
Пікір • 08 Қаңтар, 2021
Қоныс аударушылар көшін жандандыру маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің басты басылымы – «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында биыл отызжылдығы аталып өтілетін Тәуелсіздік туралы тереңнен толғай келе, егемен еліміздің алдағы уақыттағы ішкі саясатының басты бағыттары мен бағдарларын айқындап берді.
Таным • 08 Қаңтар, 2021
Асыл сөзім жасық сөзге айналды ма?
Тәуелсіздігіміздің көк байрағын көтергелі отыз жылды ортайтып қалсақ та, ана тіліміздің шырайын шығара алмай келе жатқанымыз шындық. Мемлекеттік тіл дейтін мәртебесі бар қазақ тілі білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің, өнер мен саяси өмірдің, шаруашылық пен күнделікті тіршіліктің – тіпті барлық саланың тынысына толыққанды қызмет етіп келеді дей алмас едік. Қазақ тілділер көбейген сайын оның аясы да кеңейе түсуге тиісті. Алайда кеңейтіп отырмыз деуге келмейді. Бұл жерде тілдік нормалардың әдебиет пен өнерде ғана сақталатыны дәтке қуат.
Руханият • 08 Қаңтар, 2021
Кескіндеменің көркем кеңістігі
Бүгінгі таңдағы қазақ бейнелеу өнері – әбден толысқан, жоғары деңгейде шыңдалған, толымды өнер. Осы дәрежеге жету үшін де еліміздің мәдени өмірінде, небір күрес пен ізденіске толы процестер жүрді. Еліміздің егемендік алуымен шығу тегімізге, тарих пен өткен мұраларымызды қайта тануға деген белсенділік те артты. Бірақ көп суретшілер замана өзгерістерінің байыбына бара алмай аңтарылып қалғаны да рас. Қазақ бейнелеу өнері қалай дамуы керек деп, бағыт ала алмай тұрған өліара тыныштық орнаған кез еді.
Руханият • 07 Қаңтар, 2021
Түркі академиясы Мұстафа Шоқайдың 130 жылдығына орай халықаралық конференция өткізді
Бүгін Халықаралық Түркі академиясы «Мұстафа Шоқай және Түркістан идеясы» атты халықаралық онлайн-бейнеконференция өткізді. Алқалы жиын түркі әлемінің көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш арысы, Түркістан автономиясының жетекшісі Мұстафа Шоқайдың 130 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Пікір • 07 Қаңтар, 2021
Ел де, ер де жақсы атқа лайық!
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тұсында, мемлекеттілік жаңғырып орныққан кезде, көптің көкейінде жүрген мәселені қайта қараудың қисыны бар. Алғаш рет сонау 1993 жылы түрлі геосаяси, басқа да қиындықтарға қарамай, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев осы бағыттағы сауапты қадамға ұйтқы болғанын білеміз. Сонда «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылданып, оларды еске алу күні белгіленген. Одан бері көп нәрсе өзгерді, ең бастысы – еркін сана-сезім орнықты.
Пікір • 07 Қаңтар, 2021
Бізді біріктіретін мықты ұғымдар бар
Қазақ – тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күрескен халық. Бұл күрес 1991 жылмен аяқталған жоқ. Қазір де жалғасып келеді. Тіпті қазіргі күрестің өз ерекшеліктері бар. Біз, ең алдымен, азаматтарымыз бен өскелең ұрпақтың тарихи санасын, заманауи, азат көзқарасын нығайтуымыз қажет. Міне, осы бағыттағы күрес тоқтамауы шарт.
Пікір • 07 Қаңтар, 2021
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінің 2021 жылдың 5 қаңтардағы санында жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласымен таныса отыра, Президент айтқан ойларға қатысты жеке пікірімді білдірсем деймін.
Пікір • 07 Қаңтар, 2021
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мақаласынан исі Алаш баласы қастер тұтар аяулы Азаттықтың, тәу етер қасиетті кие Тәуелсіздіктің асқақ бейнесі айрықша көрінді. Мерейлі мемлекетіміздің бұл ілгері қадамға қалай жеткені көз алдымызда дегенмен, отыз жылдың оңай уақыт емес екені айтпаса да түсінікті. Оны беделді саясаткер, зияткер тұлға ретінде мемлекет басшысы бізден гөрі көбірек сезінеді. Азаттықты алудан гөрі қорғап қалу қашан да қиын.
Пікір • 07 Қаңтар, 2021
Егемендік – елдік пен мемлекеттілік арқауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы елім, жұртым деген жұрттың көңілінен шықты деп ойлаймын. Жаңа жылдық құттықтауында Мемлекет басшысы «елімізді аспен де, таспен де қорғаймыз» деген болатын.
Оқиға • 07 Қаңтар, 2021
Талдықорған әуе базасына – 50 жыл
Талдықорған авиациялық базасы өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. Осыдан 50 жыл бұрын Талдықорған қаласына жойғыш-бомбалаушы авиациялық полкі көшірілді, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары бұл база қайтадан авиабаза ретінде ұйымдастырылды.