Жасұлан СЕЙІЛХАН
Жасұлан СЕЙІЛХАН«Egemen Qazaqstan»
61 материал табылды

Саясат • 24 Желтоқсан, 2024

Көлік-логистика саласына серпін қажет

Кеше Мәжілісте палата спикері төрағасының орынбасары Альберт Раудың төрағалығымен Үкімет сағаты өтті. Онда еліміздегі көлік-логистика саласының әлеуетін арттыру мәселесі қаралып, ол бойынша Көлік министрі Марат Қарабаев баяндама жасады. Баяндамада министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді Еуразияның басты көлік логистикалық хабына айналдыру туралы тапсырмасының орындалу барысына және көлік саласының әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараларға егжей-тегжейлі тоқталды.

Саясат • 16 Желтоқсан, 2024

Орта держава мәртебесі – өркениет өлшемі

Тәуелсіздік жылдары қолымыз жеткен жетістік, біз бағындырған белес аз емес. Бастысы жаһандық сын-қатер қаупі күн санап артқан алмағайып шақта ішкі және сыртқы тұрақтылықтың тізгінін тең дәрежеде ұстап қала алдық. Бүгінде кейбір ел үшін төңірегіндегі геосаяси ахуалдың салдарынан белгілі бір белеске көтерілу тұрмақ, өзін мемлекет ретінде ұстап қалудың қамы маңыздырақ болып қалды. Азаттық алғанымен алдымен тоқыраудың азабын тартқан еліміз еселі еңбектің арқасында жыл өткен сайын экономикасын нығайтып, сыртқы саясаттағы теңгерімді де естен бір сәт шығарған емес. Демократия мен бейбітшілікке, тұрақтылық пен ашық диалогке деген ұмтылысы елімізді халықаралық қауымдастық алдында абыройға бастап келеді.

Заң мен Тәртіп • 12 Желтоқсан, 2024

Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейе түсті

Әлемді қан қақсатқан қаржы пирамидалары біздің елдің де табалдырығын аттап, қанымызға қара таңба болып сіңе жаздап барып беті қайтты. Құзырлы органдардың табанды әрекеті мен жұрттың аяғын тартып басып, сауатын арттырғанының арқасында қаржы пирамидалары құрыққа түсе бастады. Оларды ұйымдастырушылардың алды сотталса, біразы шетел жағалап, елден бас сауғалай қашты.

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2024

Химия өнеркәсібі мен құрылыс индустриясының дамуы қарқынды

Жыл басынан бері Жамбыл химия өнеркәсібі 212 млрд теңге­нің өнімін өндіріп, облыс экспортының 77 пайыздан астамын қамтамасыз еткен. Ал еліміздің химия өндірісіндегі оның үлесі 24 пайызға жуықтады. Жалпы, республика бойынша фос­фордың – 100, минералды тыңайтқыштардың –81, гипс­тің – 87, портландцементтің 13 пайызы Жамбыл облысын­дағы өндіріс орындарынан шығарылады. Бұл туралы өңір басшысы Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, азаматтардың мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысуы туралы баяндады.

Мәселе • 05 Желтоқсан, 2024

Қараусыз ит – қауіпті

Бүгінде ел ішінде қаңғыбас ит-мысықтар мәселесі өршіп барады. Азаматтардың пікір қайшылығы қо­ғамды екіге бөле бастады. Әрине, бұралқы иттен зар­дап шегушілердің саны азаймай тұрғандықтан, топ­­тасып көше кезген, аулада емін-еркін ойнақтап жүр­­ген адамның «досына» деген көптің көңілі суып кет­кендіктен оларды «тәртіпке салуды» жақ­тау­шы­лар жағы басым. Ал иттердің құқығын қорғап, шыр-пыр бол­ған­дардың да өз айтары бар.

Басылым • 29 Қараша, 2024

Басқа басылымдардан: Cтратегиялық байланысты қуаттады

Қазақстан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні Ресей Президенті Вла­ди­мир Путинмен болған кез­десуінде екі ел арасын­дағы стратегиялық байланыстарға ерекше тоқталды.

Саясат • 28 Қараша, 2024

Қазақстан-Ресей – стратегиялық серіктес, сенімді одақтас

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайынан қарсы алды. Ресей делегациясын күтіп алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді.

Үкімет • 21 Қараша, 2024

Мемлекет балық шаруашылығын қолдайды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда Мәжіліс комитеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыру­ға қарсы іс-қимылға қатысты, Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы ратификациялық жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Сондай-ақ акваөсіру субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив істері салаларындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері туралы заң жобаларын мақұлдады.

Саясат • 19 Қараша, 2024

Қазақстан – Ресей: Серіктестік қадамдары

Еуразияның қақ ортасында орналасқан Қазақстанға Ресеймен өзара сенім мен достық, ынтымақтас­тық жағдайында байланыс орнатудың маңызы өте зор. Жер бетіндегі ең ұзақ шекараның да осы екі ел арасында жатуы қай тұрғыдан алсақ та ортақ келісімдердің, әріптестік әлеуеттің биік болуын талап етеді. Жаһандық геосаяси ахуалдың құбылмалы қазіргі кезеңінде біздің елге қай көршімен болсын тиімді серіктестік орнату үлкен жетістікке жетелейтіні анық. Сондықтан Қазақстан мен Ресей қатар мүше болып отырған түрлі халықаралық саяси, экономикалық, қауіпсіздік ұйымдар аз емес.

Әлем • 15 Қараша, 2024

Дональд Трамп АҚШ-қа қандай өзгеріс әкелмек?

Әлем көз тіккен АҚШ-тағы прези­дент сайлауы да аяқталып, алдағы төрт­жылдықтың саяси сахнасына миллиардер Дональд Трамп қайта келді. Ұзақ жыл бизнесте жүріп, саясатқа тым кеш келген Трамп осылайша екінші мәрте ел тізгінін қолға алғалы отыр. Президентті ұлықтау рәсімі дәстүр бойынша келер жылдың 20 қаңтарында өтеді. Ал оған дейін қарап отыратын Трамп жоқ сыңайлы. Қазірдің өзінде-ақ Украина-Ресей соғысына, мемлекет­тік шекараға, Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалға қатысты батыл мәлімдемелер жасап, тіпті кадрлық тағайындауларды да бастап кетті.