Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
811 материал табылды

Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2020

Модернист Мо Янды қазақша оқимыз

Жақын арада қазақ оқырманы тағы бір классикалық шығармамен танысатын болады. «Фолиант» баспасы қытайлық жазушы, Нобель сыйлығының иегері (2012) Мо Янның «Өмір мен өлім азабы» романын қазақ тілінде жарыққа шығармақ.

Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2020

Жазу – қаламнан бұрын санада бастау алады

Шексіздік, ең алдымен адамның ой-қиялына тән. Ал терең ойдың жемісі – жазу. Жақсы жазу. Ол дегеніңіз әдебиет. Кез келген ақын-жазушының жан түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы болады. Бәрін түгесіп, тауысқан классик жоқ. Бәрінің де, әйтеуір жазары бар. Әлқисса. Бүгін Әдебиет бетінде «Не жазып жүр­сіз? Һәм не жаза алмай жүрсіз?» деген әде­би сауалдама бастап отырмыз. Қазіргі қазақ авторларының шығармашыл өміріне барлау жасай отырып, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, жазушы-драматург Роза Мұқанованың не жазып һәм не жаза алмай жүргенін сұрап көрдік.  

Театр • 29 Желтоқсан, 2020

Жасөспірімдер театрға барсын десек...

Қоғамда сахна мәдениеті қалыптасып, адамдар «хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнермен» қауыша бастаған уақыттан бері театр биік талғам мен парасат мекеніне айналған-ды. Драматургияның шын шеберлік пен суреткерлікті қатаң талап ететіні де осыдан. Асыл өнердің табиғаты туралы неміс сыншысы Лессинг: «Лирикада болмыстың шындығы сезіледі, прозада болмыстың шындығы баяндалады. Ал драмада болмыстың шындығы жасалады», дейді.

Өнер • 25 Желтоқсан, 2020

Елена Әбдіхалықова: Күйінгенім де, сүйінгенім де – өнерімде

Бүгінгі қоғамда таза өнерді, шын өнерді бар болмысымен қолдап, қорғап һәм сахнаның абыр-дұбырынан саяқ жүретін, ал жеке кездесе қалсаңыз, ән туралы шын пейілімен ақтарылатын өнер адамдарын кезіктірудің өзі қиын. Әнші, композитор, ақын Елена Әбдіхалықова сол саптағы аздаған өкілдің бірі. Жақсы ән тудырып, тыңдарманның жүрегін тазарту арқылы қазіргі қазақ сахнасындағы бейбастықпен күресіп жүрген талант иесімен шығармашылықтың қызығы мен қиындығы туралы әңгімелескен едік.

Қоғам • 20 Желтоқсан, 2020

Авторлық құқық: Жаңа заң жарылқай ма?

Елімізде ақын-жазушыларға берілетін қаламақы тәуелсіздік жылдарынан бері түйткілді мәселеге айналған-ды. Ұзақ уақытқа созылған күрмеулі тақырыптың түйіні – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бекітілген «Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидалары» арқылы тарқағандай болды. Алайда 2017 жылдан бастап іске асқан бұл бағдарлама автордың құқын 70 жылға шектейтін болғандықтан, қоғамда түрлі наразы пікірлер туындады. Осы себептен жуырда Мәдениет туралы заңға бірқатар өзгеріс енгізіліп, авторлық құқықты сатып алу мерзімі 70 жылдан 5 жылға қысқарды.

Оқиға • 10 Желтоқсан, 2020

«Алтын домбыра» иесін тапты

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Абай тағылымы – Тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық ақындар айтысының ақтық мәресі өтті.

Оқиға • 07 Желтоқсан, 2020

«Алтын тобылғы – 2020» иегерлері анықталды

Елбасы қоры әдебиетті қолдау мақсатында ұйымдастыратын «Алтын тобылғы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Оған түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысқан еді.

Оқиға • 01 Желтоқсан, 2020

Қарақаттың дауысы қайран қалдырды

Junior Eurovision XVIII ән байқауында ел намысын қорғаған Қарақат Башанова 2-орынға ие болды. Жас талант өнер додасында Forever әнін шырқаған еді.

Кино • 30 Қараша, 2020

Алан Рикман күнделіктері жарияланбақ

Әйгілі британдық актер Алан Рикманның 27 томнан тұратын күнделіктері бір кітап болып жарыққа шықпақ. Баспаның хабарлауынша, қолжазба актердің жиырма бес жылдан астам өмірін қамтиды. Яғни Рикман 1990 жылдардан бастап ғұмырының соңына дейін (2016) күнделік жазған.

Кино • 30 Қараша, 2020

DISNEY-дің тағы бір фильмі – қазақ тілінде

Disney студиясының қазақ тіліне дубляждаған «Мулан» анимациялық фильмінің премьерасы 17 желтоқсанда өтеді. Айта кетейік, бұл – отандық кинопрокат мемлекеттік тілде шығатын 35-ші кинотуынды.