
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2020
Назарбаев Университетінің ғалымдары COVID-19 симуляторын ойлап тапты
Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының ғалымдары пандемиямен күрестегі ең тиімді тәсілдердің бірі – халықты жаппай тестілеу және байланыста болған адамдарды анықтау екенін айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 14 Желтоқсан, 2020
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Палата төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы: халықаралық-құқықтық базаны имплементациялау» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Саясат • 14 Желтоқсан, 2020
Жобаның мәні – ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.
Бизнес • 14 Желтоқсан, 2020
Толғауы тоқсан тіршілікте қателеспейтін адам болмас, сірә. Қателікке ұрынған жандарды кеудеден итермей, қоғамға бейімдеуде пробациялық қызметке үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.
Тарих • 14 Желтоқсан, 2020
Алтын Орда тарихы және Едіге би
Тарих ғылымында тарихи тұлғалардың алатын орны мен атқарған рөлі көп қарастырылған мәселелер қатарына жатады. Белгілі бір тарихи тұлғалар тарихтың объективті даму заңдылығымен қатар өзінің жеке болмысындағы субъективті факторларымен өзі өмір сүрген қоғамның дамуын еселеп дамытса, кейбіреулері қоғам үшін дамудың жаңа бағытын анықтайды, тіпті олардың қолданған тарихи ұтымды әдіс-тәсілдері, таңдаған жолдары болашақ үшін үлгі болып алынады. Уақыт өте келе өз замандастарының алды болған тарихи тұлғалар есімдері жазба тарих пен ауызша тарихта сақталынып, небір аңыз-әңгімелер мен ғажайып мифтермен толықтырылып, ерекше аңыз адамға айналып, біздің күндерімізге дейін жетіп отыр. Ондай тұлғалар болашақта да халық жадымен қатар ел тарихында қала береді.
Руханият • 14 Желтоқсан, 2020
Ойлауды өзгерткен құдірет: Абайдың қазақ тілін байытуы
Ұлы Абайдың 175 жылдығында отандық бұқаралық ақпарат құралдарында Абай туралы тың толғамға құрылған мақалалар көптеп шықты. Сонымен бірге, Абай шығармашылығы алыс және жақын шетелдердің баспасөзінде де сөз етіле бастады. Мысалы, белгілі мәдениеттанушы Сауытбек Абдрахмановтың Абай аудармалары туралы мақалалары Ресейдің «Литературная газета» («Перечитывая Абая», 2020, 18-24 қараша), «Независимая газета» («Как сказал Абай», 2020, 31 қазан) басылымдарында жарияланды, «Комсомольская правда» (2020, 31 қазан), «Аргументы и факты» (2020, 2 қараша) газеттерінде қазақ әдебиеттанушысының зерделі зерттеулері жөнінде рецензиялар шықты, автордың ағылшын тіліне аударылған мақалалар топтамасы бірнеше елде жарық көрді. Автордың бұл тақырыптағы зерттеулері «Фолиант» баспасынан «Аударма алыбы. Конгениальность. Congeniality» деген атпен үш тілде шығып отыр. «Егемен Қазақстанды» ұзақ жылдар бойы басқарған азаматты еңбегі жанып, «Абыз Әбіш» кітабы үшін Абай жылында Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атануымен құттықтай отырып, қазақ қаламгерінің аударматанушылық еңбегі туралы «Аргументы и факты» газетінде жарияланған мақаланы оқырмандар назарына ұсынамыз.
Президент • 14 Желтоқсан, 2020
Экономикалық одақтың әлеуеті жоғары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейнеконференция форматында өткен кезекті отырысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Елбасы • 14 Желтоқсан, 2020
Жастар мүддесі әрдайым назарда
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының V съезіне қатысты, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2020
Мұхтар Құл-Мұхаммед: Бұл – миллиондаған қазақ пен орыстың тарихи танымын қорлау
Сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей Федерациясы Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың арандатушылық сөзіне қарсы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2020
Жассарбаздықтар "Астана тазалық" қызметкерлеріне қолұшын тигізді
Елордалық "Жас сарбаз" қозғалысы "30 игі істі" жалғастырып, қала көшелерін қардан тазалауға көмектесіп отыр. Акция аясында 60-қа жуық қызметкерге ыстық шай мен бауырсақтар таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz