
Аймақтар • 01 Наурыз, 2025
Өскеменде Ассамблеяның 30 жылдығына арналған ескерткіш тақта ашылды
1 наурыз күні Өскемендегі Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл маңызды оқиға ел бірлігі мен этносаралық ынтымақтастықтың символына айналып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау жолындағы тағы бір айшықты белес болды.
Ғылым • 26 Ақпан, 2025
«Казцинк» техникалық университетте ғылыми сессия өткізді
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Қазақстан Республикасының тау-кен өндіруші кәсіпорындарының ғылыми-технологиялық дамуы» тақырыбында маңызды ғылыми-техникалық сессия өткізілді. Бұл шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Казцинк» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2025
Қазақстандағы алғашқы кітапханалық нейро-ассистент таныстырылды
7 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада еліміздегі алғашқы кітапханалық нейро-ассистент – DosAI таныстырылды. Инновациялық жобаның тұсаукесеріне аудан және қала кітапханашылары, IT мамандары, студенттер мен жаңашылдыққа жаны құмар оқырмандар қатысты.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025
Қырық көлік қар құрсауында қалды
Қаңтар қарлатып, борандатып тұр. Күре жолдар бірде ашылып, бірде жабылады. Тау бөктеріндегі жолдарға көшкін түсіп, қауіп төндіріп тұрғаны және бар. Жуықта қар құрсауында қырыққа жуық көлік қалып, құтқарушылар қол созған.
Көрме • 27 Желтоқсан, 2024
Салбурынды суреттен тамашалады
Жаңа жыл қарсаңында төрт жыл қатарынан өтіп келе жатқан «Шығыс салбурыны» бүркітшілер сайысында түсірілген фотосуреттер іріктеліп, көрмеге қойылды. А.Пушкин атындағы кітапханада тұсауы кесілген көрме бір ай бойы өнерсүйер қауымды қуантады.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2024
Тәжірибені шыңдайтын шеберхана
Жуықта Д.Серікбаев атындағы университетте ашылған Лу Бань шеберханасына бір жыл толды. Осы уақыт ішінде заманауи шеберхана толайым табыстарға жетті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, Қазақстанның басқа аймақтарында да Лу Бань шеберханаларын ашу туралы тапсырма берді.
Тағайындау • 12 Желтоқсан, 2024
Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды
ҚР Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ақышов Алмат Талғатұлы Өскемен қаласы әкімінің лауазымына тағайындалды.
Жәдігер • 12 Желтоқсан, 2024
Марқакөл мен Катонқарағай арасындағы тау биігіндегі кең жазықта археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, VII-IX ғасырларға жататын жауынгерлер мен жылқылардың жерлеу орындары табылған. Кейіннен сол орыннан табылған қимақ жауынгерінің жаңғыртпасы жасалып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне ұсынылды.
Өндіріс • 06 Желтоқсан, 2024
Күршім ауданының Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасы іске қосылып, 300 жұмыс орны ашылды. Тұрғындардың алды жұмысқа орналасып та үлгерді. Сонымен қатар кәсіпорын басшылығы тарапынан 200 отбасына ай сайын 170 мың теңге көлемінде көмек көрсетіліп отырмақ.
Өнер • 06 Желтоқсан, 2024
Өскеменде құрылған «Шабыт» студенттер театры 10 жылдық мерейтойларына орай көрерменге «Ақ келін» спектаклін ұсынды. Күлдіре отырып ой салатын қойылымды университет студенттерімен қатар мәдениет саласының қызметкерлері де тамашалаған.