Соңғы жаңалықтар
Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды
Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай Қазақ спорт және туризм академиясында журналистермен кездескен академия президенті, профессор Қайрат Закирьянов өзінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді
Қарағандыда облыстық мәслихаттың кезекті ХХ сессиясы өтіп, онда аймақтың 2019 жылғы бюджеті 220 млрд теңге көлемінде жоспарланды. Бұл соманың үштен бір бөлігі әлеуметтік салаға арналған.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті
Облыс орталығындағы «Шаңырақ» концерттік залында «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан» патриоттық әндер фестиваліне облыстық жастар этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды
Алматы қалалық сотының 50 жылдығы, «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС-нің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шытырман оқиғалы шығармалар байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
Атырауда жолсеріктерге жат ағымдар туралы айтылды
Діни сауаттың болмауы соқыр сенім жетегінде жат ағымға еруге әкеледі. Дәстүрлі емес діни ағымның зардабын көргендер қатары Атырауда азайып келеді, дегенмен әлі де бар. Бұл ретте отбасылық құндылықтарды насихаттап, теріс діни ағымдардан сақтандырудың маңызы зор. «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ «Атырау магистральдық желі бөлімшесіне» қарасты уақытша жолсерік тұрағының қызметкерлеріне ұйымдастырылған кеңейтілген дәрістің мақсаты осы болды.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
«Алаш әдебиеттануы» атты кітабының тұсаукесері өтті
Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісімақованың «Алаш әдебиеттануы» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018
Елордалықтар медициналық сақтандыру қорына 15 млрд теңгеден астам жарна аударды
Медициналық сақтандыру – медициналық қызмет сапасының және оның қолжетімділігінің кепілі. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу халықтың медициналық қызметке деген күннен күнге өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандырады деп күтілуде.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалығы таныстырылды
«Тұран» университетінде Қазақстандағы әр түрлі қоғамдық құбылыстар мен оқиғалардың қалыптасу көздерін, рекордтарды, қазақстадықтардың жеткен жетістіктерін мәңгі есте сақтау мақсатында жазылған алғашқы кітап – «ҚАЭА – 2014-2018» ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалығының тұсаукесері өтті.
Белгілі паралимпиадашы Серік Есматовқа көмек көрсетілді
Бүгін «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен Астана қаласындағы қоғамдық бірлестіктер, дипломатиялық өкілдіктер мүшелері кездесті. Кездесу барысында қонақтар Серік Есматовқа жаңа арба, ноутбук және спорттық костюмдер табыс етті.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018
Google Қазақстанда 2018 жылы ең көп ізделген сұрауларды жариялады
Бүгін Google Қазақстан биыл ең көп қойылған сұраулардың қорытындысын жариялады.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
Өнер академиясында «Өнер» бағытының мәжілісі өтті
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстандағы «Өнер» бағыты бойынша ЖОО өкілдерінің қатысуымен республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңесі өтті.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
Алматыда «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы, ел мәртебесі» конференция өтті
Тәуелсіздік күні қарсаңында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Жастар саясаты басқармасы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» мен «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедраларының бастамасымен «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы, ел мәртебесі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018
Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің ресми түрде басталуымен құттықтап, бүгінгі салтанатты рәсімнің Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуінің символдық мәніне тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Футбол • 12 Желтоқсан, 2018
Қазақстанның футболшылары 6-топта өнер көрсетеді
Футболдан 2021 жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы 6-шы топта өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Испания. Израиль, Черногория, Македония және Фарер аралдары.
Сабина Бақатова Минскіде күміс медаль алды
Беларусь ел елінің астанасы – Минскіде көркем гимнастикадан Марина Лобачтің жүлдесі үшін XVI халықаралық турнир өтті.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері марапатталды
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018
Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді
Маңғыстауда 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші – 84%-тен 97%-ке артты. Келесі жылы бұл көрсеткішті 100%-ке жеткізу негізгі мақсат.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
Ақтауда «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі және «Адалдық дүкені» ашылды
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов, университет ректоры Берік Ахметов, мемлекеттік қызметшілер, оқытушылар мен студенттер қатысты. «Sanaly urpaq» - білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің қысқаруына, болашақ ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-өрісті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жоба.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2018
Time журналы Жамаль Хашогги мен журналистерді «Жыл адамы» деп таныды
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытындағы күре жол пайдалануға берілді
Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен болған жалпыұлттық телекөпір барысында Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытындағы күре жол толық пайдалануға берілді.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
«Қамқоршысы жоқ қарт адамдарға көмек беру» акциясы ұйымдастырылды
Жақында Аягөз қаласында «Қамқоршысы жоқ қарт адамдарға көмек беру» акциясы ұйымдастырылды.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018
Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толды
Бүгін - қазақ-қырғыздың ортақ халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Шыңғыс Айтматовтың туған күні.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2018
Франциядағы теракт кезінде 4 адам мерт болды
Францияның Страсбург қаласының орталығы Клебер алаңындағы Орфевр көшесінде ұйымдастырылған рождестволық жәрмеңкеге жақын маңда болған атыста 4 адам қаза болды және 12 адам жарақат алған. Аталған жәрмеңкеге жыл сайын әлемнің әр түкпірінен мыңдаған адам келеді. Қаланың мэрі Ролан Рис тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырды, деп хабарлайды euronews.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2018
«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті
Биыл Айя мен Бота Қырғызбаевалардың жолы болып тұр. Сән әлеміне құлағы түрік көпшілік біледі, үстіміздегі жылы олар жас дизайнерлердің «New Generation. Open Way – 2018» байқауында жеңіске жетіп, тамаша киім үлгілерімен жарқ етіп көрінген еді. Қазан айында Алматыда өткен Сән апталығында қос бойжеткенге «Botaya» атты тырнақалды коллекциясы жеңіс әкелген-ді.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді
Бүгін Астана қаласының «Жастар» сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Үлгілік-көрсетімді оркестрі мен Ән-би ансамблі еліміздің Тәуелсіздік күніне орай «Туған жерім - тұғырым» атты мерекелік концерт өткізді. Аталмыш шара Астана қаласы Байқоңыр әкімдігінің қолдауымен бірлесе өткен болатын. Салтанатты жағдайда залға Байқоңыр ауданының тұрғындары, мектеп оқушылары, мекеме басшылары, әскер ардагерлері жиналды, деп хабарлайды Ұлттық ұланың баспасөз қызметі.
Өнер • 12 Желтоқсан, 2018
Алексей Уткиннің жеке көрмесі көрерменге жол тартты
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде белгілі суретші Алексей Уткиннің «Мен осындай әр қилымын» атты жеке көрмесі көрерменге жол тартты. Экспозицияға суретшінің 150-ге тарта кескіндеме, графика, авторлық портреттік туындылары қойылған.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018
Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді
Атауы өзгерген көшелердің ішінде бұрынғы Кутузов пен Ленин көшелері де бар. Еліміздегі ономастика комиссиясының шешімімен Ленин көшесі Астана, Кутузов көшесі Тәуелсіздік даңғылы деп өзгертілді.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018
Атырауда ұн тартатын диірмен іске қосылды
11 желтоқсанда Индустрияландыру күні аясында өткен телекөпірде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұн тартатын диірмен іске қосылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Білім • 12 Желтоқсан, 2018
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады
Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен білім саласының инфрақұрылымын дамытуға зор көңіл бөлініп келеді. Биылдың өзінде алып шаһар Алматыда білім нысандары құрылысы мен күрделі жөндеуден өткізуге 17 млрд теңгеден артық қаржы бөлінген. Тәуелсіздік жылдарынан бері қалада 117 оқу ордасы бой көтерсе, соңғы бес жылда саланы қаржыландыру 37%-ға өскен.
Әдебиет • 12 Желтоқсан, 2018
Қостанайда Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы аталып өтті
І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында ақын Ғафу Қайырбековті еске алу кеші өтті. Кеш ақынның 90 жылдық мерейтойына орайластырылды. Жиналғандарға алдымен ақын туралы деректі фильм көрсетілді. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов Ғафу Қайырбековтің туғанына 90 жыл толуына байланысты шаралар оның туған жерінде кеңінен өткенін атап айтты.