
Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Қызылорда облысында жергілікті жолдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жыл соңына дейін Қызылорда облысындағы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 69% құрамақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Степногорск қаласында ПХД-қалдықтарды кәдеге жарату зауыты болмайды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Степногорск қаласында құрамында полихлордифенил бар (ПХД) қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салуды жоспарламайды. Бұл туралы бүгін Степногорск қаласының экологиялық мәселелеріне арналған бейнеконференция барысында уәкілетті органның вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді. Қазіргі заманғы қондырғыны орналастыру үшін өңірден тыс баламалы учаске айқындалатын болады.
Қоғам • 03 Тамыз, 2020
Қоғам қайраткері Бек Құндақбаев қайтыс болды
Алматыда 87 жасында қоғам қайраткері Бек Құндақбаев өмірден өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Тамыз, 2020
Шереметаның промоутері Головкинмен кездесу қашан өтетінін айтты
Орта салмақтағы IBF және IBO белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен IBO белбеуінің міндетті қарсыласы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы кездесу қазан айында өтеді. Бұл туралы Przegladsportowy.pl порталына польшалық боксшының промоутері Анджей Василевски айтты.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасуға қатысты іс-шаралар бір жылдан соң өтеді
Жақсылық Үшкемпіровты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі пандемияға байланысты және адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында тек отбасы ішінде өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Мақтааралда су тасқыны салдарынан өлген үй жануарлары үшін өтемақы толық төленді
Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерден жалпы 931 бас түрлі ауылшаруашылығы жануарларының өлекселері шығарылған болатын. Өлекселер арнайы инсенератор аппараты арқылы толығымен жойылып, елді мекендерде бірнеше рет дезинфекция жұмыстары жасалған.
Әлем • 03 Тамыз, 2020
ДДҰ дүние жүзі елдерін қайтадан карантин енгізбеуге шақырды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне коронавирустың тарауын алдын алу үшін және әлеуметтік-экономикалық салдарға байланысты қайтадан карантин енгізбеуді ұсынды. Бұл туралы ДДҰ төтенше аурулар бөлімінің басшысы эпидемиолог Мария Ван Керкхове The Daily Telegraph басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Тамыз, 2020
Алғыс арқалаған хаттың ақиқаты
Заң талабын сақтай отырып, әділдікті ту еткен соттың шешіміне өз ризашылығын білдірген бір хат редакциямызға келді. Оны Шымкент қаласының тұрғыны Қанат Жартыбеков деген азамат жолдапты.
Өнер • 03 Тамыз, 2020
Тігіншілік – қол мен қиялдың еңбегі
«Шебердің қолы алтын», дейді атам қазақ. Сөзге шебер, іске де ұста халқымыздың мәдениетін паш ететін құндылықтарының бірі – оның қолөнері. Асыл тастан сән бұйымын жасаған, қазақ ұлттық киімдерінің етек-жеңіне оқа тігіп, кимешектің өңіріне, жақтауына кесте жүргізіп, сүйек пен мүйізді қиыстырған халық шеберлерінің ісі – мақтауға тұрарлық өнер туындысы.
Руханият • 03 Тамыз, 2020
2000 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі аралықта Тараз мемлекеттік университетінде Дулаттану орталығын ашып, жұмыс істеп жүрген кезімде мен осындағы біраз қаламгермен таныстым. Солардың ішінен марқұм Бақтияр Әбілдаұлы мен Елен Әлімжан екеуімен тарихты жақсы білетіндіктерінен де жақын араласып, дос-жар болып кеттім. Елен де менімен әңгімелесуге құмартып тұрды. Біз саябақтарда қыдырып немесе қала сыртына саяхаттап сұхбаттасатынбыз.