Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20387 материал табылды

Қоғам • 15 Қазан, 2020

Заман індеті – зорлық-зомбылық

«Отбасы – шағын мемлекет» дегеніміз, бұл отбасының қоғамда алар орнына қарай айтылған сөз десек қателеспейміз. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына тигізер ықпалы бар болғандықтан да отбасын шағын мемлекетке теңесе керек. Өкінішке қарай, түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес.

Қоғам • 15 Қазан, 2020

Алпыс миллиондық меже алыс па?

Қазақ елі тарихында ілкімді ілгерілеу де, сонымен бірге іркіліс пен шегіністер де болды. Осы ілгерілеу мен іркілістердің бірі демографиялық салаға қатысты.

Пікір • 15 Қазан, 2020

Әділетті мемлекет құруға әркім қатыса алады

Биылғы жаһанды жайлаған пандемия күллі әлем қоғамдастығын, соның ішінде Қазақстанды да бұрын кездеспеген жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет қалдырды. Коронавирус инфекциясы белең алған бұл кезеңде ең бастысы, сергек әрі ілкімді іс-қимыл таныту барлық күрделі мәселенің шешімі болатынын байқатты. Осы орайда елімізде қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты мемлекет тарапынан халық мүддесін ескере отырып, дер кезінде көптеген әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар қабылданғаны мәлім. Яғни Қазақстан өзінің әлеуметтік мемлекет құру жолындағы ұзақмерзімді стратегиялық бағыт-бағдарын нықтай түсті.

Пікір • 15 Қазан, 2020

Полицияның беделі – қоғамның беделі

Еліміздің ішкі тәртібін сақтау үшін еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерінің жұмысы оңай емес. Күн сайын емес, сағат сайын қауіп-қатермен бетпе-бет келетін тәртіп сақшыларының өмірі қыл үстінде жүреді десе де болады.

Коронавирус • 15 Қазан, 2020

COVID-19 қайта өрши бастады

Биылғы індеттің кесірінен шекаралар жабылып, мемлекеттер арасындағы сауда, транспорттық байланыс үзілді. Жоспарланған шаралар мен жобаларды жүзеге асыру мүмкін болмай отыр. Бұл өз кезегінде экономика, білім, әлеумет секілді өзге де салаларға коронадағдарыс тудырды. Әр мемлекеттің індетпен күрес­те енгізген шаралары да алуан болды. Бірі індет бой көтере бастаған сәт­тен-ақ қатаң тәртіп енгізсе, енді бірі жағ­дай­дың әбден ушығып, бақылаусыз кетке­нін күтті. Нәтижесінде, қоғамда осыған дейін «тұншығып» келген түрлі мәселе­лердің шеті шықты. Осылайша бұл қиын­дықтар ел үкіметтері үшін нағыз сы­наққа айналды. Жағдай енді дұрыс­талды ма дегенде кей мемлекеттер корона­ви­рустың қайта өршіп жатқанын мәлімдеді. Індеттің әлем бойынша таралуына есеп жүргізетін Johns Hopkins универ­ситеті бүгін Жер шарында 38 миллион­нан астам адамның коронавирус жұқ­тыр­ғанын айтады. Солардың ішінде 1 млн 86 мың науқас қайтыс бол­ған. Ал 26,4 млн адам індеттен құ­лан-таза айыққан. Қазақстанда да вирус жұқтырғандар саны 100 мың­дық ме­жеден асып кетті. Жазбен салыстыр­ғанда еліміздегі жағдай біраз тұрақ­тал­ғанымен, денсаулық сақтау өкілдері екінші толқын қаупін айтып дабыл қағуда. Сол себепті де оқу орындары жыл соңына дейін қашықтан білім бе­руді жалғастыра бермекші. (Тақырыптың жалғасын төменнен оқисыздар)  

Руханият • 15 Қазан, 2020

Ақ қауырсын жырларында парасат тұнған ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың мұрасына насихат керек

Бір кездері ұлы тұлғалар көш түзеген Кереку-Баян өңірінің тумасы, қазақ әдебиетінің жарқын өкілі, 1960-1970 жылдардағы қазақ поэзия­сында өзіндік өрнегімен, қайраткерлік болмысымен танылған ақын, журналист, көркем аудармашы Қабдыкәрім Ыдырысов туралы әр кез айтып, жас ұрпақ жадында естеліктерді жаңғырту – біздің қасиетті парызымыз.

Экономика • 15 Қазан, 2020

Агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту маңызды

Сенаттың Аграрлық мә­се­лелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысы болып өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Экология • 15 Қазан, 2020

Қалдық полигонының зиянды әсерін азайтады

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті Семей қаласының Восход кенті тұрғындарының Бабинск карьерінің аумағында орналасқан қалдықтар полигонының зиянды әсері және қолайсыз коммуналдық ахуал туралы бейнесюжеті негізінде 2020 жылғы 28 тамыз – 10 қыркүйек аралығында жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Ең қысқа әңгіме • 15 Қазан, 2020

Батырдың аты өшпейді

Ел шебін күзеткен шекарашылар үшін 28 қыркүйек – қаралы һәм ерлік күні саналады. Себебі 1994 жылдың 28 қыркүйек күні батыр шекарашы Раджан тәжік-ауған шекарасындағы күші тең емес жаумен болған қақтығыста ерлікпен қаза тапқан болатын. Ең бастысы, шекарашы сол жолы патриоттық рухтың нағыз үлгісін көрсетті.