
Пікір • 08 Қазан, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» мақаласының биылғы Абай жылы кезіндегі ұзақ толғаныстан туғандығы анық.
Пікір • 08 Қазан, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласын үлкен тебіреніспен оқып шықтым. Абайдың алмағайып заманда өмір сүріп, өз заманында қазақтың темірқазығы болғанын өте орынды атап өткен. Пәлсапалық мәні терең мақаланы оқыған соң музей қызметкерлерімен жиналып, ой бөлістік.
Пікір • 08 Қазан, 2020
Шикізат өндірумен шектелмеу керек
Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда осыған ерекше назар аударды.
Пікір • 08 Қазан, 2020
Төмен жалақыдан құтылудың жолы бар ма?
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауында мемлекеттік жоспарлау жүйесінде адам ресурстарын барынша жұмылдыру мәселесі жан-жақты зерделенген.
Әлем • 08 Қазан, 2020
Көпжақты ынтымақтастыққа төнген қауіп
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына екі мақала ұсынып отырмыз. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымын атқарған Шаши Тарур мақаласында пандемия салдарынан БҰҰ-ның қызметіне орасан нұқсан келгеніне тоқталады. Автор әлем елдерінің жаһандық мүддеден ұлттық мүддені жоғары қойғанына қынжылыс білдіріп, ұйымды реформалау кезек күттірмейтін мәселе екеніне екпін береді. Еуропалық парламенттегі Испания делегациясының басшысы Луис Гарикано бүгінгі мақаласында «Брекситтен» кейінгі Еуропалық одақтағы білім саласының жай-күйі туралы сөз қозғайды. Оның пайымдауынша, жаһандық деңгейге шығу үшін университеттердегі ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Осы орайда, автордың мақаласы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауда «Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр болар еді», деген сөзімен үндес шығып отырғанын атап өткен жөн.
Қаржы • 08 Қазан, 2020
Қарызыңыздан өсімпұлсыз құтылыңыз!
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Қарызды өсімпұлсыз төле!» акциясын өткізіп жатыр. 2020 жылдың 18-қыркүйегі мен 20-желтоқсаны аралығында биылғы 18-қыркүйекке дейін мерзімі өткен берешегі болған қарыз бен лизинг алушылар (жеке және заңды тұлғалар) оны өсімпұлсыз өтей алады.
Оқиға • 08 Қазан, 2020
Табиғи монополиялар мәселелері бойынша кеңес өтті
Сауда және интеграция министрлігінің қызметкерлері бейнеконференция байланыс режімінде өткен Табиғи монополиялар мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңеске қатысты.
Қаржы • 08 Қазан, 2020
Тауарларды Қазақстанға бажсыз әкелу ұзартылды
Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша 2020 жылғы 2 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу және болдырмау үшін пайдаланылатын кейбір тауарларға бажсыз әкелу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Тарифтік жеңілдік 2021 жылғы 1 қазаннан 31 наурызға дейінгі мерзімге ұзартылады.
Қоғам • 08 Қазан, 2020
Оңалтудың техникалық құралдары
Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосқан ағымдағы жылдың басынан бері портал арқылы мүгедектігі бар адамдар үшін 14 723 оңалтудың техникалық құралы берілді.
Таным • 08 Қазан, 2020
Құсмұрын – сулы, нулы, көрікті тарихи мекен. Оның атауы көлемі жағынан Қазақстандағы ірі су бассейініне жататын Құсмұрын көлінің атауына байланысты қалыптасқан. Құсмұрынға Обаған өзені құлап, одан қайта ағып шығады. Мұндай көрініс Қазақстанда Зайсанға құйып, қайта шығатын Ертіс өзеніне де тән. Көлдің маңында қоңыр көмірдің мол қоры да бар.