
Руханият • 06 Қараша, 2020
Тіл тәуелсіз болмай, шын тәуелсіз болмаймыз
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін тіл білуді міндеттеу керек» деген пікір жиі айтылады. Ата Заңдағы 7-баптың 2-тармағы қабылданар кезде де көп дау туғанын жақсы білеміз. Бүгінде де осы 2-тармақты алып тастау керек деген пікір жиі көтеріліп жүр.
Спорт • 06 Қараша, 2020
Шағын футболдан өткен дәстүрлі турнир
Нұр-Сұлтан қаласында «Namys» командасының жүлдесі үшін 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті.
Тарих • 06 Қараша, 2020
Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров 1919 жылы 9 тамызда қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Нұркен (бұрынғы Жәмші) селолық округінен екі шақырымдай жерде, Қаратал (бұрынғы Калинин) ауылы маңындағы Тезекбай тауының етегінде дүниеге келген. 1929 жылы Қарағандыда көмір өндірісі ашылып, жұмыс орындарының көбеюіне байланысты Нұркен ата-анасымен Қарағанды қаласына қоныс аударып, осы қалада білім алады.
Білім • 06 Қараша, 2020
Елбасы еңсесін тіктеген білім ордасы
Уақыт өтіп, заман өзгеріп жатыр. Бірақ дәуірлер қаншама алмасса да, білім мен ғылым ғана құнын жоймақ емес. Ал осы жолда қай елде болса да жауапкершіліктің ауыр жүгін түсіне біліп, оны көтере алатын, тәуекелшіл, елшіл һәм мемлекетшіл азаматтар болады. Ондай тұлғаларға тән кемел ақыл, терең ой, биік рух, қажырлы қайрат пен зор қабілет сан сынақтан шығудың қисынын тауып, елін өрге сүйреуге жол ашқан. Түркиялықтар Мұстафа Кемал Ататүрік, үнділер Джавахарлал Неру, сингапурлықтар Ли Куан Ю, малайзиялықтар Махатхир Мохамад сынды тұғырлы тұлғаларымен мақтанады. Олар өз елінің дамуында өшпес із қалдырды. Міне, осы қатарда заманның заңғар тұлғаларының бірі әрі бірегейі, көшбасшылық қасиетімен, өзіндік дара жолымен жаһанды мойындатқан саясаткер – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алар орны ерекше.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Қазақстан Митрополитімен кездесті
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Қоғамдық бақылау мәселесі талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде кеше Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитеті депутаттарының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен және қоғам өкілдерімен кездесуі өтті.
Тарих • 05 Қараша, 2020
Отан үшін, ел амандығы үшін қаза тапқан қазақ батырларының бірі – Нұркен Әбдіров
Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров 1919 жылы 9 тамызда қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Нұркен (бұрынғы Жәмші) селолық округінен екі шақырымдай жерде, Қаратал (бұрынғы Калинин) ауылы маңындағы Тезекбай тауының етегінде дүниеге келген. 1929 жылы Қарағандыда көмір өндірісі ашылып, жұмыс орындарының көбеюіне байланысты Нұркен ата-анасымен Қарағанды қаласына қоныс аударып, осы қалада білім алады.
Қазақстан • 05 Қараша, 2020
1920 жылы 26 тамызда В.Ленин мен М.Калинин қол қойып, Бүкілодақтық атқару комитеті Халық Комиссарлары кеңесінің «Қырғыз АССР-ін құру туралы» декреті негізінде Закаспий облысында I Маңғыстау съезі шақырылып, Қазақстан территориясына ену туралы шешім қабылданды. 1920 жылы 4 қазанда Бүкілқазақстандық I съезд Маңғыстау уезін Адай уезі деп жариялады.
Тарих • 05 Қараша, 2020
Құртқа тәуіптің кім болғаны және тарихта белгілі істері туралы алдымен бабамыздың халық емшісі, қажы болғанына қосымша қазақ тарихында ең ұзақ өмір сүрген кісі екенін атап кету қажет.
Абай • 05 Қараша, 2020
«Адамды сүй, Алланың хикметін сез»
Түптеп келгенде, адам болмысы мен оның өмірі екі нәрсемен байланысты болып келеді. Мұның бірі – адам өзі қызығып, ұмтылып, өмірінде пайдаланып тұтынатын түрлі игіліктерінің жайы болса, екіншісі – сол адам тұтынатын сан түрлі игіліктердің асылы мен жасығын ажырата біліп, олардың ішінен артығы мен асылын, қасиеттісі мен мәндісін тануға жеткізетін ақыл-ой ақиқаты.