Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90811 материал табылды

Аймақтар • 28 Наурыз, 2018

Шымкентте Әлішер Науаи саябағы ашылады

Бүгінде Оңтүстік Қазақ­стан облысындағы 3 мил­лионға жуық тұр­ғын­ның 17 пайызын өзбек этносының өкілдері құрай­ды. Нақтырақ айт­сақ, облыста 491 мың өзбек өмір сүруде. Өңірдегі 15 мектепте білім өзбек тілінде беріледі, ал аралас тілді 50 мектепте өзбек сыныптары бар. Сонымен қатар республикамыз­дағы жалғыз өзбек драма театры да оңтүстікте орналасқан. 

Қазақстан • 28 Наурыз, 2018

Паралимпиада чемпионы Александр Колядинге пәтер мен машина кілті табыс етілді

Қостанайда қысқы спорт түрлерінен  паралимпиаданың Тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш  чемпионы Александр Колядинге құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов  чемпионға Қостанай қаласынан берілетін үш бөлмелі пәтердің сертификаты мен  темір тұлпардың кілтін және бір миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Қазақстан • 28 Наурыз, 2018

Ресейліктердің қайғысына ортақтасқан қазақстандықтар елшілік маңына гүл шоқтарын әкеліп жатыр

Кешелі бері Астанадағы және Алматыдағы Ресей елшілігінің маңында қазақстандықтар Кемероводағы өрттен көз жұмғандарға көңіл айтып, гүл шоқтары мен ойыншықтар әкеліп жатыр. Бұл туралы РФ елшілігінің өкілдері хабарлады.

Бокс • 28 Наурыз, 2018

Головкин кіммен жұдырықтасады?

Кәсіпқой бокстың көкжалдары, орта салмақтың оғландары – қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек өтпей қалған жағдайда жерлесіміз кіммен жұдырықтасуы мүмкін?

Футбол • 28 Наурыз, 2018

Қазақстан құрамасы: Соңғы минут синдромы

Қазақстан ұлттық құрамасы Станимир Стойловтың бастауымен екі жолдастық кездесу өткізді. Алдымен Венгрияны 3:2 есебімен жеңгеннен кейін, отандастарымыз Болгария құрамасынан 2:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Аймақтар • 28 Наурыз, 2018

Қызылорда: Атыста оққа ұшқан тұрғын көз жұмды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оққа ұшқан  азамат қайтыс болды.

Қазақстан • 28 Наурыз, 2018

Бес бастама қазақстан­дық­­тардың болашаққа деген үміт­терін арттырады - Гүлдана Есмурзина

Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан экономикасын ілгерілету үшін батыл қадам жасалды – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Пре­зи­денттің бес әлеуметтік баста­масы» атты халыққа Үндеуі хал­қы­мыздың болашаққа деген се­німін арттыра түсті. Оның әр­қайсысы бүгінгі күнгі халықтың жағдайын түзетуде өте маңызды.

Қазақстан • 28 Наурыз, 2018

Пәтерге қол жеткізе алмай жүрген қазақстандықтар үшін тосынсый іспеттес болды - Сайын Қуанышев

Бүгінде елімізде бас­па­наға мұқтаж адамдар жетіп-артылады. Олардың әрқай­сы­сы үйлі болуды арман­да­ға­нымен, пәтердің қым­баттылығы және пайыз­дық үстемесінің жоғары болуы кедергі келтіруде.

Қазақстан • 28 Наурыз, 2018

Цифрлы прогресс – қарқынды дамудың негізі - Сәуле Айтпаева

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін атап өтті. Президент мемлекетті жаңа технологиялар дәуіріне оңай бейімдеуге мүмкіндік беретін бірқатар міндеттерді айқындады. Цифрлы прогресс өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, ол күнделікті қызметімізде өзінің негізгі салмақ үлесін алып қана қоймай, қаржылық тұрғыдан да ықпал етуде.

Білім • 28 Наурыз, 2018

Семей студенттеріне жатақхана жетіспейді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің үшінші бөлімінде «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» қажеттігін атап көрсеткені белгілі.