Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 27 Тамыз, 2018
Қызылордадағы емдеу ұйымдарына 21 млрд 535 млн теңге аударылды
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсеткен емдеу ұйымдарына 21 млрд 535 млн теңге аударды.
Спорт • 27 Тамыз, 2018
Футзалшыларымыз тұңғыш рет жүлде алды
Футзалдан Алматыда өткен студенттер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы күміс медальді иеленгені белгілі. Ақтық сында Ресейден 2:4 есебімен ұтылған біздің жігіттер өз тарихында тұңғыш рет жеңіс тұғырына көтерілді.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2018
Қызылорда жұмыспен қамтуда аймақтар арасында бірінші орынға шықты
Қызылорда облысында толыққанды жұмыспен қамтылмаған және жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына қажетті мамандықтарға оқыту арқылы жұмыссыздар қатарын азайып келеді.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Айдос Сарым Қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болды
Танымал саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Айдос Сарым ҚР Қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Бағдарламалар • 27 Тамыз, 2018
Қызылордада тарихи-мәдени мұралар түгенделуде
Қызылорда облысында ескерткіштердің интерактивті картасы әзірленіп жатыр. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлімдеді.
Әлем • 27 Тамыз, 2018
Францияда 4,5 мың мемлекеттік қызметші жұмыстан қысқартылады
Тарих • 27 Тамыз, 2018
Домбыраның көп тараған түрі ертеде қозықұйрық деп аталған. Мұндай домбыраны, әсіресе Батыс Қазақстан өңіріндегі әнші-жыршылар тұтынған. Қозықұйрық – тұтас ағаштан шабылады, оның бір атауы – омырылмалы екіге бөлінеді, қоржынға салып алып жүруге ыңғайлы, сағасы бұрандалы әдіспен бекітіледі. Бұл домбыралардың тарихы сонау «Аттың жалы, атанның қомы» деп аталатын көшпелі дәуірлермен тығыз байланысты.
Әдебиет • 27 Тамыз, 2018
Ауыр атлетика • 27 Тамыз, 2018
Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінде 28 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында жеке-командалық жарыс бойынша ел чемпионаты өтеді.
Жеңіл атлетика • 27 Тамыз, 2018
Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Чехияның Нове-Месте қаласында өткен жазғы биатлоннан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Жеңіл атлетика • 27 Тамыз, 2018
Луценко болмаса, қайтер едік?!
Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындары да бел ортасына жетті. Қазірше Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша жалпыкомандалық есепте 11-орында келеді.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
«Атамекен» халықаралық ән фестивалі өтті
Орал қаласында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың Х халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтті.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Студенттерге арналған жатақханалар аяқталуға жақын
Алматы қаласындағы қарқынмен жүріп жатқан құрылыстардың бір бөлігін студенттердің тұрғын-жайлары қамтиды. Бүгінде жоғары оқу орындарының басым көпшілігі шоғырланған оңтүстік астанада 22 мыңдай студент жатақханаға мұқтаж.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Жайылған малдың еті дәмді де құнарлы – дейді зоотехник-маман Түгел Мәнбетжан
Ата-бабаларымыз төрт түлік малды кең далада жайып баққаны белгілі. Бүгінде ірі қара малды арнайы мал бордақылау кешенінде өсіру бағытына басымдық беріліп, оны жайылымда бағу ұмытылып бара жатқан жоқ па? «Егеменге» елден келген азамат, зоотехник Түгел Мәнбетжанды осы мәселе мазалайды екен.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Экология мен адам өмірі айрықша бақылауда
Ғарыш саласының мамандары 2002 жылдан бері қарай Байқоңырдағы бірнеше ғарыштық алаңдардан ұшқан 158 зымыран-тасығыштың Қазақстанның үстінен өту барысын жіті бақылауда ұстап келеді. Ұшу барысында жанармай шамасына қарай жанып таусылған немесе шала жанып шашылған ауыр техниканың бірінші сатысы құлайтын 18 ауданға мамандар уақыт өткізбей аттанады, барлық мәліметті тіркейді. Бұл аумақта тұрып жатқан халықтың денсаулығына Байқоңырдағы әрбір ғарыштық ұшудың қаншалықты әсер ететіндігі туралы деректер қажетінше жинақталған, құжаттар қатталған.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Атом энергетикасы – ғаламдық энергетика жүйесінің маңызды саласының бірі. Бұдан ондаған жылдар бұрын пайда болған АЭС электр энергиясы өндірісіне айтарлықтай үлес қосып, саланы алға жылжытқаны анық. Бүгінде АЭС-терде өндірілетін электр энергиясының көлемі әлемдегі барлық өндірілген энергияның 17 процентін құрайды. Бұл АЭС қызметінің зор маңызы бар екенін ұқтырады.
«Ақылды қоғам» құрылар ма екен?
Бұрын «ақылды» деген сөз адамға ғана қатысты айтылушы еді. Сонан кейін кейбір жағдайларда адамның серігі саналатын жылқы мен итке қатысты «ақылды жануар», «есті хайуан» түрінде аздап қолданылып қалатын. Ал енді қазір қарасаңыз, жылдан-жылға қарқын ала түскен жаңа технологиялардың дүмпуі нәтижесінде «ақылдылар» қатары көбейіп келе жатқандай. Мәселен, әлемде «ақылды фермалар» пайда бола бастады. Бұл үдерістің соңы «ақылды ауыл шаруашылығын» құруға алып келмек. Сарапшылардың пікірінше, «ақылды фермалар» құрамына кіретін жан-жануарлар да болашақты ақылды бола түсуге тиіс. Өйткені тірі жануарлар құлағына орнатылатын чип арқылы басқарылып, бірте-бірте технологиялық жүйе ішінде тіршілік ету тәртібін қабылдайтын болады.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Конституция деген сөздің өзі латын тіліндегі constitutio деген сөзден алынып, ол аударғанда «құрылым», «құрастыру», «орнату» деген мағынаны білдіреді екен. Елдің негізгі заңын осылай атау – бұл оның мемлекет құрудағы негізгі өзек екенін білдірсе керек. Біздің түсінігімізде Конституция заң күші бар айрықша құқықтық құжат. Ол мемлекеттің саяси, құқықтық, әлеуметтік және экономикалық жүйелерінің негізін қалайды.
Ұлттық спорт • 27 Тамыз, 2018
ШҚО Көкпекті ауданында «Жігіт сұлтаны-2018» байқауы өтті
Шығыстың білекті де жүректі, өнерлі де білімді жігіттері Толағай тауы баурайындағы Көкпекті ауданында бас қосты. Аудан әкімдігі мен облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған «Жігіт сұлтаны-2018» байқауында өңірдің әр аймағынан келген, әр салада еңбек ететін 12 жігіт бар өнерлерін паш етті.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Вячеслав Смирнов бейнелеу өнерімен көптен бері айналысып келеді. Осы аралықта бірнеше жеке көрмесін өткізіпті. Бұл жолғы көрмесін «Туған жерге арнаймын» деген атаумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырды.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Мерейтойдан бас тартып, мектеп салдырды
Дүние жүрісінен жарты қадамға да жаңылмай асқан дәлдікпен үздіксіз дамып келе жатқан болса, бұл заңдылықтың өзгермеуін ең алдымен жақсы адамдардың озық ойы, ізгі ісі, қайырымды қадамы қамтамасыз етіп тұрған болуы керек. Әлемдегі бағасы өлшеусіз құндылықтың бірі – қайырымдылық. Қайтарымсыз жақсылық жасай білу – нағыз махаббаттың көрінісі. Құдайды сүюің, жақыныңды жақсы көруің, туған жеріңе тағзымың жомарт жүректі жарып шыққан ірілі-ұсақты ізгі істерден көрінеді. Жаңа оқу жылының қарсаңында, құрбан айттың алғашқы күні Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаевтың өзі туған Бәйдібек ауылына мектеп тарту еткенін естігенде, ел игілігі үшін жасалған істі перзенттік парыз-қарызбен емес, ең бірінші, нақ осы ағайынына, ауылдастарына, жалпы туған жеріне сүйіспеншілігімен байланыстыра қарағымыз келгені рас.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Биыл әлемге әйгілі Берел қорғандарында қазба жұмыстарының басталғанына 20 және «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрылғанына 10 жыл толып отыр. Өткен ғасырдың аяғында Берел қорғандарынан табылған археологиялық ескерткіштер үлкен жаңалық, айтулы ғылыми табыс ретінде бағаланғаны белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2004 жылы қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы негізінде 2008 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №674 Қаулысымен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» құрылған болатын.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Терроризмге қарсы тиімді ұсыныс
Орталық Азия елдеріне Ауғанстаннан төнетін террористік қауіп-қатерлер ұлғаюы осы елге Сирия және Ирактан шетелдік террористердің қоныс аударуымен байланысты. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Владимир Воронков БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Террористік актілерден халықаралық бейбітшілікке төндіретін қауіптер» атты отырысында өз сөзінде атап өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы
Әлем • 27 Тамыз, 2018
Арал тағдырына арналған маңызды саммит
Түрікменстанның Түрікменбашы қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері – Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан президенттерінің Халықаралық Аралды құтқару қорының жұмысына байланысты басқосуы әлемдік ақпарат құралдарының назарын өзіне аударды. Осы маңызды оқиғаға орай төменде бірқатар халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Орталық Азияның бес мемлекеті басшыларының қатысуымен ұйымдастырылған маңызды шараға қатысты пікірлерді ұсынып отырмыз.
Әлем • 27 Тамыз, 2018
Бокс • 27 Тамыз, 2018
«Канело» мен GGG айқас алдында ашық жаттығу өткізеді
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес рематчтың алдында журналистер мен жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Партия қолдауымен 277 ІТ-сынып ашылады
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев арнайы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келіп, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының және жаңа партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Астанада алғаш рет ТМД бойынша «Seedstars» стартап-инкубаторы ашылады
1 желтоқсан күні Астана қаласының әкімдігі «BI-group»-пен бірлесіп, кәсібін енді бастағалы жатқан кәсіпкерлер үшін ТМД көлемінде «Seedstars» халықаралық компаниясы басқарып отырған халықаралық технологиялық стартап-инкубатор ашылады. Орталық ЭКСПО маңындағы «Hilton Astana» отелінде орналасқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Талғат Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты.