
Пікір • 09 Қазан, 2020
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Абай аманаты» атты мақаласының мемуарлық, философиялық, тарихи-саяси мәні өте тереңде жатыр. Абай шығармасына көп көңіл бөлетіндігін Елбасының мына сөздерінен анық аңғаруға болады. 2012 жылы Түркістан қаласында өткен жиында Тұңғыш Президент: «Біздің діни-идеологиялық танымымыз – Ясауи, гуманистік көзқарасымыз – Абай, патриоттық тәрбиеміз – Б.Момышұлы шығармашылығына негізделуі керек» деп нақты айтқан болатын.
Технология • 09 Қазан, 2020
«Гибридті» сүзгілер атмосфераны ластауға жол бермейді
«Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауытының №1 жентектеу пешіндегі екі электр сүзгіні қайта құру қамындағы бірегей экологиялық жобаның алғашқы кезеңі мәреге жетті. Өнеркәсіптік шығарындыларды шаңнан тазартудың ең заманауи жүйесімен жабдықталған қондырғы номиналды қуатқа шығарылды.
Ең қысқа әңгіме • 09 Қазан, 2020
Ол менің балдан тәтті балалық шақты, боздақ жұлдыздай бозбала кезеңді, онан кейінгі «Қартайып, қайғы ойлаған, ұйқы сергек» (Абай) ойлы, мұңлы, күндерді бірге өткізген сыр жасырмас, жан аяспас досым еді. Екеуміз Қостанай облысы, Амангелді ауданындағы Амангелді орта мектебіне бірге бардық. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде бес жыл қатар оқыдық.
Таным • 09 Қазан, 2020
«Теріскей» әні осылай туған еді
Оңтүстік өлкенің шалғайындағы Созақ ауданының әнұранына айналған, жасы да, кәрісі де шабытпен айтатын ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әні аудан тарихымен бірге жасап келеді
Саясат • 08 Қазан, 2020
Қазақстан және Испания арасындағы ынтымақтастық нығая береді
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов Испания Премьер-министрі кабинетінің халықаралық істер жөніндегі бас директоры Эмма Апарисимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 08 Қазан, 2020
Премьер-Министр Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Қазан, 2020
Арқалық құс фабрикасы өз жұмысын тоқтатады
Қостанай облысының Арқалық қаласындағы қала құраушы кәсіпорын, қуаты жылына 120 млн дана жұмыртқа шығаратын және 220 тұрақты жұмыс орны бар "Агроинтерптица" ЖШС құс фабрикасы белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған фабриканың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Қазан, 2020
Түркістанда "Егінжай күні" далалық семинар-кеңесі өтті
Түркістан қаласында жыл соңына дейін жаңбырлатып суғару технологиясы 2 мың га ұлғайып, 13 мың га дейін жеткізіледі және құны 23,2 млрд тенгені құрайтын 6 ірі инвестциялық жобаларды іске асыру қолға алынған. Ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын жаңа жобалар жайлы "Егінжай күні" атты облыстық семинар-кеңесте кеңінен айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 08 Қазан, 2020
Автобустардағы қолма-қол ақшасыз төлем қаражаттың 40%-ын көлеңкелі айналымнан шығарды
Елордада қоғамдық көліктердегі электронды билет жүйесі қаражаттың 40%-ын көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Қазан, 2020
Қазақстан Конституциясының 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тiл – қазақ тілі» деп жазылған, алайда осы норманы Қазақстан Парламенті заң шығару ісінде ұзақ жылдар бойы ескермей, орындамай келеді.