• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Азиада-2017. Сергей Малышев жартылай финалға шықты

170 рет
көрсетілді

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азиада-2017 ойындарында ерлер арасындағы шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринтте (1,4 шақырым) Сергей Малышев жартылай финалға жолдама алды. Енді ол жергілікті уақыт бойынша 12:20-да финалдық бәсеке үшін сынға түседі. Айта кетейік, бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында отандастарымыз спорттың алты түріне қатысады: керлинг, шаңғы жарыстары, шайбалы хоккей, сноуборд, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек.