
Оқиға • 16 Қазан, 2020
Үнді жайрасы (дикобраз) – еліміздегі ең ірі кеміруші санатынан. Бұл аң түрі негізінен Талас Алатауындағы, Қаратаудағы, Маңғыстау түбегіндегі тау жоталары мен бөктерлеріндегі орман-тоғайларды, өзен аңғарларын мекен етеді екен. Тұрқы – 60-90, құйрығының ұзындығы – 12-15 сантиметрдей, салмағы 15-27 килограмдай болады.
Таным • 16 Қазан, 2020
Сарытұңғиық (Núphar lútea) – нимфалар немесе тұңғиықтар (Nymphaeaceae) тұқымдасына жататын, су бетінде қалқып тұратын, судың түбіне беки өсетін немесе суға жартылай батып өсетін көпжылдық гигрофитті өсімдіктер. Сарытұңғиық «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық парк аумағынан 2019 жылы Қатынсу өзенінің N 46036.330/ E 081058.282/ координатымен тоған суынан тізімделді. 2020 жылы зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Оқиға • 16 Қазан, 2020
Бурабай ауданының полицейлері Kaspi Gold картасынан ақша қаражаты ұрлығын ашты.
Қоғам • 16 Қазан, 2020
Жаңа толқын бәсекеге қабілетті болуы тиіс
«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты мен «ENACTUS Kazakhstan» қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында жастардың жаңа буынын даярлау және тәрбиелеу мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізіледі.
Білім • 16 Қазан, 2020
Техникалық және кәсіптік білімге сұраныс көп
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығына сәйкес құрылған Түркістан облысында қазіргі таңда 64 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында (31 мемлекеттік, 33 жекеменшік) 44 878 студент білім алуда.
Руханият • 16 Қазан, 2020
Есіңізде болар, ана жылдары әлемдік теледидар ел қызығатындай талай тамаша дүниелерді бір шетке ысырып қойып, тұмсығы сорайған, жағына пышақ жанығандай жүп-жүдеу «қара шалдың» мұхит тереңінен түсірген репортаждарын күн құрғатпай бірінен соң бірін көрсетуші еді ғой. Сол ғажап ленталар әліге дейін көз алдымызда. «Шалдың» аты-жөні – Жан Кусто, атақты мұхит зерттеушісі. Оның ұлтына, қайда дүниеге келгеніне жұрт қызықпайтын. Қызығатыны – мұхит түбіндегі кереметтерді еш боямасыз, қаз-қалпында түсірген кино туындылары.
Қоғам • 16 Қазан, 2020
Жылжымалы ПТР-зертханалармен танысты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-ге барды. Министр КАМАЗ-ға тіркелген шассидегі төрт мобильді зертханамен танысты.
Пікір • 16 Қазан, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президеті – Елбасының «Абай аманаты» атты еңбегін қатты қызығып оқыдым. Ол ұлы ақын тұсындағы қазақтың рухани жаңаруының бағалы ойларын қамтыған, ой-пікірі, жаңашылдығы мол, үлкен маңызды туынды екен. Тарихи паралелль де көп. Ағартушылық немесе ояну дәуірінің белгілері кейінгі оқығандармен сабақтасып, асылды тану жолын ашуға ұласып, болашақ Елбасы жүріп өткен алғаш болат қорытушының жолы, қазақтың жаңа мемлекетінің құрылуы, «Мәңгілік ел» болудағы батыл ізденістер өзара байланыса әдемі ашылыпты.
Пікір • 16 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында 11 бағыт бойынша болашақта атқарылар жұмыстарға тоқталды. Мемлекет басшысы экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек екенін атап өтті. Сонымен бірге Жолдауда еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керек екені және Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану туралы сөз қозғалды.
Абай • 16 Қазан, 2020
Томас Густав Виннер. Үш дәстүрді ұштастырған
Қазіргі күні қазақтың өткен ғасырдағы аса ұлы ойшыл көсемі ретінде танылып отырған Абай Құнанбаевтың алдында өз халқына батыстың ілім-білімі мен әдебиетін жеткізу ғана емес, сонымен бірге ел-жұртына сол батыс мәдениетінің өзге де қырлары мен сырларын таныстыру ісіне жете көңіл бөлу міндеті тұрды. Абай өз еліне оқу-ағартудың ғана емес, сондай-ақ кең ауқымды әлеуметтік жаңғыртудың және халық мәдениетіндегі бағзы көзқарастарды қайта бағдарлаудың қажеттігін түсінді. Ол бара-бара өз заманындағы батысшыл зиялылардың мойындалған көшбасшысына айналды.