. Көзі тірі болғанда биыл торқалы 90 жасқа келетін еді. Алайда, ол кісі көптеген шәкірті мен ізбасарының жарқын жадында қалды. Себебі жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді деп дана халқымыз тегін айтпаған.
Президент • 05 Шілде, 2019
Құттықтауларда – ізгі тілектер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау хаттары мен жеделхаттары келіп жатыр, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.