Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2017
Қайрат Баекенов «Астана» командасына арнап ән жазды
Танымал композитор Қайрат Баекенов «Астана» футбол клубына тарту жасады.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2017
ШҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының күні өтті
«Барлығы жастар үшін» деген ұранмен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Өскемен қаласында болды.
Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2017
«100 жаңа есім» жобасына үміткерлер туралы деректі фильмдер циклі түсірілуде
Астанада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша жұмыс және сарапшылар тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Дархан Мыңбай және жоба ұйымдастырушылары, қоғам белсенділері қатысты.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2017
ОҚО-да мектеп медицинасын жетілдіру қолға алынды
Елімізде алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен дұрыс әрі тиімді тамақтанудың маңыздылығын оқушыларға түсіндіру мақсатында мектептерде денсаулық бұрыштарын жасау қолға алынды. Аталған шараның алғашқы үлгісі Шымкент қаласындағы №45 мектеп-гимназиясында өткен баспасөз көнференциясында таныстырылды.
Бокс • 29 Қыркүйек, 2017
Головкин мен Альварес барлық допинг-сынамадан таза шықты
Ерікті антидопингтік агенттіктен (VADA) алынған Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ақпаратына сәйкес, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес 16 қыркүйектегі айқасқа дейін және айқастан кейін допинг-сынамадан сәтті өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2017
Атырауда халықаралық ақындар айтысы өтіп жатыр
Кеше Атырауда “Қайта жаңғырған Қазақстан” атты ақындар айтысы басталды, – деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі. Сайысқа тек қазақстандық сөз шеберлері емес, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерін келген 20 өнерпаз түсіп жатыр.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2017
Нұрлан Ноғаевқа “БҚО-ның құрметті азаматы” атағы берілді
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді.
Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2017
Құсайын Игембаев: Бұрын 2 айда қаралатын істер қазір 10 күн ішінде аяқталып жатыр
Елбасы «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары бағдарламасында заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін бірқатар ұсыныстарын айтқан-ды. Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында Президент Әкімшілігі қылмыстық процесті модернизациялаудың ауқымды жобасының жүзеге асырылуына бастамашылық танытқан болатын. Маңызы зор бастама өңірлерде қалайша іске асырылып жатыр? Нендей жұмыстар қолға алынды? Осы және өзге сауалдар төңірегінде Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Құсайын Игембаевпен әңгімелескен болатынбыз.
Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2017
Жаңғыру үрдісі қоғамда кең қолдау тапты
Осы жылдың беташар айының соңында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміз халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы қоғам өміріндегі маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, онда тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан басталып, одан беріде қабылданған таяудағы бағдарды белгілеген стратегиялық бағдарламаларға да байыпты баға берілген.
Жазғы спорт • 29 Қыркүйек, 2017
Винокуров: «Алматы турында» «Astana Pro Team» командасының екі капитаны болады
«Алматы туры – 2017» веложарысында «Astana Pro Team» командасының екі капитаны болады. Олар Алексей Луценко мен Якоб Фульсанг. Бұл туралы қазақстандық команданың бас менеджері Александр Винокуров айтты, деп хабарлады vesti.kz. Мұнымен қатар, Олимпиада чемпионы лидерлердің дайындық күйін және мәресі Медеуде орналасқан кезеңнің кімге сай келетінін айтып берді.
Медицина • 29 Қыркүйек, 2017
Әлем бойынша әл бермей келе жатқан аурудың екі түрі бар. Оның біріншісі – қатерлі ісік болса, екіншісі – жүрек-қан тамыры аурулары.
Бизнес • 29 Қыркүйек, 2017
Электронды сауданың өрісі кеңейеді
Халал стандартына негізделген, премиум-санатқа жататын эксклюзивті өнімдерді ұсынатын Aladdin Group компаниясы Орталық Азиядағы электронды сауда-саттықты түбірімен өзгерту үшін Қазақстанда www.aladdinstreet.com.kz платформасын іске қосты.
Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2017
Сот төрелігінің тиімділігі артып келеді
Жоғарғы сот ғимаратының жанынан электронды сот төрелігін жетілдіру мен сот ісін жүргізуді жеңілдетуге бағытталған Ахуалдық орталық өз жұмысын бастады. Ал бұл жоба Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес барысында аталған ведомствоға жүктеген тапсырмалары негізінде жүзеге асырылды.
Жекпе-жек • 29 Қыркүйек, 2017
Қазақстан құрамасы дзюдодан Президент кубогына ие болды
Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан Республикасының Президенті Кубогына арналған ерлер арасындағы халықаралық турнир өтті.
Медицина • 29 Қыркүйек, 2017
Қант диабеті сырқатына душар болушылар саны жылдан жылға көбейіп, ғаламдық проблемаға айналып келеді.
Бизнес • 29 Қыркүйек, 2017
Кәсіпкерлікті қолдау нормалары толық іске аспай отыр
Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау қажеттігі жөнінде үнемі айтып отырады.
Әдебиет • 29 Қыркүйек, 2017
Алматыда Мұхтар Әуезов туралы халықаралық симпозиум өтті
Ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркемсөз мұрасының дәстүрін жете меңгеріп, әлемдік әдебиеттің озық үлгілерін көркем шығармаларында шебер кестелеген қазақ халқының ұлы жазушысы, ақыл-ой алыбы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай Алматыдағы «Ғылым ордасында» «Мұхтар Әуезов және ұлтымыздың рухани жаңғыруы» атты халықаралық симпозиум болып өтті.
Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2017
Астанада заманауи көпэтносты мемлекет туралы халықаралық форум өтті
Астанада «Заманауи көпэтносты мемлекет: ұлттық модельдер мен даму стратегиялары» атты халықаралық форум өтті.
ЭКСПО-2017 • 29 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО игілігі агроөнеркәсіп дамуына септеседі
Кеше Үкіметтің баспасөз орталығында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған инновациялық технологияларды Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені саласына қолдану тақырыбында брифинг өтті.
Медицина • 29 Қыркүйек, 2017
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Халықаралық кеңес құруды ұсынды
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Қырғызстанда болды. Министр Бішкек қаласындағы «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өткен «Қазіргі заманауи зайырлы мемлекеттегі Ислам» тақырыбында ұйымдастырылған халықаралық конференцияға қатысты.
Парламент • 29 Қыркүйек, 2017
Премьер-Министр мен оның орынбасарлары арасында міндеттер бөлінді
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрдің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Театр • 29 Қыркүйек, 2017
Абай атындағы драма театр Сұлтанәлі Балғабаев шығармасын сахналады
"Өнер дегеніміз – үнемі ізденіс және әрдайым алға жылжудан тұрады. Осыған орай Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры жыл сайын өз жетістіктерімен қуантуда", дейді Абай театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Еңлік Саматова.
Жазғы спорт • 29 Қыркүйек, 2017
«Алматы туры – 2017» велододасына 20 команда қатысады
Алматы қаласында «Алматы туры – 2017» Халықаралық кәсіпқой көпкүндік шоссе веложарысының бесінші, мерейтойлық нұсқасын өткізуге орай ресми баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2017
Дүниеде қазақ халқындай тұрмыс-тіршілігінде ерекше қастерлейтін жылқының қыр-сырына қанық, психологиясын жетік меңгерген ұлт жоқ та шығар. Жылқының құйрық-жалын тарап, ер-тұрмандарын ерекше күтіммен қарап, аялайтын қазақтың соған байланысты ырымы мен тыйымы да жетерлік.
Руханият • 29 Қыркүйек, 2017
Балалармен сөйлесе қалсам, «болашақта кім болғың келеді» деп міндетті түрде сұраймын.
Жеңіл атлетика • 29 Қыркүйек, 2017
Мына бір оқиға шетелдік басылымдарда көп жазылды және куә болған адамдар әлі күнге дейін ұмытпай айтып жүр. Соған қарағанда, шынында да адамдардың көкейінде терең қонақтаған болса керек.
Хоккей • 29 Қыркүйек, 2017
"Барыстың" жеңісінен жеңілісі көбейіп тұр
Елорданың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасында кезекті кездесуін 25 қыркүйекте Санкт-Петербургтің СКА командасына қарсы өткізіп, 1:4 есебімен есе жіберген еді.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2017
Ашғабадтағы Азия ойындары аяқталды
Сәрсенбі күні Түрікменстан астанасы Ашғабад қаласында жабық ғимараттағы және жауынгерлік өнер бойынша V Азия ойындары аяқталды.
Парламент • 29 Қыркүйек, 2017
Жуырда Парламент Сенатында палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» деген тақырыпта парламенттік тыңдау өткендігі туралы бұрын жазған болатынбыз. («ЕҚ», 25.09.2017 ж.).
Әдебиет • 29 Қыркүйек, 2017
Астанада «Ұлттың ұлы жазушысы Әуезов әлемі» атты дөңгелек үстел өтті
«Ұлттың ұлы жазушысы Әуезов әлемі» деген атпен елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада дөңгелек үстел өтті.