Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
422 материал табылды

Сұхбат • 17 Қараша, 2022

Мүсілім Әмзе: Дирижерлік – бекзат өнер

Қазақстанның классикалық музыка өнерінде Ахмет Жұбанов бастаған дарынды дирижерлер көшін кәсіби түрде жалғастырып келе жатқан қалың шоғыр бар. Солардың арасында өзіне сенімді, байсалды, маңғаз мәнерінен зиялылық байқалатын Мүсілім Әмзені айрықша атауға болады. Алматының жанға жайлы мақпал кешін сахнаның сырлы әуенімен әрлей түсіп, көрермен көңіліне қанат байлап, ықыласпен шығарып салатын, шығармашылық концерттерде жиі бой көрсететін маэстроның өнерін көрермен қашан да құрметпен қабылдайды. Сиқырлы таяқшамен ауада өрнек салып, бүкіл аспапты үйлесімді ырғаққа ұйыстырып, оркестрді бір тыныспен басқаратын дирижер әр шығарманың өзегіне жан беріп, оны қайта тірілтіп қана қоймай, шабыт шеберлігі мен өнердің өлмес құдіретіне еріксіз бас идіреді. Ұлттық консерваторияда білім алып, түрлі оркестрмен шет ел сахналарында шеберлігін шыңдаған Мүсілім Әмзе – Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы құрамындағы Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық симфония оркестрі мен Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері. Сонымен қатар музыка өнеріндегі ғылыми-педагогика бағытында қызмет етіп жүрген ұстаз.

Ұлттық спорт • 16 Қараша, 2022

Асық атып, арқан тартты

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Балалар жылына орай Алматы қалалық мектеп-интернаттары арасында ұлттық ойындар бойынша «Музей кубогі» спорттық турнирін өткізді. Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық дене шынықтыру және спорт орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған дүбірлі додада төрт топ тартысқа түсті.

Қоғам • 09 Қараша, 2022

3000 кітап тегін таратылды

Алматыда Baurzhan foundation қоры ұйымдастырған «Kitap fest» кітап фестивалі өтті. Қазақстанның жалғыз кітап фес­тивалі болып табылатын ауқымды шара Алматы қаласы әкім­ді­гі­нің қолдауымен 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

Таным • 08 Қараша, 2022

Діни қолжазбалар мен басылымдар көрмесі

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейдің арнайы алаңында «Діни мазмұнды қолжазбалар мен басылымдар (ҚР МОМ материалдары негізінде)» атты көрме ұйымдастырылды. Қазақ халқының рухани мәдениетінің асыл мұраларының қатарында сирек кездесетін көне діни мазмұнды қолжазбалар мен басылымдардың алатын орны айрықша. Мемлекеттік орталық музейдің қорында 220 бірліктен аса дені қазақ, араб, парсы, шағатай, түрік, татар тілдеріндегі жазба жәдігерлер cақтаулы.

Қоғам • 01 Қараша, 2022

Музейдегі мағыналы бір күн

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық му­зейі он үш жылдан соң оралған Республика кү­нін «Гүлдене бер, ме­нің Қазақстаным» ат­ты патриоттық іс-шара­мен атап өтті.

Аймақтар • 20 Қазан, 2022

Архив: ауқымды істер арнасы

Архивсіз тарих, тарихсыз мемлекет болмайды. Архив – адамзаттың білімі мен ғасырлар еншісіндегі тәжірибесі, жазба тарихының дәйекті дәлелдері сақталатын қоймасы ретіндегі қызмет шеңберін уақытпен бірге кеңейтіп келеді. Архивке мемлекеттік тұрғыдан қолдау жасап, ондағы Ұлттық архив қорына кіретін құнды архивтік құжаттарды қорғау және жинақтау, есепке алу, олардың сақталуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету, заман талабына сәйкес архивті сандық трансформациялау мен архив саласындағы ғылыми, әдістемелік бағыттарын жаңғырту – әлемдегі барлық ел үшін ортақ мәселе.

Өнер • 18 Қазан, 2022

Дулат Исабеков әлемі халықаралық театр фестивалінде биіктен көрінді

Көрнекті жазушы, дарабоз драматург, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Дулат Исабековтің 80 жас мерейтойына орайлас өткізілген ІІ халықаралық «Исабеков әлемі» театр фестивалі өз мәресіне жетті. Қарыз бен парыз алдындағы азаматтық ұлы мұ­ратын бір түгендеп, өз-өзінен есеп алып, елге есеп беруді жөн көрген жазушы-драматургтің мерейтойын әдебиетіміздің қуа­нышы десек, жайдақтау сипаттағанымыз, ең бастысы, ұлттық театр өнерінің мерекесіне айналған мұндай фестивальды рухани кеңістігіміздің қазынасы, жетістігі деп бағалағанымыз жөн.

Туризм • 16 Қазан, 2022

Қолөнер – туризмнің ажырамас бөлігі

Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейде өткен Халықаралық қолөнершілер форумы осы кәсіппен шұғылданатын еліміздің ең таңдаулы шеберлері мен шетелдік сарапшылардың басын қосты. Форумға Қазақстанның барлық аймағынан, сонымен бірге Еуропа мен Орталық Азия елдерінен 150-ден аса шебер-қолөнерші қатысты. Қазақстан қолөнершілерін толғандырар мәселе көп, сондықтан халықтық қолданбалы өнер өкілдері кездескен жерде жиынның іскерлік сипат алатыны белгілі. Себебі қолөнершінің қай өңірден екеніне қарамастан, олардың өнеріне демеу болып, құшақ жайып қарсы алатын алаңдар аз, ақысыз қатысатын көрмелер, кәсібін кеңейтуге қолайлы әлеуетті әріптестер жоқтың қасы, билік орындары қажет болған кезде ғана оларды іздеп, антураж ретінде пайдаланып, басқа уақытта ұмыт қалдыруға үйренген, ал халықаралық алаңдағы қызу сау­да туралы сөз қозғаудың өзі артық.

Өнер • 14 Қазан, 2022

Әлемге талпынған Әлім

Биыл Алматыда КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, «Халық қаһарманы» Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығына арналған «Алматыдағы алтын күз «Қазақконцертпен» бірге» өнер фестивалі тұңғыш рет өтіп жатыр. Роза Бағланова ұзақ жылдар бойы Алматыда еңбек етті. Қазақтың бұлбұлына қанат бітіріп, музыка өнерінің биігіне шарықтап шығуына шабыт берген Алматы десек, бұл шындықпен келіспейтін жан болмасы белгілі.

Театр • 06 Қазан, 2022

Корей театрының торқалы тойы

1932 жылы Кеңес өкіметінің қаулысымен Владивостокта Қиыр Шығыс өлкелік корей театры болып іргесі қаланған Алматыдағы Республикалық Мемлекеттік академиялық корей театры 90 жылдық мерейтойын сән-салтанатымен атап өтті. Клуб үйірмелерінің негізінде құрылған сол театр қазақ жерінде уығын қадап, торқалы тоқсан жасына дейін түрлі қиындықтарды бастан кешсе де, есігіне қара құлып салған кезі жоқ, бір күн де еңсесін түсірмей, ертеңгі күнінің жарқын беттерін жасампаз еңбегімен жазып келеді.