
Мәдениет • 05 Қараша, 2024
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Чехияның ең беделді сахналарының бірі – «Рудольфинум» концерт залында өнер көрсетті. Әлемнің үлкен сахналарының бірінде отандық және әлемдік классикалық музыканың жауһарлары орындалды.
Өнер • 02 Қараша, 2024
Қоңыр күздің кезекті күндерінде Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының «Шалқыма» халық би ансамблі «Алтын қор – би қазынасы» атты концертін ұсынды. Мәдени кеш Қарулы күштердің ұлттық әскери патриоттық орталығында өтті.
Өнер • 02 Қараша, 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Астана Операда» әлемге әйгілі скрипкашы әрі дирижер, Қазақстанның ізгілік елшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиевтің симфониялық концерті өтті.
Қоғам • 01 Қараша, 2024
Қазақтың шалғайдағы бір ауылынан шығып, әлемдік деңгейді бағындырып, ғаламдық кеңістікке шыққан таланттардың бірін білсек, бірін білмей жатамыз. Есімін ел таныса да уақыт өте келе ұмытыла бастағаны да бар. Мәселен, өнер әлемінде Ерік Құрманғалиевтің есімі ерекше құбылысқа баланады. Біртуар таланттың әншілік тұлғасы күллі құрлықты таңғалдырды. Бір-ақ сәтте қайталанбас дауысы шартарапқа жайылып кетті.
Мәдениет • 31 Қазан, 2024
Тарихи видеолар – үлкен экранда
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының архивінде сақталған кино, фото және аудиоқұжаттар негізінде жасалған бейнематериалдар әзірледі.
Өнер • 31 Қазан, 2024
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұжымының «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығы, еліміздің Республика күнін мерекелеу аясында Мадрид қаласының үздік концерттік залында өнер көрсетті.
Көрме • 30 Қазан, 2024
6 қарашада Қазақстан мен Франция Мемлекет басшыларының қолдауымен Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде (Париж) Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени Қорық-музейінің коллекциясынан «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылады.
Қоғам • 29 Қазан, 2024
Мәдениет қызметкерлері баспаналы болды
Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасымен мәдениет саласының қызметкерлеріне пәтер сертификаттары табысталды.
Қоғам • 29 Қазан, 2024
Алматыда Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, Мемлекет басшысының атынан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдің дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет және өнер қайраткерлеріне, журналистерге, ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.
Көрме • 24 Қазан, 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбында көрме ашылды.