Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20310 материал табылды

Егемен Қазақстан • 01 Тамыз, 2022

Тандем

Сөз етпек болып отырған кейіпкерімізбен менің ең алғаш қашан, қалай танысқаным нақты есімде жоқ. Кейіпкеріміз деп отырғаным – әріптес іні, 18 жыл «Егемен Қазақстанда» тізе қосып жұмыс істеген азамат Еркін Қыдыр. Оның өзінің айтуы бойынша 80-жылдардың басында ол стажер студент, мен газет қызметкері «Лениншіл жастың» дәлізінде кездесіп, сәлемдесіп жүріппіз. Иә, бұл ҚазМУ-дың 3-4-курсында оқитын журфак қыз-жігіттерінің жастар басылымына тоқсан сайын топталып келіп, өндірістік тәжірибеден толассыз өтіп-кетіп жататын кезі-тін. Міне, солардың қатарында Еркін де болған екен. Атап айтқанда редакциядағы Жарылқап Бейсенбаев басқаратын адамгершілік және тәрбие бөлімінде үйренуші шәкірт міндетін атқарыпты. Одан жоғарыда аталған факультетте диплом қорғау... Университетті бітіру... Жолдамамен Шымкентке аттану... Сондағы облыстық газетке қызметке тұру...

Қоғам • 01 Тамыз, 2022

Желіде желөкпе жарнама көп: Алданып қалудан абай бол!

Елімізде соңғы кезде қаржылық пирамидалар туралы жаңалықтарды көп естіп жүрміз. Соңғысы көпшілікке танымал вайнерлердің қатысуымен кең жарнамаланып, кейін «пирамида» екені анықталған соң, идеяның авторы шетел асып құтылып, есесіне «шелек жалаған» вайнерлер тұтылып, қамауға алынуымен аяқталды.

Саясат • 31 Шілде, 2022

Әлем келбетін өзгерткен тақтатас революциясы

Жаһандық геосаясат және экономика саласының танымал тұлғасы Daniel Yergin – энергетика саласының қыр-сырын терең зерттеген ғалым-қаламгер. Автордың The Prize: The Epic Quest for Oil, Money, and Power («Жүлде: мұнай, ақша және билік үшін күрестің дүниежүзілік тарихы») атты алғашқы кітабы жарық көрген бойда бестселлерге айналып, әлемнің 17 тіліне аударылған. Бұл заманауи туыдысы үшін автор Пулитцер сыйлығына ие болған-ды.

Өнер • 31 Шілде, 2022

Қазанғап пен Сәдуақас

Қазақтың рухани әлеміндегі шоқтығы биік өнер саласы – күй туралы зерттеу еңбектерін аз деуге де, көп деуге де болмас. Қазақ өнертануының атасы, белгілі академик – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың «Құрманғазы», «Дәулеткерей», «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» секілді шығармаларынан бастап, бүгінгі сүбелі туынды Ақселеу Сейдімбековтің «Қазақтың күй өнері» атты күйлер жинағына дейінгі аралықта талай еңбектердің жарық көргені рас. Алайда әр зерттеудің өзіндік ерекшелігі бар. Бір кітапта тарихи шолу басым болса, біреуінде өмірбаяндық деректер молырақ, енді бір автор тақырыптық талдау жағына мән берген. Мұның бәрін ізденістің нәтижесі деп қараған жөн. Ұлттық өнертану ғылымы осылай бірте-бірте жүйеге түседі. Бабаларымыздың асыл мұрасын дәріптеу, жаңа тұрғыда зерттеу – бүгінгі таңдағы кезек күттірмес мәселелердің бірі.

Саясат • 29 Шілде, 2022

Өңірлерде халықпен жүздесті

Парламент депутаттары халықтың мұң-мұқтажын тыңдау мақсатында еліміздің аймақтарын аралап жүр. Төменде бір топ сенатордың кездесулері туралы ақпараттарды ұсынып отырмыз, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Медицина • 29 Шілде, 2022

Меморандумға қол қойылды

Денсаулық сақтау министрлігі мен фармацевтикалық өнімдердің жетекші әлемдік өндірушісі «Ново Нордиск Қазақстан» ЖШС арасында әлеуметтік мәні бар инфекциялық емес ауруларды емдеудегі әріптестік мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталған іс-шараға Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен «Ново-Нордиск Қазақстан» ЖШС бас менеджері Али Бенги қатысты.

Экономика • 28 Шілде, 2022

Транзиттік тасымал – табыс көзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында транзиттік жүктер үшін «жасыл дәліз» құру мәселесін қарауды тапсырған болатын.

Өнер • 28 Шілде, 2022

Мәңгілік мұраға қалған музыка

Сағынғанда әндерін тыңдап, құлақ құрышын қан­ды­ра­мыз. Адамның жанын бесікке бөлегендей тербететін ән деген әлемнің тылсымына бала кезінен батқан Кеңес Дүйсекеев осы өнердің шыңына шыққан бірегей тұлға болды. Оның есімін білмейтін, әнін шырқамайтын қазақ жоқ. Кеңес Дүйсекеев «Домбыра туралы баллада», «Ойлан, балам», «Сәлем саған, туған ел», «Өкінбе сен» секілді алғашқы әндерімен-ақ қалың елдің ыстық ықыласына бөленді.

Руханият • 28 Шілде, 2022

Әзағаңның Қалбатауында

Әзағаң өзінің Қалбатауына қанына біткен қарапайымдылығынан да сан есе кішірейіп, аласарып, аңғалданып, сәбише арсалаңдап келіп кетуші еді-ау. Бұл жолы өзі жоқ, сандаған көзі – оқырмандары бар еді. Алматыдан әдейі келіп ата-баба рухына тағзым етіп, ас беріп Құран хатым түсірту қамын күйттеген ұлы Жаннұр, келіні Ғалия бастаған ұрпақтарының – немерелері мен шөберелерінің бұл тағзым ғұрпына сүйсінген жергілікті басшылар өз тараптарынан жөппелдемеде ойластырылған жедеғабыл ілкімді іс-шараларымен желпінтіп әкете қойғанына қалайша сүйсінбессің. Мұндай іңкәрлік сезім өздерінің тума талантына көрсетілген қошемет, ықылас екендігі сезіліп, дүйім жұрттың қолдау, қолпаштауына ұласып кете барғаны қандай жарасты еді, ауыл бірлігінің айшықты берекесі еді. 

Руханият • 28 Шілде, 2022

«Нама» жанрын зерделеуге жол ашқан әдебиеттанушы

Қазақ әдебиетін дәуірлеу, оның ішінде көне жазбаларды зерттеу ісі бір ғасырға созылған ұзақ кезеңді басынан өткергені белгілі. Бұл кеңестік идеологияның қырын қарауының cалдарынан аршылмаған көмбе тәрізді, көпшілік ғалымдар бара қоймаған тың тақырыптардың бірі болды. Өткен ғасырдың 60-70-жылдарына қарай ғана қазақ әдебиетінің ерте кезеңдерін зерттеу және жүйелеу мәселесі біртіндеп қолға алына бастады. Аталған салада, дәлірегі ежелгі жазба ескерткіштерін, басқа да көне жәдігерлерді зерттеуде Н.Сауранбаев, Ғ.Айдаров, І.Кеңесбаев, Е.Жанпейісов, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, М.Томанов, Ж.Бектұров, М.Балақаев, С.Аманжолов, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, М.Исаев сынды көптеген тілші-ғалым үлкен үлес қосты. Сонымен қатар қазақ әдебиеттануында М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаевтар көне мұраларды алғаш зерттеген ғалымдар болды. Сол ұлылардың ізін жалғап, там тұмдап айтыла бастаған тақырып төңіре­гінде уақыттың қиындығы мен күрделі кедергілерге қарамастан, ­Алтын Орда тұсындағы әдебиетті зерттеген ғалымдардың бірі – Алма Мүтәліпқызы Қыраубаева еді.