Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20387 материал табылды

Аймақтар • 09 Қараша, 2020

Онлайн конференция білім мен тәжірибенің маңызын көрсетті

Қазақ телевизия журналистикасының цифрлық дәуірдегі келбеті, ұлттық мүдде мен рухани-мәдени мазмұнды қалыптастырушы рөлін талқылау және болашақ тележурналистерге заман талабына сай білім беру мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Журналистика және саясаттану факультеті жыл басынан бері бірнеше игі шараларды атқарып үлгерді. Қашықтан оқыту формасына ыңғайланып үлгерген факультеттің сәуір айында «Хабар» телеарнасымен бірлесіп шеберлік сыныбы декадасын өткізгені белгілі.

Елбасы • 09 Қараша, 2020

Елбасының бірегейлік идеясы немесе Қазақстан халқы Ассамблеясы қалай дүниеге келді?

Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында республиканың экономикалық жағдайы нашарлап, әлеуметтік ахуал шиеленісіп кетті. Сондықтан елдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандырып, нарық экономикасы мен демократияға бет бұру үдерістерін дамыту үшін президенттік басқару жүйесін енгізу қажет болды. Жаңа билік институтын енгізудің келесі бір себептерінің қатарына Қазақстанның көпұлтты мемлекет болғандығы жатады. Өйткені Президент болып сайланған адам сонымен бірге еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстардың қолдауына ие болып, реформаларды әрі қарай тереңдетіп, тәуелсіздікті нығайтуы керек еді.

Коронавирус • 07 Қараша, 2020

Нұр-Сұлтанда 45 адам коронавирус жұқтырған

Елордада бір тәулік ішінде 45 адамда инфекциясы анықталған. Оның ішінде 25 адамда ауру белгілері білінсе, 20-сында симптомсыз өтуде. Барлық симптомсыз науқастар медицина қызметкерлерінің бақылауымен үй карантиніне оқшауланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 07 Қараша, 2020

ӘӘК әуе айлағы СУ-30СМ ұшқыр ұшағымен толықты

Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиация базасы жаңа Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 06 Қараша, 2020

Баба бейнесі сахнада қалай сомдалуда?

Әркез "мәдени өмірімізде не жаңалық?" деп, бәріміз де ерекше елеңдеп отырарымыз ақиқат.

Парламент • 06 Қараша, 2020

Сенатта су қауіпсіздігіне төнген қатерлер мен проблемаларды талқылады

Парламент Сенатында "Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі кездегі қауіп-қатерлер және оларды шешу перспективалары" тақырыбына арналған үкімет сағаты болды. Шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ су мәселелері жөніндегі сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Технология • 06 Қараша, 2020

Moody’s Kaspi Bank-тің рейтингін көтерді

Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank-тің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингі мен жалпы болжамды "тұрақтыдан" "позитивтіге" көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 06 Қараша, 2020

Сілкінетін, серпілетін кез

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы және республикалық негізгі басылымдарда жарияланған мақалалары жұртшылық тарапынан қызу қолдау табуда. Әсіресе еліміздің болашағы, жастарымыздың ғылымға, білімге деген құлшынысы, мемлекеттік тілдің дамуы, ұлттың кемелденуі, қоғамдық келісім туралы ой-толғамдары көкейге қонымды. Өйткені онда баршамыздың көңіл түкпірімізде жүрген өзекті жайттар дөп қозғалған.

Қоғам • 06 Қараша, 2020

Әділ шешім – әділетті қоғамның бастауы

Төрткүл дүниені шарпыған қауіпті індет мемлекеттің қауіпсіздігі мен экономикалық жағдайының қандай екенін айқындап, баға бергендей. Өйткені айналдырған бір жылға жетпейтін уақытта алпауыт елдердің өзі қандай амал, шара қабылдарын білмей абдырап қалған сияқты. Бұл ХХІ ғасырдың ең үлкен апаты, қарусыз майданы, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіріп, күн санап өршіп бара жатқан аты жаман ауруға айналды.

Қоғам • 06 Қараша, 2020

Ерекше кештерімен белгілі еріктілер клубы

Жер-жердегі жұртшылыққа, әсіресе қайырымдылық жасауға етене жақын адамдарға «Ақтөбе қайырымды жандар» волонтерлер тобын таныстырып жатудың өзі артық. Өздерінің тақырыптық һәм ерекше кештерімен белгілі волонтерлер 2016 жылдан бері игі істерін атқарып келеді. Қамкөңіл жандарға дастарқан жайып, сол арқылы олардың бір сәтке болса да көңілін көтеруді көздеген үлкен жүректі жастар әртүрлі топтағыларды қатар қамтиды. Ал олардың осылай клуб құруына алматылық Айдын Тоқсанбаева деген белсенді қыздың бастамасы әсер еткен. Ол – идея авторы.