
Театр • 21 Наурыз, 2018
Театр: Балалықтың бейкүнә бейнесі
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» шығармасын оқымай ер жеткен бала жоқ шығар. Бәрі оқыды! Әрқайсысының ішінде бір-бір Қожа өмір сүріп, сол аяулы бейненің күні бүгінге дейін балғын күніміздің бейкүнә белгісіндей боп көңіл түкпірінде жасырынып, жадымызда мәңгілікке жатталып қалғаны тағы ақиқат. Иә, бәріміз Қожа болдық!
Тарих • 21 Наурыз, 2018
Нұғым Қайдар, бүркітші: Әкем 90 жасқа дейін құс баптады
Жақында Үржар ауданында құсбегілердің ХХІІ чемпионаты өткен болатын. Осымен үшінші жыл қатарынан Шығыс Қазақстанда ұйымдастырылған бүркітшілер бәсекесіне облыс атынан Үржар ауданының тоғыз бүркітшісі қатысқан еді. Ұлттық өнерді ұлықтаған жарыстан кейін дүбірлі додада қолына қондырған құсы жүлделі екінші орынды алған үржарлық бүркітші Нұғым Қайдармен аз-кем әңгімелескен едік.
Өнер • 21 Наурыз, 2018
Балби Кәкейұлы, атбегі: Жүйріктің бабы келмесе, бағы да жанбайды
Қазақта атбегілік дейтін өнер бар. Ол – жүйрік жылқыны таңдап-танып, баптап бәйгеге қосып, бабын табатын адам. Өте ертеректе оңтүстік өңірде ғұмыр кешкен атақты атбегі Мақұлбек, керекулік Бежу, жетісулық Бақай, сондай-ақ сіргелі Меңдекелер жайлы ел аузында сақталған дерек көп. Осы бір құнды мұрамызды ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, бүгінге жеткізген ат бапкерлері – созақтық Файзолла Ормызов, тараздық Нұрдәулет Әлібекұлы, «Дегерес» жылқы зауытының аттарын баптаған Нәркен Қалибек ақсақал, ағадырлық Жолдыбай Кенжеғұлов, алтайлық Еркін Темірбайұлы сынды тұлғалар бар. Соңғы екі-үш жылда ескінің көзі, өнердің өзі болып келген жоғарыдағы қариялардың үшеуі дүниеден өтіп кетті. Қалғаны сексеннің сеңгірінде. Дәл бүгін текті өнерді үзбей өрге сүйреп келе жатқан Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Жаңаталап ауылында Балби Кәкейұлы дейтін атбегі бар. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қарағандылық ақсақалды іздеп барып жолығып, ат баптау өнері жайлы әңгіме өрбіткен едік.
Кино • 21 Наурыз, 2018
Шәкен Аймановтардың шетел көрерменіне ұнау деген ойдан ада, «халықаралық конкурс» дегенді көздемей, пайдаға ғана келіп тірелетін прокат дегенге пысқырмай-ақ түсірген халықтық фильмдерінің қартаймау сыры туралы ойланғанда, қапысыз бір шындықты тануға тура келеді. Оның туындыларын киноны биік өнер тұрғысынан ғана бағалап, «массовый» фильмдерге мұрын шүйіре қарайтын талғампаз киносыншылардың өзі де мойындайды. «Біздің сүйікті дәрігер» экранда алпыс жылдан бері өмір сүріп келеді, «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе» фильмдерінің жасы елуден әлдеқашан асып кеткен, тіпті жыл он екі айдың қай мезгілінде көрсетсе де, жалықтырмайтын «Тақиялы періштенің» түсірілгеніне де биыл тұп-тура 50 жыл толып отыр. Түсірген фильмдерінің өмірі 4-5 жылдан аса алмай, өз аудиториясын қалыптастыруға не қабілеті, не шеберлігі жетпейтін режиссерлермен Шәкенді салыстырып күпір болудан аулақпыз, дегенмен 56 жас қана жасаса да, дәуірмен құрдастығын үзбей, көрерменге ұсынып үлгерген жұмысының қай-қайсысы да уақыттың барлық сынына төтеп беріп келе жатқан Аймановтың ұлылығы осындайда тіпті жарқырай түсетініне баршамыз күн өткен сайын көз жеткізіп келеміз.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көктемнің алғашқы айының басында халыққа бес әлеуметтік бастамасын жариялауы аса мәнді болды. Наурыз – қазақ халқы мен басқа да ұлыстардың ертеден келе жатқан қасиетті және заманауи дәстүрлері жаңғыратын ерекше ай.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Елбасы Үндеуі солтүстікқазақстандықтар тарапынан зор қолдау тауып отыр
Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі солтүстікқазақстандықтар тарапынан да зор қолдау тауып отыр.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Гаухар Алдамбергенова: Әлеуметтің әлеуетін арттырады
Бүгінде әлемде үлкен өзгерістер орын алуда. Жаңалығы желмен жарысқан жаһан жаңа тарихи кезеңнің табалдырығында тұр. Осыған сәйкес біз де өз сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға сіңісті болып қалған таптаурын қағидалар мен ұстанымдардан арылмасақ, дамыған елдердің легіне ілесе алмай қалуымыз мүмкін. Бұл турасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында кеңінен талдап, жұртшылыққа жете түсіндірген болатын.
Президент • 21 Наурыз, 2018
Александр Квасьневский: Бес әлеуметтік бастама - заман талабына лайықты жауап
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы 2008 жылдан бастау алған экономикалық дағдарыстан туындаған құрылымдық мәселелерге берілген лайықты жауап болып табылады. Нақтылай айтқанда, бұл бастамалар халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, табыстың теңсіздігінің өсуін тоқтатуға, көші-қон және жұмыссыздық мәселелерін оңтайландыруға өзіндік жағымды әсерін тигізеді.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Серікбай қажы Ораз: Наурыз – ізгілік пен игіліктің мерекесі
Шуақты көктемнің келгенін білдіретін наурыз – халқымыз үшін мерекелі һәм берекелі ай. Елімізде тұратын барша ұлт өкілдері 1 наурызды алғыс айтудан бастайды.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2018
Ембілік мұнайшылар Наурыз тойын тойлады
Ембілік мұнайшылар жыл сайын Наурыз тойын айрықша салтанатпен атап өтеді. Биылғы мереке Мақат ауданындағы «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Ботақан кен орнында тойланды. Ақшаңқан киіз үйлер, төгілген күй мен шырқалған ән ен даладағы кен алаңын нағыз думанға толтырды.