
Өнер • 16 Шілде, 2023
№2 Балалар музыка мектебі оқушылары – Қарағанды қаласының ЮНЕСКО клубы – «Ақжелең» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Жәнібек Қазбекұлы) дәстүрлі «Ыстықкөл достарын жинайды-2023» ХІІІ халықаралық этно-карнавалында жеңіске жетті.
Музей • 12 Шілде, 2023
Қарапайым заттардан, тұрмыстық техника қалдықтарынан роботтар жасап танылған талғарлық стоматологті біреу білсе, біреу білмес. Оның ендігі мақсаты – шеберхана салып, өзгелерге темірмен жұмыс істеуді үйрету.
Музей • 10 Шілде, 2023
Ұлттық музейде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбында көрменің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай ұйымдастырылған көрмеде еліміздің ежелгі өркениет ордасы – Отырарға қатысты құнды жәдігерлер таныстырылды.
Жоба • 10 Шілде, 2023
Өткен аптада «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» атты халықаралық тарихи-мәдени экспедиция басталып, Көкшетаудан автосапарға аттанған еді. Ал қазір керуен орта ғасырдағы Найман хандығының шығыстағы шеткі шекарасына жетіп, Өтүкен қойнауына жол тартты. Одан кейінгі нүкте – Қарақорым. Жоспар бойынша тарихи экспедиция Павлодар, Бийск, Таулы-Алтай, Қосағаш, Баян-Өлгей, Ховд, Баянхонгор, Хархорин, Номғон, Ұланбатыр, Налайхан, Улан-Удэ, Иркутск, Красноярск, Новосібір, Омбыға аялдайды. Сапар Қазақстан, Ресей және Моңғолия аумағында, шамамен 9 мың шақырым жерді басып өтпек.
Мәдениет • 30 Маусым, 2023
Талай «тар жол, тайғақ кешуден» өткен қазақтың жанымен де, ділімен де, әнімен де, тілімен де, тарихымен де бірге жасап келе жатқан домбыра қаншама дәуірдің ауа көшіп, қаншама ғасырдың алмасуына куә болды.
Әдебиет • 28 Маусым, 2023
Өткенде «Әдеби калейдоскоп» айдарымен Бердібек Соқпақбаевтың «Қайдасың, Гауһар?» повесі туралы жазған едік. Сонда шағын шығарманың әуезінен бұрынырақта оқыған бір әңгіменің желісі ойға орала кетті.
Қазақстан • 27 Маусым, 2023
Ұлт журналистикасының тағылымды жолы
Ұлттық музейде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» атты көрме ашылды. Салтанатты жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, зиялы қауым мен журналистер қатысты.
Театр • 27 Маусым, 2023
«Жошы хан»: Елдік пен бірлік мұраты
Тарих қойнауына көз салсақ, Ел билеген хандар еске түседі. Тым әріден тарқатсақ, Жошы ұлысы. Жо-жоқ, Жошыдан бұрын атағы алты қырдан асқан Шыңғысханды айтуымыз керек.
Мәдениет • 26 Маусым, 2023
Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан ағайындардың қай-қайсысының да түп тарихы, өнері мен салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті тереңнен тамырласып жатыр. Бауырлас халықтардың түрлі тараптағы бекем байланысы бүгінгі таңда да жалғасып келеді. Күні кеше ғана Өзбекстанда Қазақ мәдениеті күндері аяқталды. 20 маусымда басталған бірқатар іс-шара Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Үлкен театр сахнасында «Абай» операсымен салтанатты түрде қорытындыланды. Тарихи туындыны Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының шығармашылық ұжымы ұсынды.
Пікір • 21 Маусым, 2023
Тарихи фильм: талғам мен талап
Қазақ киносының бүгінгі деңгейіне қандай да бір анықтама беріп, артық-ауыс сөз айтып, яки зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Үйіңіздегі көгілдір экранды қоса қойсаңыз, бәрі ап-анық көрініп тұр. Отандық сериалдарды қарап отырып, еріксіз күлкің келеді (сеніңіз, бұл әжуа күлкі емес, күйініші көп күлкі): арзан сценарий, жасанды ойын, құлаққа түрпідей тиетін қазақша. Ұлт зиялыларының өзгерген образы тіптен бөлек әңгіме. Ал тарихи киноларда алқақотан отырған, домбыра тартқан, қымыз ішкен, атқа қонған байырғы қазақты ғана танимыз.