
Руханият • 01 Қазан, 2020
Асыл дініміз – ұлттық бірлігіміздің өзегі
Заман әсте өзгеріп, адамдар қобалжу күйге түсті. Төтеннен келген індет ешкімді аяр түрі жоқ. Сен кедейсің бе, байсың ба, бәрібір. Жолындағысын жапырып, қаншама бейкүнә жандарды өзінің өлім құрығына түсіріп жатыр-ақ. Ешкім де, еш өркениет те бұған қарсы тұра алар емес, қауқарсыз кейіпте. Мүйізі қарағайдай, аузымен құс ілген еңселі елдер де титтей бір вирустың қарымынан аластала алар емес.
Оқиға • 01 Қазан, 2020
Қазақ тілін дамыту, оның мемлекеттік тіл мәртебесіндегі деңгейі туралы айтып, жазып жүрген тіл жанашырлары жеткілікті. Алайда еліне етене жақын «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген ел ағалары М.Жолдасбеков пен Б.Бодаубайдың туған тілдің тағдыры туралы мемлекеттік маңызы бар мәселе көтерген мақаласы тілші-ғалым ретінде мені тебірентіп, қолыма қалам алғызды.
Қоғам • 01 Қазан, 2020
Жылқы баптау – қанға біткен қасиет
Жылқыны бағу мен оның өнімдерін адам игілігіне жарату – күнелтіс қамы болса, оны баптап, жаратып, бәйгеге қосу – өнер. Өнер болғанда да қанмен сіңетін қасиет, аса қызығушылықпен жылдар бойы ден қоя үйренбесе, зерттемесе сырын оңайлықпен аша қоймайтын ғылым. Жылқы түлігін алғаш қолға үйреткен немесе жылқы түлігі алғаш даласынан табылған деп аталатын біздің халқымызда жүйрікті жазбай танып, оны балаша баптап, құстай ұшырған дала перзенттері – атбегі, сейістердің орны бір бөлек.
Руханият • 01 Қазан, 2020
Ибадолла әулиенің мазары Павлодар – Семей тас жолының бойында орналасқан Аққулы ауданы, Қызылқоғам ауылында, бұрынғы Тұзқала деп аталған елді мекеннің үшінші бөлімшесінде орналасқан. Күні бүгінге дейін мұнда тәу етуге, құран бағыштауға келушілер баршылық. Бабамыз ұзақ өмір жасап, 95 жасында 1965 жылы пәниден өтті. Ол діндар білімділігімен, көріпкел әулиелігімен өзі өмір сүрген ағайын арасында ғана емес, төңіректегі іргелес өңірлердің барлығына, алыс-алыс аймақтарға даңқы жайылған шарапатты адам болды. Бүкіл өмір жолын, халқына жасаған қызметін толық білмегенмен, көзінің тірісінде өзіміз көрген, елдің аңыз ғып айтып жүрген қасиеттерінен ойымызда қалған мына төмендегі деректерді келтірейік.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2020
Ертең "Nur Otan" партиясының праймеризіне дауыс беру кезеңі басталады
Ертеңнен бастап "Nur Otan" партиясының праймеризіне дауыс беру кезеңі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020
Елорда әкімі еріктілер мен белсенді азаматтарға "Халық Алғысы" медалін табыстады
Кездесуде құрамына волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстардың барлық өкілі кіретін бірыңғай платформа құру мәселесі талқыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 30 Қыркүйек, 2020
Бүгін "Бірлік" саяси партиясының кезектен тыс V съезі өтті
Биылғы жылдың 30 қыркүйегінде өткен "Бірлік" партиясының кезектен тыс V съезіне 100 ден астам делегат қатысты, оның 85-і онлайн режимде видеобайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 30 Қыркүйек, 2020
Тұтынушылардың энергетика компанияларының алдындағы қарызы 17 млрд теңге
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында жылыту маусымына дайындық туралы мәселе қаралды. Қабылданған шаралар туралы энергетика министрі Н. Ноғаев пен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020
Өскеменде есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды
Өскемен полициясы астанадан келіп есірткі сатқан ерлі-зайыптыларды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
Медицина • 30 Қыркүйек, 2020
Сирек кездесетін аурумен ауыратын балалар көмекке мұқтаж
Елімізде сирек кездесетін, генетикалық аурулармен ауыратын балалар мәселесі ешқашан қоғам назарынан тыс қалған емес. Атап айтқанда, азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен қоғамдық қорлар, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері орфандық аурулары бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемаларын көтеріп келеді.