
Президент • 21 Қазан, 2020
Мемлекет басшысының Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
Құрметті отандастар! Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады.
Президент • 21 Қазан, 2020
Президент Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 21 Қазан, 2020
«Көкейтесті» күйінің шығу тарихы
Арқа күй өнерінің классигі, ғажайып музыкасымен қазақ түгілі, Ресейдің патша сарайын тәнті қылған Тәттімбет Қазанғапұлының артында қалған мұрасы – халқымыздың рухани байлығы, баға жетпес қазынасы. Оның «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Бес төре» сияқты күйлерінің көркемдік деңгейіне жетерлік шығармалар некен-саяқ деуге болады. Осы қатарда екі ғасырға жуық уақыттан бері тартылып келе жатқан «Көкейтесті» күйінің орны бөлек.
Оқиға • 21 Қазан, 2020
Жас та, кәрі де жеуден жалықпайтын чипсының жаңа түрін шығаруға қызылордалық кәсіпкер жең түре кірісті. Көзге үйреншікті картоптан емес, кәдімгі өзіміз сүйсініп жейтін қауыннан дайындалады екен. Бұл жайында қала әкімінің баспасөз қызметі хабар таратқан еді.
Руханият • 21 Қазан, 2020
Бірде тарихи түсірілім барысында оператормен келіспей қалдық. Киіз үйдің іші. Төрде үй иесі отыр. Есіктен екі бөтен кісі кіреді. Кіреді де екі жаққа жарылып үй иесінің қарсы алдына отыра қалады. Яғни, біреуі үйдің оң бөлігіне, біреу қазан жақ бөлігіне отырды. Оң жақ дегеніміз төрде отырған адамның оң жағы, қазан жақ дегеніміз сол жағы екені түсінікті болар. Содан басталды әңгіме. «Бөтен кісі бұлай отырмайды, қазіргі уақыт болса жарайды дер едік, бұрынғы заманға сай емес», дедім. Оператор жарықтың түсуіне, картинаның көрнекі болуына байланысты өз ойын айтып, «онда тұрған не бар?» дейді. Сөйтіп түсірілімді тоқтата тұрып, әңгімені арыдан бастауға тура келді.
Қоғам • 21 Қазан, 2020
Белсіздік пен бедеуліктің себебі
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында әрбір алтыншы отбасы бала сүюге зар болып отырғанын айтты. Басқа өңірлерді білмеймін, осы жуырда ғана Ақтөбе облысында нәресте сүйе алмаған 362 отбасының жасанды ұрықтандыру әдісіне жүгіну үшін кезекте тұрғанын жаңалықтан тыңдадық. Бұл ойланатын жағдай. Әрі мұның себептері де жетерлік.
Қоғам • 21 Қазан, 2020
«Арбидол» дәрісі 5000 теңгеден сатылған
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары COVID-19 пандемиясы кезінде дәрі-дәрмектерді алып-сатудың және заңсыз айналымға түсірудің жолын кесу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады akorda.kz.
Білім • 21 Қазан, 2020
Құндылықтар өзгерді. Әлі де күрделі өзгерістерден өтеміз. Жаңа жүйенің талаптары да қатаң болмақ. Дамудың келесі сатысы – жаңаша өмір сүру дағдыларын сұрыптайды. Осы бағытта ғылым мен білімнің атқаратын рөлі маңызды. Адамзатты ғаламшардағы тіршілікте алға жылжыту мақсаттарының саяси жоспары бізге, ғалымдарға, өз өмір сүру дағдыларымызды, ойлау жүйемізді, қалыпқа айналдырған әрекеттерімізді сыни тұрғыдан қайта қарап көруге ықпал етуде.
Әлем • 21 Қазан, 2020
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Оқырман назарына ұсынылып отырған екі мақала да қазіргі таңда өзекті. Бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус індетімен күрес әр елде түрлі бағытта жүріп жатқаны белгілі. Тұманды Альбиондағы беделді саналатын University College London университетінің профессорлары Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның «Айды ату операциясы» (Moonshot operation) деп аталатын бағдарламасын сынға алады. Мақала авторларының пайымдауынша, күнделікті тестілеу санын көп мөлшерде жүргізгенімен, нақты шаралар қабылданбаса, ондай қадам өзінің жемісін бермейді. Керісінше медицина қызметкерлерін шатастырады. Осы орайда, коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қазақстандық саясаткерлер де мақалада айтылған сындарды ескеріп, сабақ алады деп үміттенеміз. Таяуда ғана, 7 қазанда жарық дүниемен қоштасқан ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Марио Молина бүкіл әлемге төніп тұрған қатер – жаһандық жылыну туралы ой қозғайды. Автордың пайымдауынша, Арктиканың еруі – жер-жаһанның дәл төбесінде тұрған бомба секілді. Солтүстік полюстегі әр мұздық еріген сайын бомбаның жарылатын уақыты жақындап келе жатқандай. Бұл мәселеге халықаралық қоғамдастық та бей-жай қарамайтыны түсінікті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебатында сөйлеген сөзінде климаттың жылынуына ерекше мән берген еді. «Климаттың өзгеруі – өркениетімізге қатер төндіріп отырған тағы бір экзистенциалды дағдарыс. Бұл мәселе қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар басқа қатерлер үшін «қозғаушы күш» қызметін де атқарады. Адамзат баласы бұл жаһандық сын-қатерге төтеп беруге әлі де қауқарсыз», деген Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді климатты жақсартудың алты оң қадамы атты жоспары аясында күш біріктіруге шақырды. Ендеше, М.Молинаның мақаласы Мемлекет басшысы айтқан мәселемен үндесетіні сөзсіз.
Үкімет • 21 Қазан, 2020
Лихтенштейнмен ынтымақтастық кеңейеді
Жуырда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов жұмыс сапары барысында Лихтенштейн Мемлекеттік істер және қаржы министрлігінің бас хатшысы Маркус Бидерманмен кездесті.