Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Балуандарымыз төрт алтын иеленді
Ашғабадта өтіп жатқан жабық ғимараттағы және жауынгерлік өнер бойынша V Азия ойындарының сегізінші және тоғызыншы күні Қазақстан құрамасының қоржыны сегіз алтын, төрт күміс және жеті қола медальмен толықты. Әсіресе балуандарымыз намысты қолдан бермеді. Олардың еншісінде төрт алтын, үш күміс және алты қола жүлде бар.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Астанада тоғызқұмалақшылардың әлем чемпионаты өтті
Астанада жаһанның төрт құрлығынан жиналған тоғызқұмалақшылардың қатысуымен IV әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Ақыл мен алғырлық, түйсік пен төзімділік тартысқа түскен осы дүниежүзілік дода барысында ел ішінде ғана емес, әлемде танымал бола бастаған ұлттық зияткерлік ойынымыз жайлы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменовпен әңгімелескен едік.
Әлем • 25 Қыркүйек, 2017
«Жібек жолындағы» әдеби керуен
Жуырда Қытайдың Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында «Жібек жолы» IV халықаралық мәдени фестивалі өтті. Фестиваль аясында тұңғыш рет Қазақстан мен Қытай жазушыларының симпозиумы ұйымдастырылды.
Әдебиет • 25 Қыркүйек, 2017
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Қызметтік көліктерге арнайы белгі орнатылмақ
Таяуда Қарағандыда Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл стратегиясын жүзеге асыру бойынша Арнайы мониторингтік топтың отырысы өтті. Аталған орган Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында жұмыс атқарады.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Кәсіпкерлерге «QAMQOR» қолдау көрсетеді
Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикасын арттыруда, халқымыздың тұрмыстық ахуалын жақсартуда, сөйтіп жалпы мемлекетіміздің мәртебесін көтеруде шағын және орта бизнестің рөлі зор екенін үнемі айтып келеді.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Келесі жылы Марқакөлдің жағасындағы Ұранқай ауылында жаңа мектеп бой көтереді. Бұрын Марқакөл ауданының орталығы болған Теректі (қазіргі Марқакөл) елді мекеніндегі ауылдық аурухана да күрделі жөндеуден өткізіліп, емхана ішінен 10 орындық перзентхана ашылмақ. Сегіз ай қытымыр қысы бар, облыс орталығынан тым шалғайда орналасқан, елдің шетіндегі, желдің өтіндегі, шекара түбіндегі ауыл тұрғындарына мұндай жағымды жаңалықты Марқакөл өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында өңір басшысы Даниал Ахметовтің өзі жеткізді. Ұранқай ауылындағы білім ордасы осыдан бірнеше жыл бұрын апатты деп танылған болатын. Тәрбие ошағының жағдайын көрген облыс басшысы Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаевқа 80 немесе 100 орындық мектептің құжаттарын әзірлеуді тапсырды.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2017
Баянауылдағы айтыстың бас жүлдесі Мақсат Ақановқа бұйырды
Қыркүйектің 23-і күні Павлодар облысы, Баянауыл ауданында Жұмат Шаниннің 125 жылдығына орай республикалық айтыс өтті.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Шығыста Құнанбай ескерткіші ашылды
Ұлылар мекені, Абай елі әлемге әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығын есте қаларлықтай тағылымды шаралармен атап өтті. Қаламгер мерейтойына арналған шаралардың легі Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында «Дала данышпаны – Құнанбай» атты жинақтың тұсаукесерінен бас-талды.
Қазақ баспасөзінде бір дәуірдің ұзына бойында жетекшілік күшті иеленген Шерхан Мұртаза тұлғасы бірегей тұтас, айбынды жаратылысының жұмбағы ашылмаған қалпы тартымды да
Өкпе-назды да өркениетті үлгіде білдіре білейік
Арызқойлық қазақтың өміріне отарлық кезеңінде енген кертартпа, келеңсіз көріністің бірі. Отарлаушылар халықты бір-біріне қарсы қойып, бірінің үстінен бірінің арыз-шағым жазып тұруын ынталандырып, ақырында арызқойлықты келеңсіз өмірдің кесірлі нормасына айналдырған еді.
Ғасырлар бойы кең далада көшіп-қонып ғұмыр кешкен халқымыздың алыстан хабар алғызған әйгілі феномендерінің бірі – ұзынқұлақ. Бұл бір етек-жеңі кең пішіліп далиған қазақы мінезді, тек қазаққа ғана тән үлгі-үрдіс. Бір ғана айырмашылығы – қазақ жайбасар, жайбарақат, ұзынқұлақ – жылдам.
Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын іштей арқаланып, әр қазақтың адамгершілік қалпы өзінің тарихи жадын, табиғи болмысын сақтап қалудан басталады деген таным-түйсікпен 1,5 мың шақырымдық жолды басып өтетін туған жерге қарай асығыс жиналып, тартып бердік.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Қарағанды облысының Балқаш қаласына қарасты Саяқ кентінде өзекті проблемалардың бірі – сумен қамту мәселесі. Тұрғындар жылдар бойы ауыз судың тапшылығын көріп отыр. Су тәулігіне небары бірнеше сағатқа ғана беріледі. Оған себеп, кентті сумен қамтып отырған «Тоқырау-Саяқ» су таратқышының әбден тозығы жеткен.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Атыраудың мұнай-химия кешені: бүгін және ертең
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Мұнай-газ кешендері стратегиялық маңызын сақтауы тиіс. Бұл салаларды одан әрі дамыту ісі шикізатты кешенді түрде қайта өңдеуді тереңдете түсумен берік ұштастырылуы тиіс» деп атап көрсетілген. Жолдау жүктеген міндеттер орындалып келеді. Жыл басынан бері республика бойынша 56,96 млн тонна мұнай өндірілді. Оның ішінде еліміздегі мұнай-газ өндіру мен өңдеудің барлық секторларын қамтитын бірден-бір аймақ ретінде Атырау облысының көрсеткіші жоғары. Қазір аймақта жұмыс істейтін 600-ден астам кәсіпорынның 30 пайызы шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған.
Кино • 25 Қыркүйек, 2017
Апта фильмі: «Kingsman: Алтын сақина»
Шытырман оқиғаға құрылған комедия, боевик жанрындағы «Kingsman: Алтын сақина» фильмі осы уақытта Қазақстан кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. Фильм режиссері Мэттью Вон мен Джейн Голдман бірлесіп жазған сценарий желісі «Kingsman: Құпия қызмет» (2014) фильмінің жалғасы ретінде көрініс табады.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Цифрландыруға бағдар: сөзден іске
Таяуда Астанада аталған бағдарламаға орай Мемлекет басшысының қатысуымен үлкен жиын өтті. Сонда Президент «Біз тәуелсіздік жылдары ішінде әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына қосылдық.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Атырау жұртшылығы латын әліпбиін қолдайды
Болашақ ұрпақ үшін жаңа технология тіліне айналған латын әліпбиін қолданысқа енгізудің маңызы зор. Қазақтың ұлт ретінде ұйысуына, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік өркениетке кеңірек танытуға ықпал ететін бұл қадамды Атырау жұртшылығы да қолдайды. «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері» бойынша «Латынға көшу: болашақ таңдауы» атты идеологиялық актив жиналысында өрелі ойлар айтылды.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Ғылым мен технологияның төл таңбасы
Қазақ қоғамын жаңғыртуға бастаған бірінші, екінші жаңғыру еліміздің экономикалық әлеуеті мен халқымыздың жасампаздығын әлемге паш етті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде атап көрсетілгендей экономикалық және саяси реформаны қоғамды рухани жаңғырту арқылы ғана баянды етуге болады. Сондықтан да қоғамдық сананы өзгерту – қазақстандық үшінші жаңғырудың қуатты қайнар көзі болып табылады.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Елімізде латын әліпбиіне өту шарасына орай қызу пікірталас өрбуде. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде қойған міндеттерге байланысты қазақ әліпбиіне көшудің тиімді жолдары талқыланып, ұсыныстар жинақтау қарқын алды.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Әлеуметтік сала қызметкерлерінің тұңғыш форумы өтті
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның әлеуметтік сала еңбеккерлерінің форумына қатысты. Форумның мақсаты – халықты әлеуметтік қорғау саласында жинақталған тәжірибені талдап қорыту, негізгі бағдарларды анықтау, әлеуметтік сала еңбеккерлерінің рөлі мен олардың еңбегін қайта сараптау.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Әлемдік қоғамдастық мойындаған Қазақ елі
Жаһандық мәселелерге қатысты Қазақстан саясаты төрткүл дүниенің жоғары бағасын иеленіп келеді. Күні кеше АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақстан мен Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен ризашылығын білдіргеніне куә болдық.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Америка Құрама Штаттарының бастамасы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жаппай қырып-жою қаруын таратпау және оларды жеткізу жүйелерін тарату қаупі тақырыбы бойынша министрлер деңгейінде кездесуде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон жаһандық қарусыздану мен таратпау үдерісіндегі Қазақстанның рөліне айрықша назар аударды.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Реформаларды байыпты жүргізу қажет
Парламент Сенатында «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті. Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Үкімет мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан алқалы жиында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2017
Алматыда Аграрлық саланы дамытуға арналған жиын өтті
Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Аграрлық салада кадр мен ғылымды дамыту» тақырыбында Премьер-Министрдің орынбасары Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға ғалымдар, «Атамекен» ҰКП өкілдері, республикалық аграрлық университеттердің басшылары мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.
Әлем • 25 Қыркүйек, 2017
Ангела Маркель Бундестагқа қайта сайланды
Христиан-демократиялық одағының көшбасшысы (ХДО) Ангела Маркель өзінің 15 нөмірлі сайлау округі - Мекленбург-Алдыңғы Померания федеративтік жерінде сегізінші рет қатарынан жеңіске жетті.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2017
Жамбыл облысында жылқы неден қырылды?
Өткен аптаның соңында «Жамбыл облысында жаппай мал қырылып жатыр» деген жаманат хабар тараған еді. Ақпараттың шығуына Қаратау қаласы маңындағы ауыл тұрғындарының бағымындағы 11 бас жылқының белгісіз себептен арам өлгені негіз болған.
Әлем • 24 Қыркүйек, 2017
Түркі кеңесінің бас хатшылығына Қазақстан өкілі тағайындалмақ
Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің жұмысы БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде өткен Сыртқы істер министрлерінің кеңесінің бейресми кездесуінің басты тақырыбына айналды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2017
Бесқарағайда Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жылдығы аталып өтті
Бесқарағай ауданында заманында жыр алыбы Жамбылдан бата алған, Мұхтар Әуезовтің жоғары бағасына ие болған, Иса Байзақов, Нартай Бекежанов, Төлеу Көбдіков сынды дүлдүлдермен сөз қағыстырған дауылпаз ақын Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті.