
Руханият • 13 Қазан, 2020
Өмір қай заманда болса да күрделі. Қырғын соғыссыз-ақ, жымыңдасып, күлісіп, арқадан қағысып, бір ұлтты бір ұлт қақалмай-ақ жұтып қойып жатқан мына уақытта өмірдің күрделілігі тіпті шығандап кеткен. Қай халықтың болмасын естияр азаматы елімнің ұлттық кейпін, ішкі реңін қалай сақтаймын деп жанталасқан тұс. Осы алмағайып тұста БАҚ-тың қай-қайсысы болмасын өз халқымыздың ұлттық мәйегін өскелең ұрпаққа сіңіре білсе екен, болашағына бағдар бере білсе екен деп тілейсің.
Сұхбат • 13 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты «Наз» мемлекеттік би театры өткен айда кезекті XIII маусымын жастарға арналған «Уақыт-Өмір» философиялық, хореографиялық спектаклімен ашты. Онлайн форматта өткен жаңа маусымдағы қойылым – театр репертуарындағы алғашқы музыкалық туынды. Мұнда ән мен би қатар орындалатындықтан, жобаны театр әртістерінің сахнадағы тағы бір тың ізденісі деуге толық негіз бар. Замандастардың бүгінгі тыныс-тіршілігі бейнеленген заманауи сипаттағы философиялық ойға құрылған спектакльдің қоюшы-хореографы, бүгінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында кәсіби біліктілігін жетілдіріп жүрген жас маман Светлана ДОМИНСКАЯ музыка мен пластиканың өзара үйлесімді үндестігінен туған сахналық қойылымның тәрбиелік мәні мен мұнан басқа да сан-сапат ерекшелігін тілге тиек етті.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
«Еңбек» бағдарламасынан – кәсіпкерлікке
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында бөлінген гранттар мен шағын несиелер арқылы Ақмола облысының тұрғындары табысты түрде бизнес бастауда.
Өнер • 13 Қазан, 2020
«Планета қауіпсіздігін пайымдау» (Алматыда британдық фотограф Мэнди Баркердің көрмесі ашылды)
Қазақстанда тұңғыш рет көптеген беделді марапаттардың иесі, әйгілі эко-фотограф Мэнди Баркердің көрмесі ашылды. Телли галереясында қазақстандық фотосурет өнерін бағалаушыларға ұсынылған Мэнди Баркердің теңіздердегі пластикалық қалдықтар туралы фотосуреттері соңғы 10 жылда бүкіл әлемге танымал болды.
Аймақтар • 13 Қазан, 2020
Жасыл желекпен абаттандырылады
Басын ақ қар басқан Алатаудың баурайындағы ару Алматыда абаттандыру жұмыстары бүгінде қай деңгейде? Бұл туралы жақында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында белгілі болды.
Руханият • 13 Қазан, 2020
1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылғанда оның мүшесі ретінде сайланған 14 академиктің ішіндегі ең жасы, президиум мүшесі, Қоғамдық ғылымдар бөлімінің төрағасы, 1951-1956 жылдары Ғылым академиясының вице-президенті, Қазақ КСР-нің ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Нығмет Тінәліұлы Сауранбаевтың туғанына биыл 110 жыл толады.
Руханият • 13 Қазан, 2020
Бүгінде адамзатты алаңдатып отырған дауасыз дерттің алдын алу мүмкін болмай отыр. Десек те, жер бетіне төнген нәубеттің бетін қайтаруға әркім үлес қосуы керек. Біз осы ретте алаш баласы үшін саналы ғұмырын сарқыған ағартушы тұлғалардың бірі – Халел Досмұхамедовтің есімін ел есіне салып қойғымыз келеді. Өткеннен сабақ алмасақ, бүгінді бағамдай алмаймыз.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Пандемия кезінде қызмет көрсету кеңейді
Коронавирус пандемиясы жекелеген адамдардың санасына ғана емес, мемлекеттің саясатына, экономикалық жағдайына ерекше әсер етті. Індеттің таралуы отандық экономиканың әр саласына түбегейлі өзгеріс әкелді. Барлық еңбек ұйымдары алдағы жылдарға жариялаған жоспарын бұзып, жұмыс режіміне бұған дейін болмаған тың тәжірибелер енгізе бастады.
Таным • 13 Қазан, 2020
«Babalar izimen» экспедициясы ұйымдастырылды
Жақында Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Biz birgemiz: Asyl mura» жобасы аясында «Babalar izimen» экспедициялық туры ұйымдастырылды. Экспедициялық турдың негізі 2 күнді құрап, Атырау өлкесінің киелі жерлерінің картасы негізінде тарихи орындармен экспедиция мүшелері танысты.
Таным • 13 Қазан, 2020
Қызылжар өңірінде елге танымал екі Сәду болған. Біріншісін, құлағы ауыр еститіндіктен, «саңырау Сәду» деп атап кеткен. Қу жауырынға қарап ауа райын болжайтын сәуегейлігі айна-қатесіз келетінін үлкендер жыр қылып айтып отыратын. Екіншісінің лақап аты – «шұбар Сәду». Сірә, бетіндегі шешектен қалған қорасан дағына байланысты қойылса керек. Ол еті тірлігінің, пысықтығының арқасында саудагерлікпен, қазіргі тілмен айтқанда, бизнеспен айналысып, жілік майын шағып ішкен.