Руханият • 17 Қазан, 2019
16 қазан күні Ұлттық академиялық кітапханада ақын, жазушы, драматург Баянғали Әлімжановтың 65 жылдық мерейтойына орай «Сырыңды айтшы, дүние…» атты шығармашылық кеші өтті.
Руханият • 04 Қазан, 2019
Ұлттық академиялық кітапханада қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған көрнекті жазушы Кемел Тоқаевты еске алуға арналған «Дидары дүниенің – детективте» атты кеш өтті.
Руханият • 27 Қыркүйек, 2019
Таңдаулы туындылар тұсаукесері
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы» мен «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» ағылшын тілінде жарық көрді. Қос антологияның тұсаукесері 25 қыркүйекте Британия кітапханасында өтті.
Әдебиет • 25 Қыркүйек, 2019
Таяуда елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2019
Кеше Токио қаласындағы БҰҰ университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасы аясында Елбасы кітапханасы қорларының көрмесі ашылды.
Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2019
Хэм ағай: шеберлік һәм шыңырау
1959 жыл. Мәскеу. Хемингуэйдің «қара екітомдығы» жарық көріп, дүн-дүниеде әдеби пейзажды өзгерткен «жер сілкінісі» болды. Ресей жұрты үшін Америка мен Хемингуэй егіз ұғымға айналып, кітапсүйер елдің бәрі жапа-тармағай Хэм ағайдың суретін қабырғаларына іліп жатты. Тоқылған жемпір киіп, сақал өсірді. Әдеби ортада еліктеу селі қатты жүрді. Жас романтиктер «ұлы Хэм ағайша» өмір сүруді қалады. Алайда әдебиеттанушы Рафат Әбдіғұловтың сөзімен айтсақ, «Хемингуэйге еліктегендердің бәрі Хемингуэйше жазғысы келді. Бірақ ешқайсысы Хемингуэй бола алмады». «Әдебиетке алғаш аяқ басқаннан көпшілікті таң- ғалдырған Эрнест Хемингуэй жазуда қандай ерекшелігімен назарға ілікті? Хемингуэй творчествосының қазақ әдебиетіне әсері болды ма?» Осы сұрақтар төңірегінде ой қозғап, әдебиеттің өз адамдарынан сөз сұрап көрдік.
Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2019
Биыл адамзаттың алып ақыны, неміс халқының ұлы перзенті, Энгельсше айтсақ, «Кейде орасан зор ұлы ақын, кейде жұпыны, кейде дүниеге пысқырмайтын, бас имейтін тәкаппар данышпан, кейде сақ, баршаға разы» Иоганн Вольфганг фон Гётенің туғанына 270 жыл толды. «Мені патшалықтар мен тақтардың ойрандалуы емес, қарапайым шаруаның құжырасы өртенгені қынжылтады», деп күңіренетін неміс баласының туған күнін қазақ елі де елеусіз қалдырған жоқ.
Әдебиет • 04 Қыркүйек, 2019
61 қаламгердің шығармалары БҰҰ-ның алты тіліне аударылады - Президент
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің І форумы өз жұмысын бастады. Әдеби форумның Пленарлық отырысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашты.
Руханият • 03 Қыркүйек, 2019
Азия қаламгерлерінің алқалы жиыны өтті
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында 4-6 қыркүйек күндері ел астанасында өтетін Азия елдері қаламгерлерінің І форумына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Руханият • 02 Қыркүйек, 2019
Жақында Ұлттық академиялық кітапханада татар ақыны Мұса Жәлелдің шығармашылығына арналған «Жәлел жұлдызы» халықаралық әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды.