
Таным • 16 Қазан, 2020
Ортағасырлық араб тарихшылары Әбу Насыр әл-Фараби туралы
Әбу Насыр әл-Фарабиден кейін ғұмыр кешкен араб жылнамашы-тарихшыларының Отырар перзенті жайлы естеліктері – зерттеушілер үшін аса бағалы қазына. Араб тілінде жазылған бұл дүниелердің алғашқы авторлары Х ғасырда күн кешсе, яғни Әбу Насырмен тұстас болса, басқалары XІІ–XІІІ ғасырларда өмір сүрген. Солардың бірі – Захир ад-дин Әбу-л Хасан әл-Байһақи (Әбу-л Хасан Захир ад-дин Әли бин Зайд бин Мұхаммед бин Байһақи – 1099–1170). Оның «Татиммат сивану-л хикма» – «Даналық қазынасының жалғасы» деген еңбегінің көшірмелері қолжазба күйінде Теһран, Ташкент, Бомбей, Хайдарабад, Лондон кітапханаларында сақталып келеді. Оның кейбір үзінділері ағылшын тіліне аударылып, 60-жылдар басында Үндістанда жарық көрді.
Парламент • 16 Қазан, 2020
Қытайлық әріптесімен онлайн кездесті
Кеше Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Ван Чэнмен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Абай • 16 Қазан, 2020
Абайды оқыту балабақшадан басталуы тиіс
Абайдың мол мұрасы, нақыл сөздері өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастыру үшін аса қажет десек, оны әрбір адамның бойына сіңіру мен қалыптастыру балабақшадан басталуы тиіс. Өйткені балабақша – білім мен тәрбие берудің алғашқы баспалдағы. Абайдың құнды қазынасын оқыта отырып балдырғандарды таным-білімге жетелеу – ұрпағымыздың болашағына зор үмітпен қарау.
Тарих • 16 Қазан, 2020
Ұлт тарихының жете зерделенетін тұстары
Пандемия әлегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 30 мамырдағы Үндеуінде тапсырылған Мемлекеттік комиссия құру, ол атқаруға тиіс міндеттерді айқындау ісін созып жіберді. 1920-50 жылдардағы кеңестік соттан тыс қудалау органдарының заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдірудің ұлттық спецификасын, әлеуметтік себептерін зерделеп, тұжырымдама қалыптастыру жөнінен құрылған жұмысшы топтың да қызметі созылып бара жатқандай. Осындай жағдайда күн тәртібінен түсіруге жатпайтын мәселеге тағы бір шағын шолу жасауды жөн көріп отырмыз.
Қазақстан • 15 Қазан, 2020
Пандемия кезеңінде 550 мыңнан астам отбасыға қаржылай көмек көрсетілді – Анар Жаилганова
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова «Орталық Азиядағы тұрақты даму мақсаттары және COVID-19 сын-қатерлері» атты халықаралық онлайн-конференцияға қатысты.
Пікір • 15 Қазан, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы ақын, дана ойшыл туралы "Абай аманаты" атты мақаласы – жазулы тарихының мәні бар көптен күткен дүниеміз.
Қоғам • 15 Қазан, 2020
Түркістан облысында кәсіптік білім беру саласы даму жолында
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығына сәйкес құрылған Түркістан облысында қазіргі таңда 64 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында (31 мемлекеттік, 33 жеке меншік) 44 878 студент білім алып жатыр. Халықты «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім» жобасына қатысуға көптеп тарту мақсатында 16 аудан, қалада жалпы саны 712 адамнан тұратын 74 мобильдік топ белсенді жұмыс істеп келеді.
Қоғам • 15 Қазан, 2020
Ахмет Момынов – карантин кезінде Ақтөбеде дезинфекция жасаған әскерилерге жетекшілік еткен майор. Өңірде Қарулы Күштер саласында 2 инженер-эколог еңбек етсе, соның бірі – біздің кейіпкер.
Қоғам • 15 Қазан, 2020
«Офлайн өмірге» қаншалықты бейімделе аламыз?
Ғылым мен техниканың дамыған заманында кез келген жұмысты интернет арқылы орындау қалыпты жағдайға айналды. Алайда күнделікті күйбің тіршілік деп технологияның зиянды жақтарын тиімді тұстарынан ажырата алмай жатамыз. Бұл әсіресе технология ғасырында туған өскелең ұрпақ үшін аса маңызды.
Технология • 15 Қазан, 2020
Жер қатынастарына қатысты қызметтер цифрландырылады
Қазақстандағы жер қатынастарына байланысты тағы бес мемлекеттік қызмет онлайн режімге ауыстырылды. Енді «Мемлекеттік жер кадастрынан ақпарат беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау», «МЖК ААЖ графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу», «Жер учаскесіне актілер дайындау және беру», «Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы ақпарат беру» сияқты мемлекеттік қызметтер egov.kz электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді болады.