Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20386 материал табылды

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020

Екінші толқынды тойтаруға дайынбыз ба?

Коронавирус пандемиясының соққысы біздің елді ғана емес, күллі әлемді есеңгіретіп кетті. Тұтқиылдан келді де, тыныш өмірдің шырқын бұзды, сонымен қатар айтып келмеген апаттың мұндай түрінің алдында адам баласының қаншалықты қауқарсыз және қорғансыз екенін байқатты. Ең өкініштісі, бұл сұрапыл індет миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіріп, талай шаңыраққа қайғы әкелді.

Абай • 14 Қыркүйек, 2020

Әлемге ақыл себуші

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес! ...Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер, Сау қалғанның көбісі ертең бітер. Тоқтамас дүниенің дөңгелегі, Шешеннің айтқан сөзі көпке кетер, – деп Мағжан ақын жырлағандай, шешеннің айтқан сөзі көпке жетті. Бұл шешен Абай еді.

Пікір • 14 Қыркүйек, 2020

Мемлекет – тиімсіз шаруагер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мемлекет – тиімсіз шаруагер деген қағида аксиомаға айналды», деген болатын.

Оқиға • 14 Қыркүйек, 2020

Іздестіру жұмысы жалғасып жатыр

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы іздеу тобымен бірлесе отырып Батыс Қазақстан облысы аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза болған Тынық мұхиты флотының теңіз жаяу әскері мен бейбіт тұрғындардың сүйектерін іздеуге бағытталған археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.

Руханият • 14 Қыркүйек, 2020

Елін сүйген ер еді...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың биыл Саяси қуғын-сүргін және ашар­шылық құр­бандарын еске алу күніне орай ар­­­найы үндеу жа­риялағаны мәлім. Үн­деуінде Прези­дент Қ.Тоқаев тә­уел­сіз­діктің ал­ғаш­­­қы жыл­да­ры­нан басталған тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанын айтты.

Тарих • 14 Қыркүйек, 2020

Зұлмат жылдар зобалаңы толыққанды баға беруді қажет етеді

ХХ ғасырдағы қазақтың көрген құқайы аз емес. Ғасыр басындағы Ұлт-азаттық көтерілісі, Октябрь төңкерісі, қайталап соққан аштық, саяси қуғын-сүргін, соғыс теңіз толқынындай қуалай келіп, қазақты жүдетіп ғана емес, жер бетінен ысырып тастай жаздады. Саяси қуғын-сүргін мен бас-аяғы он шақты жылдың ішінде екі рет қайталанған алапат аштықтан халық қынадай қырылды.

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020

Мүгедектікке жәрдемақы төлемі – 243 млрд теңге

Қазақстандықтарға мүгедектікке байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар түрінде 243 млрд теңгеден астам қаражат төленді.

Абай • 14 Қыркүйек, 2020

«Құтты білік» және Абай туралы

Өтүкен жазирасында бағзы ғасыр­дан тәбарак болып жетіп, түркі өрке­ниетінің тұма бастауында тұрған Біл­ге қаған, Күлтегін, Тоныкөк жыры түр­кі елінің ту көтеріп тұғырлы мем­ле­кет орнатып, ұлыстың іргесін бекі­тіп, бауырластардың басын қосып, ын­тымағын ұйыстырып, сыртқы жауларға жорық жасаған ерлігін жыр етсе, Қа­­ра­­хандар дәуірінде хатқа түскен «Құтадғу білік» дастанында ислам мәде­ниетін игеріп, сымбат түзеген хал­қымыздың қоғамдық-ой санасында орын алған рухани елеулі құбылыстар мемлекеттік жүйенің мүддесі мен талабы тұрғысынан сараланып, әлеуметтік-саяси, дидактикалық-моральдық аса бай мазмұнда шыншыл да сыршыл суреткерлікпен бедерленеді. Орхон жырларында жорық дүбірі, эпикалық қаһармандық тыныс мейлінше басым болса, Жүсіп Баласағұн дастанында адамның ішкі жан дүниесі, рухани кемелдену жолдары, этикалық құндылықтар, адам мен мемлекеттің, патша мен халық­тың қарым-қатынасы, қоғамдағы түрлі топтардың мінез-құлқы, ой-танымы білгірлікпен жырланады.

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020

Мемлекеттік қызметке мән беретін кез келді

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 100 мыңнан астам бұзушылық анықталып отыр. Бұл туралы өткен аптада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде көрсетілетін мем­ле­­кеттік қызметтер сапасының маңызды мә­се­лелеріне арналған бейнеконференцияда баян­далды.

Руханият • 14 Қыркүйек, 2020

Бірегей еңбек

Қазақ – Жұбан ақын айтқандай, шынымен-ақ, «мың өліп, мың тірілген» халық. Өлген емей немене, «басы барды еңкейткен, тізесі барды бүгілткен» арғықазақ заманындағы ұлы бабалардың бүгінге дейін жер-жаһанның айтулы ғұламаларын таң-тамаша қалдырумен келе жатқан мол мұрасынан көз жазып қала жаздадық.