Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23575 материал табылды

Президент • 02 Шілде, 2019

Кемелдіктің көрінісі

Парламент Сенатында, Президент Әкімшілігінде бірнеше жыл қатар қызмет істегенде мен Қасым-Жомарт Кемелұлымен көп ретте етене жақын іскерлік байланыста болдым. Әсіресе депутаттық корпуста сенатор ретінде байқағаным, ол кәсіби маман ретінде көп білетін, өте сауатты, мәдениеті жоғары азамат екеніне сан мәрте көзім жетті.

Әлем • 02 Шілде, 2019

Тиянақтылыққа негізделген зейнетақы жүйесі

Әлемдегі қариялардың 20 пайызы Жапония архипелагын мекендейді екен. Өйткені жапониялықтар ұзақ жасайды. Сондай-ақ бұл ел қариялар үшін өмір сүруге ең қолайлы мемлекет саналады. Дамыған мемлекеттердің арасында қарияларға жағдай жасаудан Жапония бірінші орын алады. 2014 жылғы есеп бойынша Жапонияда адам саны 127 миллионнан асқан, оның 26 пайызы (33 миллион) зейнеткерлер.

Әлем • 02 Шілде, 2019

Дональд Трамп Солтүстік Корея шекарасын аттады

Жапониядағы G-20 саммитіне қатысып, қайтар жолда Оңтүстік Кореяға соққан Дональд Трамп тағы бір саяси үлкен қадам жасады. Ол сенбі күні Оңтүстік Кореяда Мун Чжэ Инмен жүздесіп, жексенбі күні түстен кейін Ким Чен Ынмен арнайы кездесті. Бұл кездесу – алдын ала ойластырылмаған, кенеттен болған кездесу. Бірақ Оңтүстік Кореяға келерінде Ким Чен Ынға ұсыныс жасап, ол ұсынысымды қабыл алды деп атап өтті Дональд Трамп.

Руханият • 02 Шілде, 2019

Қажырлы еңбегі –­ қазақ игілігіне

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ елінің тарихы мен оның құндылықтары, оларды жаңаша жаңғырту мен жаңарту туралы айтылған. Әр халықтың тарихы өзінше құнды. Тарих әрқашанда ұлы есім­дермен байланысып, солар­дың құжаттарынан көрініс таба­тын­дықтан Қазақстан Респуб­ли­касы Ұлттық архиві де жеке қорларды жасақтаумен айналысып келеді. Бұл ретте біз архив саласына қажырлы еңбе­гі сіңген қайраткер, өмір жо­лын­­­да еңбексүйгіштігімен, бел­сен­ділігімен ерекшеленіп, әріп­тестерінің ыстық ықыласына бө­ленген зиялы тұлға Рысты Халесқызы Сариева есіміне ерекше тоқталамыз.

Руханият • 02 Шілде, 2019

Күлтегіннің күмбірін жеткізген

Азаттықтың ақ таңы арайлап атып, сан ғасырлар бойы хал­қымыз аңсаған тарихи қуа­ныш­ты сәтпен қауышқаннан кейін тәуелсіз республикамыздың негізін қалап, көк туын желбіреткен Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан салалы реформаны жүзеге асыруға жұмыла кірісіп, егемендіктің жауап­кер­шілігін жүрегімен сезініп, тоқсан батпан ауыр жүгін қара нардай арқалап, қоғамдық ой-санаға қозғау салатын зерделі де қайсар тұлғалардың қажеттілігі, шынын айтқанда зәрулігі біліне бастады.

Спорт • 01 Шілде, 2019

Қазақстан қоржынына екі алтын белбеу түсті

28 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында М-1 CHALLENGE 102 дүбірлі додасы өтті. Аталмыш ресейлік тұжырым Қазақстанда осымен үшінші рет жарыс ұйымдастырып отыр.

Әлем • 01 Шілде, 2019

Македонияда Ұлы Дала көрмесі өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 11 шілдеде Солтүстік Македония Республикасының Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 11 шілде - 11 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 01 Шілде, 2019

Гүлшара Әбдіқалықова Элизабет Нельсонмен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) вице-президенті Элизабет Нельсонмен кездесті.

Қазақстан • 01 Шілде, 2019

Нұржан Жалауқызы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды

Жаңа басшыны радио ұжымына «QAZAQSTAN» РТРК АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай таныстырды.

Қазақстан • 01 Шілде, 2019

Көңілімізге жылылық ұялады

Қарапайым тірлік кешіп жатқан отба­сылардың біріміз. Ауылдан көшіп келіп, қалалық атанғанымызға бес жылдай болып қалды.